Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 26.03.2015 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2014 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Теректі ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. С. Бралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Сериккалиев
2014 жылғы 26 наурыздағы № 84
Теректі ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы
міндетті сақтандыруға жататын
өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
бойынша аудан аумағында 2014 жылға егіс
жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдері
№ |
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері |
Оңтайлы мерзімдері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1 |
Арпа, сұлы |
25 сәуір |
5 мамыр |
2 |
Жаздық бидай |
15 мамыр |
25 мамыр |
3 |
Тары |
20 мамыр |
25 мамыр |
4 |
Ноқат |
5 мамыр |
10 мамыр |
5 |
Күнбағыс |
5 мамыр |
10 мамыр |
6 |
Күздік қара бидай |
5 тамыз |
20 тамыз |
7 |
Күздік бидай |
15 тамыз |
10 қыркүйек |