Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 50 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 3996 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Сайқын ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Сайқын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі Сайқын ауылының атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:
      "№ 1У" жобалық көшесі – "Шәкір Жексенбаев" көшесі деп аталсын.
      2. Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Ж. Мухитов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сайқын ауылдық округі әкімі Б. Насиммулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады