Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Тасқала ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 59 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамызда № 3965 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Тасқала ауыл халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Тасқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Тасқала ауылының кейбір көше атаулары:
      "А. Суворов" көшесі – "Қ. Мұңайтпасов" көшесі;
      "В. Чапаев" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "В. Комаров" көшесі – "Т. Жароков" көшесі;
      "В. Маяковский" көшесі – "Д. Нұрпейісова" көшесі;
      "Карбышев" көшесі – "Жәнібек хан" көшесі;
      "Кутяков" көшесі – "Досмамбет жырау" көшесі;
      "Л. Толстой" көшесі – "Әбілхайыр хан" көшесі;
      "М. Горький" көшесі – "Қ. Аманжолов" көшесі;
      "М. Лермонтов" көшесі – "Х. Доспанова" көшесі;
      "Н. Гоголь" көшесі – "Ш. Қалдаяқов" көшесі;
      "Павлов" көшесі – "Керей хан" көшесі;
      "М. Ломоносов" көшесі – "Игілік" көшесі;
      "Молодежная" көшесі – "Қ. Рысқұлбеков" көшесі;
      "Вокзальная" көшесі – "Ақжол" көшесі;
      "Железнодорожная" көшесі – "Н. Тілендиев" көшесі;
      "Каменная" көшесі – "Сарыарқа" көшесі;
      "Колхозная" көшесі – "Береке" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі – "М. Мерәліұлы" көшесі;
      "Красноармейская" көшесі – "Азаттық" көшесі;
      "Ломанная" көшесі – "Сулысай" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Жағалау" көшесі;
      "Первомайская" көшесі – "Халықтар Достығы" көшесі;
      "Садовая" көшесі – "Саябақ" көшесі;
      "Стадионная" көшесі – "Б. Саттарханов" көшесі;
      "Чижинская" көшесі – "Шежін" көшесі;
      "Шиновская" көшесі – "Нұрсұңқар" көшесі;
      "Деркульная" көшесі – "Деркөл" көшесі;
      "Зимовка" көшесі – "Кеңөріс" көшесі;
      "Подстанция" көшесі – "Айқын" көшесі;
      "Ветсанция" көшесі – "Құлагер" көшесі;
      "Мир" көшесі – "Н. Мусин" көшесін;
      "Ордженикидзе" көшесі – "С. Кенжин" көшесі;
      "Заречная" көшесі – "Ғ. Иржанов" көшесі;
      "Мостовая" көшесі – "А. Нечаева" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж. Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Өтегенге жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тасқала ауылдық округінің әкімі С. Утемисова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады