Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі Магистральный, Әйтиев ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 14 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қазанда № 4128 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Магистральный, Әйтиев ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің Магистральный, Әйтиев ауылдарының кейбір көшелері:
      1) Магистральный ауылы бойынша:
      "Привокзальная" көшесі – "Ш. Қалдаяқов" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Жайлау" көшесі;
      "Железнодорожная" көшесі – "Жайық" көшесі;
      2) Әйтиев ауылы бойынша:
      "Школьная" көшесі – "М. Мақатаев" көшесі;
      "Фурманов" көшесі – "Қ. Қайсенов" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Ақжайық" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы (М. Саматова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Л. Искалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады