Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 22155 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңының 31-бабының 2 тармағына, 34-бабының 2 тармағына және 39-бабының 2, 3 және 7 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2021 жылғы 29 қаңтардағы
№ 6 Қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 271-273 (27090-27092) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларында кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ислам банктерін қоспағанда, банктердің, және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен салымдар (банк аралықтарын қоспағанда) бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібін белгілейді.

      Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарына қолданылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі негізгі көрсеткіштерге (инфляция деңгейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі, LІBOR мөлшерлемесі, шетел валютасының бағамы және басқалар) тәуелді болған жағдайда банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу күніндегі негізгі көрсеткіштің мәнін пайдаланады.".

      2. "Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13305 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларда (бұдан әрі – Әдістемелер):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалар (бұдан әрі - Әдістемелер) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жеке тұлғаларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін және өтеу кестесінің болуы көзделетін қарыздар мен микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базаларды айқындайды.

      Әдістемелердің талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарына қолданылады.".

      3. "Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларында (бұдан әрі − Қағидалар):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 31-бабының 2-тармағына сәйкес банктік қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

      Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарына қолданылады.".

      4. "Банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз алушыға - жеке тұлғаға арналған жадынамаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19774 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз шартын жасасу тәртібінде, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз алушыға - жеке тұлғаға арналған жадынамаларда:

      1 және 2 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тәртіптің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген банк операциясын жүргізген кезде ислам банкі, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент ислам банкінің филиалы, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      2) кредиттік желі – банктің қарыз алушыға банктік қарыз алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің мұндай нысаны үшін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларда және кредиттік желіні беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі;

      3) кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім – қарыз алушының өзіне немесе төлем карточкасын пайдалану жолымен кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) немесе өтініште (өтініштерде) қарызды алу сомасы мен уақытын айқындауға мүмкіндік беретін талаптармен жасалған банктік қарыз шарты;

      4) сыйақы – банкке тиесілі ақшаның жылдық мөлшері есебінен қарыз сомасына не Тәртіпте көзделген жағдайларда белгіленген сомада пайыздық мөлшерде айқындалған берілген банктік қарыз үшін төлем.

      2. Банктік қарыз шартына (бұдан әрі – шарт) тараптар қол қояды және шарттардың тиісті түріне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптар, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптар қамтылады:

      1) шарттың жалпы талаптары;

      2) қарыз алушының құқықтары;

      3) банктің құқықтары;

      4) банктің міндеттері;

      5) банк үшін шектеулер;

      6) міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі;

      7) шарт талаптарына өзгерістер енгізудің тәртібі;

      8) банк шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен шарт шеңберінде кредитордың қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына қатысты қойылатын талаптар мен шектеулер қарыз алушының құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылатыны көзделетін талап.";

      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шарт банк пен қарыз алушының арасында жазбаша нысанда қажет болған жағдайда басқа тілдердегі аудармасын қоса берумен, қазақ және орыс тілдерінде, ал шетелдік тұлғалармен шарт жасасқан жағдайда – қазақ тілінде және тараптарға қолайлы тілде жасалады.

      Шартта банктің ішкі құжаттарына және шарттың қолданылу мерзімі ішінде біржақты түрде өзгертілуі мүмкін және қарыз алушының қарауына қол жетімді емес басқа құжаттарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

      Шарттың мәтіні А4 форматты парақтарда, "Тіmеs New Rоmаn" шрифтінің мөлшері он екіден кем емес, әдеттегі әріпаралық, бір жоларалық интервалмен және абзац шегінісін қолдана отырып теріледі.

      Тәртіптің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында және 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген талаптар шартта титулдық парақтан кейін көрсетілген жүйелілікпен көрсетіледі.

      Кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімді, сондай-ақ оның шеңберінде шартты (шарттарды) жасау немесе қарыз алушының кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын және соның (солардың) негізінде кезекті қарызды беру жүзеге асырылатын өтінішті (өтініштерді) беруі арқылы кредиттік желі ұсыну кезінде:

      кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімде кредиттік желінің жалпы сомасы мен жалпы мерзімі көрсетіледі;

      Тәртіптің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 11) және 15) тармақшаларында көзделген талаптар шартта немесе өтініште титулдық парақтан кейін көрсетілген жүйелілікпен көрсетіледі;

      Тәртіптің 2-тармағының 6), 7) және 9) тармақшаларында, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында, 3-тармағының 7), 9), 10), 12), 13), 14), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген талаптар кредиттік желі ұсыну (ашу) туралы келісімде көрсетілген жағдайда, оларды шартта немесе өтініште қосымша көрсету талап етілмейді.";

      13 тармақ алып тасталсын.".

      5. "Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19702 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінде:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) банктік қарыз шарты бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін және кепіл берушінің пайдалануындағы кепіл шарты бойынша кепіл мәнін сақтандырған жағдайда клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдерін қоспағанда, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк) пайда алушы болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады