Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13395 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.09.2018 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.09.2018 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.09.2018 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 101) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленген және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) белгілеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) кәсіпорындармен (ұйымдармен) келісім бойынша кәсіптік практика туралы құжаттар әзірлейді.

2-тарау. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

      3. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны Заңның 38-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары бекітетін оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларында айқындалады.

      4. Білім беру ұйымдары білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін білім беру ұйымдары үшін практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындарға (ұйымдарға) білім алушыларды жібереді.

      5. Кәсіптік практикадан өту үшін білім беру ұйымдары кәсіпорындармен (ұйымдармен) келісіп, практикадан өтудің бағдарламасын және күнтізбелік кестесін бекітеді.

      6. Кәсіптік практикаға білім алушыларды жіберу практиканың өту мерзімі, базасы және жетекшісі көрсетілген білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      7. Білім алушыға осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша кәсіптік практиканы өту туралы жолдама бланкі және күнделік-есеп беріледі.

      8. Білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі кезінде білім беру ұйымынан және кәсіпорыннан (ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Қажет болған жағдайда консультанттар тағайындалады.

      9. Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, өндірістік және диплом алдындағы болып табылады.

      10. Білім алушыларға арналған оқу практикасы нақты пән саласының ерекшелігіне және болашақ мамандықтың кәсіби құзыреттілігіне байланысты барлық мамандықтарда өткізіледі.

      11. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедра, бөлім жетекшісінің өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарына бектіледі.

      12. Оқу практикасының бағдарламасы оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Оқу пәндерін (модульдерін) оқуды жалғастыру болып табылатын оқу практикалық сабақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 тіркелген) бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес циклдық комиссиялар қарастырады және білім беру ұйымының басшысы бекітеді.

      14. Оқу-практикалық сабақтарды әдістемелік және материалдық- дайындауды өндірістік оқыту шебері немесе аталған практикалық сабақты жүргізетін оқытушы жүзеге асырады.

      15. Мамандыққа байланысты оқу практикасы оқу және оқу-өндірістік шеберханаларда, өндірістік шаруашылықтарда, оқу полигондарында, білім беру ұйымдарының оқу-көмекші объектілерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда (ұйымдарда) өткізіледі.

      16. Білім алушылардың оқу практикасындағы, сондай-ақ, кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жұмыс күнінің ұзақтығы жасына және өндіріс жағдайларына байланысты жұмыскерлердің тиісті санаттары үшін қолданыстағы еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.05.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Оқу практикасы аяқталғаннан кейін білім алушыларға ҚР Білім және ғылым министрінің № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген) (бұдан әрі - № 125 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес емтихан жұмыстарының негізінде баға қойылады.

      18. Білім алушылардың оқу практикаларын орындау есебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу № 4991 тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанына сәйкес өндірістік оқыту есебінің журналында тіркеледі.

      19. Білім алушының кәсіпорынның (ұйымның) базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтуді бастамас бұрын, кәсіптік практиканың мақсаттары, қағидалары, кәсіптік практика бағдарламасы және қауіпсіз еңбек жағдайлары туралы нұсқау өткізіледі.

      20. Өндірістік практика (тиісті мамандық бойынша) кәсіпорындарда өткізіледі.

      21. Өндірістік практика, оның мазмұнына қарай, арнайы кафедраға, бөлімге, пәндік цикл комиссиясына бекітіледі.

      22. Өндірістік практика қорытындылары бойынша білім алушы кәсіптік практиканың бағдарламасын орындағаны туралы еркін нысанда жазбаша есепті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практиканы өту туралы күнделік-есепті тапсырады.

      23. Білім беру ұйымдарында өндірістік практиканың жазбаша есебі кәсіпорыннан (ұйымнан) жетекшінің ұсыныстарын ескере отырып, білім беру ұйымы бағалайды.

      24. Оқу және (немесе) өндірістік практика аяқталғаннан кейін жұмысшы біліктілігін беру үшін білім беру ұйымы біліктілік комиссиясын құрады.

      Біліктілік комиссиясының отырысын өткізу орны кәсіпорынның (ұйымның) келісімімен анықталады.

      25. Комиссия құрамына кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім беру ұйымдарының өкілдері кіретін мүшелердің тақ санынан тұрады.

      26. Комиссия төрағасы комиссияның қызметін басқаратын кәсiпорынның (ұйымның) өкiлi болып табылады, ал ол болмаған кезде – бiлiм беру ұйымының басшысы болып табылатын төраға орынбасары.

      Комиссия хатшысының функцияларын комиссия мүшесі емес білім беру ұйымының өкілі орындайды.

      27. Комиссия шешімі отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.

      28. Білім беру бағдарламаларында диплом жұмысы (жоба) және есеп көзделген білім алушыларға арналған диплом алдындағы практика мамандықтар (біліктіліктер) бойынша бітіру курсында өткізіледі.

      29. Диплом алдындағы практикаға жетекшілікті диплом жұмысының (жобасы) жетекшісі немесе осы мамандық (біліктілік) бойынша теориялық және практикалық білімдер мен дағдыларды меңгерген оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері жүзеге асырады.

      30. Диплом алдындағы практиканың мазмұны диплом жұмысының (жоба) тақырыбымен анықталады.

      31. Диплом алдындағы практиканың ұзақтығы Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мамандықтың күрделілігіне байланысты айқындалады.

      32. Диплом алдындағы практиканың қорытындылары кафедра немесе бөлім не жетекшінің өндірістік-оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары ұйымдастыратын диплом жұмысын (жоба) және есебін алдын-ала қорғауда шығарылады және хаттамамен ресімделеді.

3-тарау. Кәсіпорындарды (ұйымдарды) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базалары ретінде анықтау тәртібі

      33. Кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесі "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеген қауымдастықтар, мамандарының сертификаттау орталығының тізіліміндегі салалық қауымдастықтар және (немесе) білім алушылар ұсынған кәсіпорындар (ұйымдар) тізбесінің тізімінен анықталады.

      34. Жарғылық қызметі мамандарды даярлау бейініне, білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшлікті жүзеге асыру үшін білікті мамандармен қамтамасыз етілген және жақсы материалдық-техникалық жарақталған кәсіпорындар (ұйымдар) практикалық база ретінде айқындалады.

      35. Кәсіптік практиканың базасы ретінде анықталған кәсіпорынмен (ұйыммен) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 тіркелген) "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартқа сәйкес кәсіптік практикадан өту туралы шарт жасалады.

      Кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өту кезеңінде ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен білім алушыларды жазатайым оқиғалардан ерікті негізде сақтандыру жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.05.2024 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Білім беру ұйымдарының білім алушылардың кәсіптік практикасының базаларымен шарттары кәсіптік практика басталуынан кемінде бір ай бұрын жасалады.

  "Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
1-қосымша

Кәсіптік практикаға жолдама

      Кәсіпорында (ұйымда) қалады

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (негіздеме)

      20___ж. "___" ___________________

      Білім алушы _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіпорынның (ұйымның) атауы)

      _____________________________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жіберіледі

      Практиканың басталу мерзімі 20____ж. "____" __________________

      Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. "____" __________________

      білім беру ұйымының басшысы _______________________________

      М.О. _______________ (қолы)

      ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      Оқу орнына қайтарылады

Келуі мен кетуі туралы белгі

      Білім алушы _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

      кәсіптік практикадан өту үшін ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіптік практиканың атауы)

      Келді _________________________                  Кетті ___________________________

      20____ж. "____" _______________                        20____ж. "____"__________________

      Мөр қолы _____________________                  Мөр қолы _______________________

      болған кезде                                          болған кезде

  "Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін кәсіптік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп

      Білім алушы _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)

Р/c №

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.




2.




3.




      1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Білім алушының қолы ________________

      20 ___ ж. "_____" ____________________

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі)

      20 ___ ж. "_____" ___________________

      2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

      ____________________________________

      20____ж. "_____"_____________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады