Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Қамысты ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 4161 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қамысты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қамысты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің Қамысты ауылындағы атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:
      "№ 1" жобалық көшесі – "Е. Ниетқалиев" көшесі.
      2. Қамысты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Хайрушева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қамысты ауылдық округі әкімі А. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады