"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13026 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жылжымалы мүлік кепіліне тіркеу жүргізу рәсімін нақтылайды. Нұсқаулық заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолдануына жатады.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Мемлекеттік корпорацияның кепіл туралы шартта немесе кепіл талабын (кепілді тіркеу туралы өтінішті) қамтитын өзге де шартта қамтылған мәліметтерді жылжымалы мүлік тізіліміне енгізу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті беру бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға қатысушылардың жиынтық іс-әрекеттерін білдіретін жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі және Мемлекеттік корпорацияның осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасайтын іс-әрекеттері;

      2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;

      3) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) – Мемлекеттік корпорация жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;

      4) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      5) өтiнiш берушi – Мемлекеттік корпорацияға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшті беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi болып табылады;

      2. Осы Нұсқаулықтың күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ тіркелуін заңнамалық актілерге сәйкес басқа да органдар жүзеге асыратын немесе өзгеше тәртіппен тіркелетін жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеуге қолданылмайды.

2. Тіркеу объектілері мен орны

      3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:

      1) кепіл туралы шартты немесе кепіл туралы талаптар қамтылған өзге де шартты тараптарының бірінің талап етуі бойынша;

      2) егер кепіл туралы талаптар немесе кепіл туралы талап қамтылған өзге де шартты кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркеледі.

      Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу:

      1) егер кепiл берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша;

      2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылса, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

3. Тіркеуі тәсілі және негізі

      4. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне (оның ішінде компьютерлік базаға) кепіліді тіркеу туралы өтініштен алынған деректерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттарымен қоса берілген жазбаша өтініш жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуге негіз болады.

4. Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесі, олардың мазмұны
және оларға қойылатын талаптар

      6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін өтініш беруші жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады және Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келетін кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге де шарт екі данада;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттар, ал адамның өкілі үшін - оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар;

      4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алымды төлегенін растайтын құжат ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы).

      Мүлік қайта кепілге қойылған жағдайда – алдындағы кепіл ұстаушылардың олардың хабардар екендігі және жылжымалы мүлікті қайта кепілге қоюға қарсы еместегі туралы хаттары, сондай-ақ төлем тапсырмасының түбіртегі немесе көшірмесі болуға тиіс.

      7. Кепіл бойынша құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуын тіркеу, оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір уақытта беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

      8. Өтінішті өтініш беруші жеке өзі немесе өкілі арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.

      9. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде Мемлекеттік корпорацияда қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызып тасталған сөздер және өзге де ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

5. Тіркеу рәсімі мен мерзімдері

      10. Қаждалардын 6-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданғаннан кейін өтініш берушіге осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда күні, уақыты (сағаты, минуты) және тізбесі мен нөмері көрсетілген құжаттарды алғанғанын растайтын қолхат береді.

      11 Мемлекеттік корпорация қажетті құжаттарды алғаннан кейін:

      1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтінішті осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды есепке алу кітабына енгізеді және оларға нөмір береді;

      2) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркеліміне (оның ішінде компьютерлік деректер базасына) кепілді тіркеу туралы өтініштен деректер енгізеді. Тізілімдік нөмір тіркеу жылына және қабылданған өтініштің нөміріне сәйкес келеді және бөлшек арқылы жазылады;

      3) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің жүргізілгенін осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысанда кепіл шартына міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жургізілгенін куәландыру туралы мөртабан қою арқылы куәландырады;

      4) өтініш берушіге тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары қамтылған шарттың түпнұсқасын қайтарады және осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті береді.

      12. Жылжымалы мүлік кепілі екі жұмыс күні ішінде тіркелуге тиіс.

      13. Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлік кепілі туралы шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.

      14. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінің "айрықша белгілер" бағанында, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікте қосымша жазба енгізу арқылы жүргізіледі.

6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер
арқылы электрондық тіркеу тәртібі

      15. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шарт жасасқан кезде, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен жылжымалы мүлік кепілі жөніндегі ақпараттық жүйеге жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті жібереді.

      Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қоса берілген құжаттарымен бірге өтінішті алғаннан кейін және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға "электрондық үкіметтің" веб-порталына Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 8, 9-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      16. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат жылжымалы мүлік кепілі жөніндегі ақпараттық жүйелерде және екінші деңгейдегі банктерде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

7. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тарту

      17. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) Кепіл шарты мазмұнының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) өтініштердің осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес келмеуі;

      3) осы Нұсқаулықтың 6-тармағында белгіленген құжаттар топтамасының толық болмауы.

      18. Бас тартылған жағдайда Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасап, дәлелді бас тартуды жібереді.

8. Тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді, толықтыруды және
тоқтатуды тіркеу тәртібі

      19. Кепілді тіркеу екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру арқылы жүргізіледі.

      Кепіл бойынша құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуы тіркелген жағдайларда, оның ішінде бір уақытта активтер мен міндеттемелерді беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде өтінішке екі данада жасалған, өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы қол қойылған шарт ұсынылады (оның ішінде меншік құқығының басқаға ауысуы туралы шарт не құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуы туралы шарт) табыстау актісі немесе оның үзінді көшірмесі (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі), ол Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі қойылып, өтініш берушіге қайтарылады.

      20. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа өңірлерінен келген заңды тұлға қайта тіркелген жағдайда, сондай-ақ жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, өтініш беруші тіркеу белгісі бар бастапқы кепіл туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

      21. Кепіл туралы шарттың қолданылуы аяқталған кезде тіркеу кепіл ұстаушының жазбаша өтінішті және негізгі міндеттеменің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі жазбаны жою арқылы, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті қайтару арқылы жүргізіледі Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған жағдайда, жазбаны жою оларды хабардар еткендігі туралы құжатты ұсыну арқылы жүргізіледі.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
1-қосымша

      нысан

      _____________________________________________________________________

      органның атауы

      № ____ өтініш

      Кепіл беруші

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні

      және жылы;___________________________________________________________

      Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      (бұдан әрі – БСН) ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №________

      берілді __________________________________ берілген күні ____________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________

      _________________________________________________ атынан әрекет етеді

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      ___________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Кепіл ұстаушы

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және туған күні мен жылы;

      атауы, заңды тұлғаның БСН____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №______

      берілді _____________________________________ берілген күні _________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________

      _________________________________________________ атынан әрекет етеді

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      ____________________________________________________________негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_________________

      _____________________________________________________________________

      Шарттың жасалған күні _______________________________________________

      Шарттың жасалған жері _______________________________________________

      Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің

      сипаттамасы)_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________

      Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________

      Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының

      _______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:

      Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ

      Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып

      тастау)

      Өтінішке қоса беремін (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді):

      1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________

      2. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:

      Ия Жоқ (керек емесін сызып тастау)

      Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20____ ж.

      Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.

      Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________

      Уақыты: ___________________________ сағ. _______________________ мин.

      Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы ________________________________________

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
2-қосымша

      нысан

      _____________________________________________________________________

      органның атауы

      № ____өтініш

      Кепіл ұстаушы________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған күні және жылы немесе заңды тұлғаның атауы мен тіркеу номірі)

      _____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_________

      берілді ___________________________________берілген күні ____________

      (құжатты берген органның атауы)

      Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________

      _________________________________________________ атынан әрекет етеді

      (уәкілетті өкілдің деректемелері)

      _________________________________________________________ негізінде

      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

      Өзгерістерді және/немесе толықтыруды немесе кепілдің тоқтатылуын

      тіркеуді сұраймын____________________________________________________

      Шарттың жасалған күні _______________________________________________

      Шарттың жасалған орны _______________________________________________

      Кепіл заты туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)

      _____________________________________________________________________

      Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________

      Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________

      Кепілге салынған мүлік: кепіл берушінің ____________ кепіл ұстаушының

      _______________________________ билігінде және пайдалануында қалады.

      Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ

      Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып

      тастау)

      Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және

      қашан берді)

      1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________

      2. __________________________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:

      Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)

      Өтініштің берілген күні:___________________ 20 _____ ж.

      Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.

      Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________

      Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы:

      _______________________________________

      Уақыты: ________________ сағ._________ мин.

      ______________________________

      Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      _______________ "___"______20___ж._________ (қолы)

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
3-қосымша

      нысан

      ___________________________________________________

      органның атауы

      Қолхат

      Өтініш бойынша құжаттарды қабылдау № ______ 20___ ж. "___" ________

      Уақыты: _______ сағ.________ мин.

      ---------------------------------------------------------------------

      Қабылданған құжаттар тізбесі (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):

      1. Төлегені туралы құжат: түрі __________ № _______ сомаға __________

      2. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қабылдаған:_______________________ Өтінішті толтырған күн ___________

      Мемлекеттік корпорацияның өтініш қабылдау жөніндегі қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы

      _______________________________ 20 ______ ж.

      ---------------------------------------------------------------------

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
4-қосымша

      нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы

Өтініш

Тізілімдік нөмірі

Күні мен уақыты (сағаты мен минуты), өтінішті қабылдаған қызметкердің қолы

Өтініш беруші

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) тұратын жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Кепіл заты

Құжаттардың берілген күні

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6

7















  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
5-қосымша

      нысан

      Парақ № ___________

      Тіркеу ісі № ______

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілімдік №

Кепіл заты

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепіл сомасы

Шарттың қолданылуы




Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы;

заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы;

заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН



1

2

3

4

5

6

7









      Кестенің жалғасы:

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы

Құжаттың атауы және №

Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы

8

9

10

11

12







      Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба

Тіркеу парағын жабу/жалғастыру үшін негіздеме

Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі

Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)

Күні, уақыты (сағаты және минуты)

Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы






  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
6-қосымша

      нысан

      ______________________________________________________

      органның атауы

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20__ ж. "___" _________ № ____

      Берілді _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері

      Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүліктің түрі

Тізілім нөмірі

Кепіл мәнінің сипаттамасы

Құрамдастар саны

Құны

Ескертпе








      кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде

      ______________________ тіркелген _______________________ кепіл затына

      тіркелген күн кепіл затын сипаттау

      Кепіл ұстаушының құқығы _____________________________________________

      жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұратын жері, туған күні және жылы,

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      кепіл затына ________________________________________________________

      кепіл затының сипаттамасы

      кепіл туралы шарттың негізінде туындады _____________________________

      Шарт жасалған күн

      тіркелген _________________ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      тіркелген күні және нөмірі

      _____________________________________________________________________

      негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындалу мерзімі және кепілдің басқа да талаптары

      Кепіл берушінің ___________ құқығы __________________________________

      құқық түрі, жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұратын жері,

      туған күні және жылы

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН

      расталды ____________________________________________________________

      кепіл затына құқық белгілеуші құжатының атауы,

      қабылданған күні, тіркеу нөмірі және күні

      Тіркеуші _________________ ________________________

      Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы

      Басшы __________________ М.О. ________________________

      Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы

      _____________________________________________________________________

      Ескертпе

      1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде Мемлекеттік корпорацияға

      қайтарылуға тиіс.

      2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда құқық иесі куәліктің жоғалған

      (бүлінген) себебін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
7-қосымша

      нысан

      Мөртабан үлгісі:

      Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік

      кепілін тіркеу жүргізілгенін куәландыруға арналған

      мөртабан

      _________________________________

      (органның атауы)

      Өтініш № ______________________ Өтініштің қабылданған

      күні және уақыты _________________

      Тізілім № _____________________ Тіркелген күні ___________________

      Тіркеуші ______________________ Қолы _____________________________

      Басшы _________________________ Қолы _____________________________

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
8-қосымша

      Егер кепіл беруші жеке тұлға

      болған жағдайда міндетті

      мемлекеттік тіркеуге

      жатпайтын жылжымалы мүлік

      кепілін мемлекеттік тіркеу

      туралы электрондық куәліктің

      нысаны

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік

      Органның атауы ______________________________________________________

      № _____ ___ Күні ___

      ______ кредитор банк ________________________________________ берілді

      Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны







      расталып, кепіл тіркелді

      Кепіл ұстаушының құқығы:

      БСН ____________________

      Кепіл ұстаушының атауы: _____________________________________________

      Заңды мекенжайы: ____________________________________________________

      ____________________________________________ затына кепіл негізделді:

      № __________ күні __ кепіл туралы шарты

      № _____ кепіл туралы шартқа қосымша келісім, № ___ қосымша келісім жасалған

      күн ___(бар болған жағдайда)

      Тіркелген күні ___ және № __ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      Негізгі міндеттеме мерзімі _____ай

      Негізгі міндеттеменің мөлшері _____

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кепіл берушінің деректері

      ЖСН _____________________

      Тегі, аты және бар болған жағдайда әкесінің аты _____________________

      Туған күні _________________________________

      Жеке куәлік № ____________ күні ____ берілді

      Мекен-жайы _________________________________

      Мүлікке құқық түрінің атауы ________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба

      туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз

      жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года

      "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен

      документу на бумажном носителе.



      *штрих-код "Жылжымалы мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесінен

      алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық

      қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из ИС "Реестр движимого

      имущества" и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей

      Государственной корпорации

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
9-қосымша

      Егер кепіл беруші заңды тұлға

      болған жағдайда міндетті

      мемлекеттік тіркеуге

      жатпайтын жылжымалы мүлік

      кепілін мемлекеттік тіркеу

      туралы электрондық куәліктің

      нысаны

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік

      Органның атауы ______________________________________________________

      № _____ ___ Күні ___

      _____ кредитор банк _________________________________________ берілді

      Жылжымалы мүлікке қатысты:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрамдастарының саны

Құны







      расталып, кепіл тіркелді

      Кепіл ұстаушының құқығы:

      БСН ________________ ЖСН

      Кепіл ұстаушы атауы _________________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      ____________________________________________ затына кепіл негізделді.

      № ______ __ күні __ кепіл туралы шарты

      № ___ кепіл туралы шартқа қосымша келісім, № _______ қосымша келісім

      жасалған күн ___(бар болған жағдайда)

      Тіркелген күні ___ және № ____ және мынадай негізгі талаптарды қамтиды:

      Негізгі міндеттеме мерзімі _____ ай

      Негізгі міндеттеменің мөлшері _____

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кепіл берушінің деректері

      БСН _____________________

      Мекеме атауы ________________________

      Заңды мекен-жайы ____________________

      Мүлікке құқық түрінің атауы ____________________

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба

      туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына

      сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года

      "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен

      документу на бумажном носителе.



      *штрих-код "Жылжымалы мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесінен

      алынған және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық

      қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из ИС "Реестр движимого

      имущества" и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей

      Государственной корпорации

  Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
10-қосымша

      Міндетті мемлекеттік

      тіркеуге жатпайтын жылжымалы

      мүлік кепілін тіркеуден

      дәлелді бас тарту туралы

      нысан

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама

      Өтініштің бірегей нөмірі № _________________ Күні ___________________

      Бас тартудың негізі:_________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңның баптарына сілтемесі бар, заңгермен келісілген дәлелді бас

      тартудың мәтіні Мемлекеттік корпорацияда қалыптастырылады)

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба

      туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7–бабының 1-тармағына

      сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года

      "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен

      документу на бумажном носителе.



      *штрих-код "Жылжымалы мүлік тізілімі" АЖ ақпараттық жүйесінен алынған

      және тиісті Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық

      қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из ИС "Реестр движимого

      имущества" и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей

      Государственной корпорации

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады