Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Жайық, Донецк және Қабылтөбе ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 17 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 3998 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жайық, Донецк және Қабылтөбе ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Федоровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Жайық, Донецк және Қабылтөбе ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Федоровка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н. Бисенгалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Федоровка ауылдық округінің әкімі М. Энгелов

  Федоровка ауылдық
округі әкімінің
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 17 шешіміне қосымша

Теректі ауданы Федоровка ауылдық округінің Жайық, Донецк және
Қабылтөбе ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары

      1. Жайық ауылы бойынша:
      "1 К" жобалық көшесі – "Мейрам" көшесі;
      "2 К" жобалық көшесі – "Шабыт" көшесі;
      "3 К" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "4 К" жобалық көшесі – "Желтоқсан" көшесі;
      "5 К" жобалық көшесі – "Шапағат" көшесі;
      "6 К" жобалық көшесі – "Атамекен" көшесі;
      "7 К" жобалық көшесі – "Көкжиек" көшесі.
      2. Донецк ауылы бойынша:
      "1 К" жобалық көшесі – "Достық" көшесі;
      "2 К" жобалық көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "3 К" жобалық көшесі – "Береке" көшесі;
      "4 К" жобалық көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "5 К" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі.
      3. Қабылтөбе ауылы бойынша:
      "1 К" жобалық көшесі – "Береке" көшесі;
      "2 К" жобалық көшесі – "Атамекен" көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады