Теректі ауданы Шаған ауылдық округінің Бекей, Социализм ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 4009 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бекей, Социализм ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Шаған ауылдық округінің Бекей, Социализм ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Бекей ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Айша Бибі" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Сайрам" көшесі;
      2) Социализм ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Ақ жол" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Әділет" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Керемет" көшесі.
      2. Шаған ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы (К. Абельдиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шаған ауылдық округінің әкімі Б. С. Тлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады