"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығымен бекітілген |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. "Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және "Электрондық үкіметтің" веб-порталын ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толтыруға талаптарды анықтайды.
2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірдейлестіру - жүйеде бар қол жеткізудің ұсынылған деректемелерінің сәйкестігін анықтау арқылы қол жеткізу субъектісі мен объектісінің шынайылығын растау;
1-1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;
3) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталын жүргізу - электрондық нысанда қызметті алу субъектілерінің дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар кешені;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстау - электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар кешені;
6) логин - порталдағы электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алу субъектілерінің есептік жазбасының аты (сәйкестендіруші);
7) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер алушы субъекті (бұдан әрі - қызметтерді алушы субъекті) - мемлекеттік немесе өзге де электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алуға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;
8) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісі (бұдан әрі - қызмет көрсету субъектісі) - мемлекеттік немесе өзге де қызметті электрондық нысанда көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;
10) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі - пайдаланушы кабинеті) - "электрондық үкімет" веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 22.07.2024 № 435/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстауға және жүргізуге қойылатын талаптар
3. Порталды күтіп-ұстауға қойылатын талаптар:
1) Порталда қызметтерді көрсету субъектілері мен көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілері немесе электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушілері арасындағы берілетін электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу және өзгермейтіндігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты, техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойындағы режимде порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелері үшін бірегей сәйкестендіру нөмірін беру;
4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы электрондық нысанда қызмет төлемін жүргізу;
5) порталды өзекті электрондық ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету.
4. Порталды жүргізуге қойылатын талаптар пайлаланушы кабинетінде көрсете немесе пайдалана отырып, қызметтерді алушы субъектінің бірдейлестіруін жүргізу болып табылады:
1) логин және пароль;
2) электрондық цифрлық қолтаңба;
3) ЖСН немесе БСН, көрсетілетін қызметтерді алушы субъектінің абоненттік нөмірі және қысқа мәтіндік хабарлама түріндегі қызметтерді алушы субъектінің абоненттік нөміріне жіберілген бір реттік пароль.
Бұл ретте, қысқа мәтіндік хабарлама түріндегі бір реттік пароль көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерді алушы субъектінің абоненттік нөміріне жылжымалы желі абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді алу үшін порталдың есептік жазбасына абоненттік нөмірдің тіркелуі және қосылуы болғанда ғана жіберіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 22.07.2024 № 435/НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Электрондық үкіметтің" веб-порталын электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар
5. Порталды электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыру үшін мынадай талаптар қойылады:
1) электрондық ақпараттық ресурстардың шынайылығы және өзектілігі;
2) мәтіндік материалдар .dос,.хml,.ррt,.pdf,.rtf. форматта беріледі, графикалық материалдар, фотосуреттер .jреg,.gif. форматтағы цифрлық түрде беріледі;
3) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес ашық деректерді, заң жобалары тұжырымдамасының жобаларын және оларға түсіндірме жазбалар және салыстырмалы кестелермен бірге нормативтік құқықтық актілерді (заңнамалық актілерге өзгертулер және толықтырулар енгізген жағдайда), бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер мен бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, аумақтың стратегиялық жоспарлары мен даму бағдарламаларының мақсатты индикаторлары жетістігі туралы есептерді орналастыру;
4) Электрондық құжаттарда қамтылған, көрсетілетін қызмет субъектісінің уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де қызметтер нәтижесі болып табылатын акпараттың шынайылығын растауды қамтамасыз ету.