Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінің Абай, Талпын, Сүттігенді, Санаторий Ақжайық, Подхоз ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 33 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 3977 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Абай, Талпын, Сүттігенді, Санаторий Ақжайық, Подхоз ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінің Абай, Талпын, Сүттігенді, Санаторий Ақжайық, Подхоз ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      1) Абай ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "№ 1К" – "Әбдірахман Әйтиев" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 2К" – "Хиуаз Доспанова" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 3К" – "Жұбан Молдағалиев" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 4К" – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 5К" – "Ораз Исаев" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 6К" – "Дінмұхаммед Қонаев" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 7К" – "Абай Құнанбаев" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 8К" – "Дина Нұрпейісова" көшесі;
      2) Талпын ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "№ 1К" – "Исатай Тайманұлы" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 2К" – "Махамбет Өтемісұлы" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 3К" – "Сырым Датұлы" көшесі;
      3) Сүттігенді ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "№ 1К" – "Тайыр Жароков" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 2К" – "Дәулеткерей Шығайұлы" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 3К" – "Сейітқали Мендешов" көшесі;
      4) Санаторий Ақжайық ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "№ 1К" – "Ғарифолла Құрманғалиев" көшесі;
      жобалық көшесі "№ 2К" – "Николай Майданов" көшесі;
      5) Подхоз ауылы бойынша:
      жобалық көшесі "№ 1К" – "Қадір Мырза Әлі" көшесі.
      2. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Туркеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Туркеевке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақжайық ауылдық округі әкімі М. Г. Дуйсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады