ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы __________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы __________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 516-521 (27594) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында:
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1. Жеке тұлғаға берілетін қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне төлем мөлшері мен мерзімі банктік қарыз шарты жасалған күні белгілі болатын банктік қарыз шартында көзделген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер енгізіледі.
Жеке тұлғаға берілген банктік қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19702 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен бекітілген.
Егер қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Тізбенің 2-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар пайдасына төлемдердің мөлшерлерін кредиттеудің бүкіл мерзіміне айқындау мүмкіндігі болмаса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне осы тұлғалар белгілеген және олармен шарттар жасасу күнінде айқындалған тарифтерге қарай кредиттеудің бүкіл мерзіміндегі төлемдер енгізіледі.
Банктік қарыз шартында көзделген, Тізбенің 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, банктік қарыз шартын жасау күнінде өндіріп алу фактісі белгісіз комиссиялар мен өзге де төлемдер нақты төлем жасалғаннан кейін клиенттің талабы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қайта есептелген жағдайда немесе олар банктік қарызға қызмет көрсету кезеңінде енгізілген кезде ескеріледі.";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қағидалардың 8-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында және Тізбенің 2-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген төлемдерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың пайдасына клиенттің төлемдері;".
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 19.08.2024 № 64 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13305 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
Көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар (бұдан әрі - Әдістемелер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартын (микрокредит беру туралы шартты) жасағанға дейін жеке тұлғаға (бұдан әрі - қарыз алушы) қарызды (микрокредитті) өтеу әдісін таңдау үшін сараланған және аннуитеттік төлемдер әдістерімен есептелген қарызды (микрокредитті) өтеу кестелерінің жобаларын береді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Әдістемелердің 13-тармағында көзделген қарыз (микрокредит) бойынша сыйақы есептеу кезінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мынадай уақытша базаларды қолданады:
1) жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына нақты күндердің саны;
2) жылына 365 (үш жүз алпыс бес) немесе 366 (үш жүз алпыс алты) күн және айына нақты күндердің саны;
3) жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн.".
4. "Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13852 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды ұсынылатын мынадай қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар етеді:".
5. "Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14221 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар ету қағидаларында, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар ету тәртібін және хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін белгілейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қаржы ұйымы уәкілетті органды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13852 болып тіркелген "Қаржы ұйымы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды бекітілуі туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 136 қаулысында көзделген қаржы өнімдерінің бекітілуі туралы хабардар етеді.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: