2015 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 101 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3883 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 05.04.2016 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2015 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 84 "2014 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3497 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуіріндегі "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. М. Тулегенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Б. Нурмаганбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Cериккалиев

  2015 жылғы 26 наурыздағы № 101
Теректі ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік
шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2015 жылға
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

  №  

Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық арпа

25 сәуір

5 мамыр

2

Жаздық бидай

15 мамыр

25 мамыр

3

Тары

20 мамыр

25 мамыр

4

Сұлы

25 сәуір

5 мамыр

5

Күнбағыс

5 мамыр

10 мамыр

6

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады