Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңы 11-бабының 25) тармақшасына және "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 6-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6681 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 26 наурыздағы № 7-8 (26511) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағында толықтырылсын:
"4. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда ресімделеді (бұдан әрі - өтінішхат). Өтінішхатқа пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі.
Егер адам өзінде жеке басын куәландыратын құжаттардың жоқ екенін мәлімдесе, ол туралы мәліметтер оның айтуы бойынша жазылады, онымен әңгімелесу бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Дәлелдерді ұсыну өтініш берушінің міндетіне жатады. Пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттарды ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда бес жұмыс күн ішінде сыртқы саясат қызметі саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға сұрау салу жолданады;
12-тармақ алынып тасталсын.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтінішхатты қарау рәсімі өтінішхатты қабылдағаннан кейін жүргізіледі және:
"Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігін беруді;
осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамның есепке алу карточкасын (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) ресімдей отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізуді;
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің бөлінісінде соттылығының бары не жоғы туралы мәліметтерді сұратады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексерісті жүзеге асырады;
осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағын ресімдей отырып, шетелдікпен, азаматтығы жоқ адаммен жеке әңгімелесу өткізуді;
осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық куәландыруға жолдауды қамтиды.
Шетелдікке медициналық куәландырудан өту тәртібі, одан өтуден бас тартудың, сондай-ақ одан өткеннен кейін ІІД КҚПБ-ға босқын деп танудың одан әрі рәсімін жүргізу үшін келмеуінің салдары түсіндіріледі".;
28-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті (С. Сайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |