"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13280 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.11.2019 № 314/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 2-тармағына, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына және "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес";

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2016 жылғы 28 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
3-қосымша

Байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы
мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің
бағалары

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1.

Радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету

1 қызмет*

364 519 191,07

408 261 494

2.

Халықаралық электр байланысы одағында Қазақстан Республикасының орбиталық-жиіліктік ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу

1 қызмет*

133 418 518,75

149 428 741

3.

Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесін техникалық сүйемелдеу

1 қызмет*

746 464 369,64

836 040 094

4.

Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу:



ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары (1 типтік станция);

сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL (1 радиожиілікті беру)

1 қызмет

20 868, 75

23 373


ультрақысқа толқынды радиобайланысқа арналған стационарлық қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;

транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;

радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау - тарату станциялары; ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдары (бір станцияға бір радиожиілік (радиоарна) үшін)

1 қызмет

18 008, 93

20 170


радиорелелік станциялар (1 станция 1 жиілікті беру)

1 қызмет

16 156, 25

18 095


жерсеріктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары (1 станция)

1 қызмет

22 071,43

24 720


мыналардың: телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың; эфир-кәбілдік телевизия станцияларының; дыбыстық (радио) хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың (1 радиожиілік/ телевизиялық арна 1 мультиплекс) электр магниттік үйлесімділігін есептеуді және жиіліктік-аумақтық жоспарлауды жүргізу

1 қызмет

20 725,89

23 213


Электромаганиттік үйлесімділік сараптама қорытындысының телнұсқасын беру

1 қызмет

976, 79

1 094


      Ескерту:

      *Қызметтер байланыс және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады