Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13027 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 13.06.2016 № 498 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-12) тармақшасына және 7-бабы 5-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы

Е. Біртанов

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
__________________ Б. Иманәлиев
2016 жылғы 8 қаңтар




Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
1-қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 2-тармағының 9-12) тармақшасына, 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін, мөлшерін және шарттарын белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) жұмыс берушi – қызметкер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
      2) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
      3) мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындар санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;
      4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;
      5) уәкiлеттi орган – халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды өңірлік деңгейде қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi.
 

2. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тәртібі, квота белгілеудің
мөлшері мен шарттары

      3.Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.
      4. Квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарымен қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда, квота белгіленбейді.
      5. Квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарды:
      1) Заңның және осы Қағидалардың;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;
      3) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;
      4) ұйымдардағы қызметкерлердің штаттық саны және қолда бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының; белгіленген квота көбірек бүтін санды құраған жағдайда, санды дөңгелектеу бүтін мәнге азайту жағына қарай жүргізіледі;
      5) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;
      6) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;
      7) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін мүгедектер тізімінің негізінде уәкілетті орган әзірлейді.
      6. Еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті санатқа жатқызылған ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санына еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті санатқа жатқызылған қызметкерлер кірмейді.
      7. Уәкілетті орган "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынатын мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектердің және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
      8. Республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы уәкілетті орган ұсынған ұсыныстардың негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекітеді және жұмыс берушілердің назарына күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жеткізеді.
       9.Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы актіні өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ресми интернет сайттарда орналастырады.
      10. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
      11. Жұмыс берушілер уәкілетті органға "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына мүгедектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.
      12. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған қызметкерлерді жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) қызметкерді өз еркімен жұмыстан босату жұмыстан босатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органға мiндетті түрде хабарлай отырып жүзеге асырылады.
      13. Квота белгілеу үшін қызметкерлердің тізімдік санын айқындау кезінде жалпы тізімдік саннан ұйымда жұмыс істейтін мүгедектер алынып тасталады.
      14. Квота ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті  жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, қызметкерлердің тізімдік санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді.
      Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы жұмыссыз мүгедектер болмаған жағдайда, ұйымдарда квота белгіленбейді.
      15. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ қызметкерлердің тізімдік санының жиырма пайыздан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
 


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
2-қосымша


әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ жылғы ________ айы
      Индекс: 1-ЖОК
      Кезеңділігі: тоқсан сайын;
      Ұсынады: мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;
      Нысан кімге ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдарына; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ға;
      Ұсыну мерзімі: Ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады;
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.
 
 
 
 
 
 
 

Ұйымның атауы
 

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны
 

(адам)
 

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %)
 

Мүгедектер санатына жатқызылған қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)
 
 

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)
 

Мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)
 

Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы
 

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны
 

(бірлік)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 

8
 


            Кестенің жалғасы
 
 

Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер
 

Кәсіби білімі
 

Орташа айлық
 

жалақысы (теңге)
 

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)
 

Жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша)
 

Басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат)
 

9
 

10
 

11
 

12
 

13
 


                  Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) ________________________ _____________
       Басшы             (қолы)
      Күні 20__ жылғы "__" ____________.
      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
 


"Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтердің
болуы туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің
болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсіндірме 1.Жалпы ережелер

      1.Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:
      ұйымның атауын;
      жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік санын;
      квота мөлшерін (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %);
      мүгедектер санатына жатқызылған қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;
      ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота санын;
      мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;
      мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;
      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;
      бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, оның ішінде: кәсіби білімін, орташа айлық жалақысын (теңге), еңбек және қызмет жағдайын (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі), жұмыс өтілін (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша), басқа да талаптарды (тарифтік разряд, санат) көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
      2.Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
      3.Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
 

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.
      5. 2-бағанда жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
      6. 3-бағанда квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %) көрсетіледі.
      7. 4-бағанда мүгедектер санатына жатқызылған қызметкерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
      8. 5-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны көрсетіледі.
      9. 6-бағанда мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.
      10. 7-бағанда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы көрсетіледі.
      11. 8-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
      12. 9-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін қызметкердің кәсіби білімі көрсетіледі.
      13. 10-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін қызметкердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.
      14. 11-бағанда қызметкердің еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) көрсетіледі.
      15. 12-бағанда қызметкердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) көрсетіледі.
      16. 13-бағанда бос лауазымға үміткер қызметкерге қойылатын басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат) көрсетіледі.
 
 


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
3-қосымша


әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы
туралы мәліметтер

      Есепті кезең 20___ жылғы ________ айы
      Индекс: 2-ЖОК
      Кезеңділігі: тоқсан сайын;
      Ұсынады: мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;
      Нысан кімге ұсынылады: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдарына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ға;
      Ұсыну мерзімі: Ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады;
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту уәкілетті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.
 
 

Қызметкерлердің тізімдік саны
 

(адам)
 

Белгіленген квота
 

(адам)
 

Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны
 

(адам)
 

Квота шеңберінде уәкілетті органның жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны
 

(адам)
 

1
 

2
 

3
 

4
 


            Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) ________________________ _____________
       басшы (қолы)
      Күні 20__ жылғы "__" ____________. м.о.
      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
 
 


"Мүгедектерді жұмысқа
орналастыруға арналған
квотаның орындалуы туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

"Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы
туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсіндірме 1.Жалпы ережелер

      1.Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:
      қызметкерлердің тізімдік санын;     
      белгіленген квотаны;
      квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің санын;
      квота шеңберінде уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің санын көрсете отырып ұсынады.
      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
 

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда қызметкерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
      5. 2-бағанда белгіленген квота көрсетіледі.
      6. 3-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны көрсетіледі.
      7. 4-бағанда квота шеңберінде уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны көрсетіледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады