"Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13289 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 370 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз!

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90879 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:";

      8-тармақтың 1) тармақшасының мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9-дан бастап 20.00-ға дейін жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы басшының және аудиторлардың мәліметтерінің нысаны;

      Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйым құрылған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн мыналарды:

      елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хат және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжат немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хат не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді.;

      қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).

      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алатын кезде бұрын берілген лицензияны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;

      3) заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәліметтердің нысандары және құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      4) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда);

      мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;

      порталда:

      1) лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес басшының және аудиторлардың бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы мәліметтерінің нысаны.

      Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн:

      елдің кәсіби аудиторлық ұйымы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;

      1) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;

      қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).

      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда):

      мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызмет беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, көрсетілетін қызметті беруші телнұсқасын алмастан, өтініші бойынша оны электрондық пішінге аударуға құқылы.

      "Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасының электрондық көшірмесін алып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар алынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру жеке басының (не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің) куәлігін берген кезде тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпораци нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағаннан кейін бір ай өткен сон Мемлекеттік корпорация сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажет құжаттар тізбесі мен оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация тікелей басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорация кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 8 800 080 7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мелекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар";

      13 және 14 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар, қабілетін толық немесе ішінара немесе өз-өзіне қызмет етуді жүзеге асыру, дербес қозғалу мүмкіндігін, құжаттарды қабылдау, бағыт-бағдарын жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты орнына барып, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы құжаттарды қабылдайды.

      14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.minfin.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорация: www.con.gov.kz;

      порталдың: www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";

      осы бұйрықтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші косымшаларына сәйкес бірінші, екінші, үшінші, төртінші қосымшалар жана редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      инвестициялар және даму министрінің

      міндетін атқарушы

      __________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы "_____"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2016 жылғы "_____"________



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына 1-қосымша
  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін
заңды тұлғаның өтініші

      _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)___________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық

      атауы көрсетiлсiн жүзеге асыруға лицензияны және(немесе) лицензияға

      қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу

      қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) почталық индексі, елі, облысы, қаласы,

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)

      нөмірі)

      Электрондық почта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ___________________________________________________________

      (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші

      түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру

      кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келісімін береді;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті

      электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет

      көрсету Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы _____________ ______________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына 2-қосымша
  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Өтінім беруші туралы мәліметтер

Кәсіпорынның мөлшерлігі

Шағын

х

орта

х

ірі

х

Қызметті растау

Қызмет түрлері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес келетінін растаймын

х


      (тиісті жолақта х белгісі қойылады)

Басшы мәліметтерінің нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер

      Басшының аты-жөні (болған кезде)_____________________________________

      Басшының ЖСН ________________________________________________________

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7









      "аудитор" біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәлік нөмірі

"аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





Аудиторлар мәліметтерінің нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы

ЖСН

Аудитордың аты-жөні

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      "аудитор" біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәліктің нөмірі

"аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына 3-қосымша
  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      _____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ___________________________________заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес

      (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      жеке шығу ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _______________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _____________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_____________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

      өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық почта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы ____________ ________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына 4-қосымша
  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

      (Тегі, аты, болса, әкесінің аты

      (болған кезде) (бұдан әрі - аты-жөні)

      не көрсетілетін қызметті алушы

      ұйымының атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорацияның филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсетіңіз) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіңіз) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________________________;

      2)______________________________________________;

      3)....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (болған кезде) (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған кезде)

      Телефон _______________________________________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының

      қолы

      20__ ж. "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады