Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының, холдингтердің және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 73 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 сәуірде № 13605 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі;";

      4-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органмен келісілуге жататын қаржы ұйымдарының, холдингтердің басшы қызметкерлерінің тізбесі Банктер туралы заңның 20-бабының 1 және 14-тармақтарында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 1 және 14-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 64-1-бабының 3-тармағында және 79-бабының 1-1-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 1-тармағында көзделген.";

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы ұйымының басқару органының құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі уәкілетті органмен келісілуге жатпайды.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктер туралы заңның 20-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабына, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындау (сайлау) үшін қажетті еңбек өтіліне кандидаттың қаржылық қызмет көрсетуді және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі қызметтер ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында істеген жұмысы және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:";

      4-тармақта:

      1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың (бұдан әрі – кандидат) қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуі жөнінде, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтерді қаржы ұйымы, холдинг құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалған және мыналар қол қойған өтінішхат:

      атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаның), атқарушы органның басшысы болып табылатын басқару органының мүшесі тағайындалған (сайланған) кезде – қаржы ұйымының, холдингтің басқару органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда – басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің бірі (басқару органының осы шешімінің көшірмесін бере отырып), осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымы, холдинг, сақтандыру брокері акционерлерінің бірі, қаржы ұйымы, холдинг қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы, холдинг үшін);

      басқа жағдайларда – қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы тұлға (міндеттерді атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);

      2) Банктер туралы заңның 20-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының мүшесі лауазымына не қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидаттың мыналар қамтылатын лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі:

      осы кандидаттың өкілеттігі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, оның қойған қолы және лауазымдық нұсқаулығымен танысқан күні көрсетіле отырып);

      қаржы ұйымының, холдингтің өзге басшысы лауазымына кандидат үшін – кандидат қол қоятын құжаттардың тізбесі;

      құрылымдық бөлімшелердің атауы туралы мәліметтер және олардың құзыретіне жататын, осы кандидат бақылау жасайтын мәселелер тізбесі;

      өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі;

      3) егер қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда – осы қаржы ұйымының, холдинг-акционерлік қоғамның басқару органының кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;

      4) егер кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылатын жағдайда – осы қоғамның басқару органының кандидатқа қаржы ұйымында, холдингте жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;

      5) кандидатты қаржы ұйымының, холдингтің басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күні көрсетіле отырып, қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме не кандидатты тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнен үзінді-көшірменің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).

      Егер тағайындау (сайлау) күні болмаса, онда қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не көрсетілген шешімдегі (бұйрықтағы) оқиғаның басталған күні кандидатты тағайындау (сайлау) күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда, қаржы ұйымы, холдинг растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер қамтылады:

      қаржы ұйымының, холдингтің толық атауы және қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын (басқару органының отырысын) өткізу күні, уақыты мен орны;

      отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (басқару органының отырысы үшін);

      акционерлердің жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      кандидатты басшы лауазымына тағайындау (сайлау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қаржы ұйымының, холдингтің уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме осындай құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (қызметкерлердің) қолымен және қаржы ұйымы, холдинг мөрінің бедерімен (бар болса) расталады және үзінді-көшірменің дұрыс екеніне нұсқауды қамтиды;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхат берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды.

      Көрсетілген құжат сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталынан басып шығарылған нысанда ұсынылады.

      Азаматтық еліндегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтердің дәйектілігін растау мақсатында. Шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар) да уәкілетті органға олардың азаматтық елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – олардың тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы 15 (он бес) жылда тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхатты беру күнінің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;";

      5-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті органның қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, ұсынымхатқа қол қою күні қаржы ұйымдарының, холдингтердің басқару органының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға), атқарушы органының мүшесі лауазымындағы тұлғалар;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - кандидаттарды келісу кезінде тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген "BB+" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - қаржы ұйымдарының басқар органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.";

      7-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қаржы ұйымы, холдинг Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаржы ұйымына, холдингке қайтарады. Қаржы ұйымы, холдинг жетпеген құжаттар бар құжаттар топтамасын кандидаттарды басшы лауазымына тағайындау (сайлау) күнінен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кеш емес мерзімде ұсынады. Қаржы ұйымы, холдинг кандидаттарды келісу үшін құжаттарды қайталап ұсынған кезде уәкілетті органның оларды қарау мерзімі оларды қайталап ұсыну күнінен басталады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басшы қызметкер лауазымына кандидаттың Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарында жұмыс өтілі болған жағдайда, уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болуын растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың мінсіз іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпаратты сұратады.

      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы туралы ақпарат берген жағдайда, келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып есептеледі және берілген келісімді уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.";

      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі тестілеу өтетін күн туралы қаржы ұйымына, холдингке жазбаша түрде хабарлайды.

      12. Комиссияның шешімі бойынша қаржы ұйымының, холдингтің мынадай қызметкерлері ұсынылған құжаттар негізінде шақырусыз келісілуге жатады:

      1) қаржы нарығының осы секторында тиісті лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидат;

      2) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;

      3) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, мемлекеттік органның жауапты хатшысы болған кандидат;

      4) мыналар ретінде кем дегенде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса – атқарушы органның бірінші басшысы лауазымына кандидат (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға):

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма, филиал) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы директор;

      5) мыналар ретінде кем дегенде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса – басқару органының басшысы лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      6) мыналар ретінде кем дегенде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса – бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы мен мүшесі лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      7) қаржы ұйымының, холдингтің қауіпсіздік мәселелеріне және әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана бақылау жасайтын сақтандыру брокері басшысының орынбасары, атқарушы органның мүшесі лауазымдарына кандидат;

      8) мыналар ретінде кем дегенде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса – сақтандыру брокері басшысының орынбасары, қаржы ұйымының, холдингтің атқарушы органның мүшесі лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма, филиал) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы директор;

      9) бас бухгалтер лауазымына кандидат;

      10) қаржы нарығының осы секторында басшы қызметкер лауазымына келісу кезінде уәкілетті органда тестілеудің оң нәтижесін алған кандидат;

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін тестілеудің оң нәтижелері есептелетін мерзім кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өту күнінен бастап 6 (алты) айдан аспайды;

      11) мыналар ретінде кем дегенде 1 (бір) жыл еңбек өтілі болса – өзге басшы қызметкер лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      қаржы нарығының осы секторында және (немесе) Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған атқарушы органның басшысы, мүшесі;

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты болған дербес құрылымдық бөлімшенің (департамент, басқарма, филиал) басшысы, қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған қаржылық және (немесе) басқарушы директор;

      12) басқару органының мүшесі лауазымына кандидат.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Кандидаттарды тестілеу уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режімге трансляциялаумен жүргізіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қаржы ұйымы, холдинг ұсынған құжаттар Комиссияның қарауына жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына кандидатты қарау жөніндегі хаттамасында өз пікірін білдіреді.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 20-бабының 8-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 8-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 7-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 6-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартады.

      27. Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім Банктер туралы заңның 20-бабының 11-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 11-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 54-бабының 11-тармағында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 55-бабының 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарып алынады.";

      29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қаржы ұйымдары, холдингтер басшы қызметкерлердің басқа лауазымға ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса алғанда, олардың құрамындағы болған барлық өзгерістер туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы уәкілетті органды күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етеді.";

      1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 73 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 26 қаулысына
4-қосымша

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік
қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім
беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Осы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 шілдедегі (бұдан әрі - Заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң), "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі - Бухгалтерлiк есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін көздейді.

      2. Уәкілетті орган Заңның 4-1-бабында, Акционерлік қоғамдар туралы заңның 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, Бухгалтерлiк есеп туралы заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Қордың басшы қызметкерінің лауазымына кандидатты сайлауға (тағайындауға) келісім береді.

      3. Уәкілетті органмен келісілуі тиіс Қордың басшы қызметкерлерінің тізбесі Заңның 4-1-бабының 1-тармағында айқындалады.

      4. Заңның 4-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кандидатты Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлау (тағайындау) үшін қажетті еңбек өтіліне кандидаттың қаржылық қызмет көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау иен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүзеге асыратын ұйымдарда және (немесе) кандидаттың мынадай халықаралық қаржы ұйымдарында істеген жұмысы кіреді:

      1) Азия даму банкі;

      2) Еуразия даму банкі;

      3) Еуропа қайта құру және даму банкі;

      4) Ислам даму банкі;

      5) Халықаралық даму қауымдастығы;

      6) Халықаралық қаржы корпорациясы;

      7) Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      8) Халықаралық валюта қоры;

      9) Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

      10) Көп салалы инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

      5. Мыналар уәкілетті органмен келісуге жатпайды:

      1) Қордың басқару органдары құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі;

      2) Қордың уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге тағайындалған (сайланған) Қордың басшы қызметкері, осы кандидаттың бұрын уәкілетті органмен тиісті лауазымға келісілген болуы не келісілген лауазымнан төменде тұрған лауазымға Қордың бір органының аясында ауысуы, сондай-ақ осы кандидаттың Заңның 4-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келу талабымен.

      Осындай жағдайда Қор басшы қызметкерді тиісті лауазымға тағайындау (сайлау) туралы уәкілетті органның шешімі үзінді-көшірмесінің, осы кандидаттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі туралы көрсетілген ілеспе хатымен бірге көшірмесін ұсынады. Өзге құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      6. Кандидатты келісуді уәкілетті орган Кандидаттардың уәкілетті органның жанындағы қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымына сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негізінде тестілеуден өткізу үшін кандидаттарды шақыра отырып не Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайда оларды шақырмай өткізеді.

      Комиссияның қызметі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7561 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Қор кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кандидаттың Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ кандидат туралы мәліметтер Қағидаларға сәйкес ұсынылғанын және Қор құжаттамалық жағынан тексергені жөнінде көрсетіле отырып, еркін нысанда жасалған және мыналар қол қойған өтінішхат:

      Қордың атқарушы органының басшысын (атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адамды), Қордың атқарушы органының басшысы болып табылатын басқару органының мүшесін сайлаған (тағайындаған) кезде - Қордың басқару органының басшысы, ол болмаған жағдайда басқару органының шешімі бойынша басқару органы мүшелерінің біреуі;

      қалған жағдайларда - Қордың атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) не оның міндетін атқарушы адам (міндетін атқаруды жүктеу туралы шешімнің көшірмесін бере отырып);

      2) Қордың басшы қызметіне кандидатты сайлау (тағайындау) күнін көрсете отырып, Қордың уәкілетті органының шешімінен үзінді-көшірме не кандидатты (сайлау) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі (екі және одан да көп кандидат келісілген кезде – әр кандидатқа шешімнен үзінді-көшірменің не бұйрық көшірмесінің бір данасы).

      Сайлау (тағайындау) күні болмаса, кандидатты сайлау (тағайындау) күні Қордың уәкілетті органы шешім (бұйрық) қабылдаған күн не шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиғаның басталған күні болып саналады.

      Шешімде (бұйрықта) көрсетілген оқиға басталған жағдайда Қор растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Қордың уәкілетті органы шешімінен үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер қамтылады:

      Қордың толық атауы және оның атқарушы органының орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысы (басқару органының отырысы) өткізілген күні, уақыты және орны;

      отырысқа қатысқан адамдар туралы (басқару органының отырысына) мәліметтер;

      акционерлердің жалпы жиналысының (басқару органы отырысының) кворумы;

      кандидатты басшы лауазымына сайлау (тағайындау) туралы мәселе бөлігінде акционерлердің жалпы жиналысы отырысының (басқару органы отырысының) күн тәртібі;

      кандидатты басшы лауазымына сайлау (тағайындау) бөлігінде дауыс беруге қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      кандидатты басшы лауазымына сайлау (тағайындау) бөлігінде қабылданған шешімдер.

      Қордың уәкілетті органы шешімінен үзінді-көшірмеге осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қызметкердің (уәкілетті қызметкерлердің) қойылған қолымен және Қордың мөр бедерімен (бар болса) расталады және үзінді-көшірменің дұрыстығын көрсетеді;

      3) электрондық және қағаз тасымалдағыштарда Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы мәліметтерді (1-қосымшадағы фотосурет 3x4 көлемімен ашық түс фонында жасалады);

      4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда ғылыми дәрежесін алғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхатты беру күнінің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;

      7) азаматтық еліндегі (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын еліндегі (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтер. Шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар) да уәкілетті органға олардың азаматтық елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – олардың тұрақты тұратын елінің) не кандидат соңғы 15 (он бес) жылда тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтінішхатты беру күнінің алдындағы 6 (алты) айдан аспайды;

      8) кандидат ұсынылатын лауазымды, ұсынып отырған тұлғаның қол қойған күнін және лауазымын, сондай-ақ кандидаттың кәсіби және (немесе) өзге мінездемелерін көрсете отырып, еркін нысанда жазылған Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан кандидатқа берілген ұсыным хаттар. Ұсыным хатты беру күні өтінішхатты беру күнінің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды;

      9) бас бухгалтер лауазымына кандидат үшін сертификаттау жөніндегі ұйым берген (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы аккредиттеген) кәсіби бухгалтер сертификатының көшірмесі не Халықаралық бухгалтерлер федерациясының нағыз мүшесі болып табылатын шетел институты берген кәсіби бухгалтердің біліктілік куәлігінің көшірмесі;

      10) Қор атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат өзге ұйымда жұмыс істеген жағдайда - Қордың атқарушы органының кандидатқа өзге ұйымда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;

      11) кандидат акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылған жағдайда - осы акционерлік қоғамның басқару органының кандидатқа Қорда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;

      8. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болады:

      1) "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;

      2) басқарушы органның басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы (тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға), сақтандыру брокерінің басшысы, тағайындалуына (сайлануына) уәкілетті органның қол қою күнінде қайтарып алынбаған келісімін алған, мұндай келісім одан қайтарып алынбаған қаржы ұйымдарының атқарушы органының мүшелері;

      3) ұсынымхатқа қол қою күнінде уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасары лауазымындағы тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың және ведомстволардың бірінші басшылары немесе олардың орынбасарлары;

      4) экономика және (немесе) заң ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

      5) өкілдіктердің басшылары, тізбесі Қағидалардың 4-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының басшылары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - кандидаттарды келісу кезінде тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген "BB+" төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - қаржы ұйымдарының басқар органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері де ұсыным беруші тұлғалар болып табылады.

      Қордың (өтініш берушінің) басшы қызметкері, акционері, Қордың (өтініш берушінің) акционерінің басшы қызметкері, сондай-ақ кандидаттың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары), уәкілетті органның тарапынан Қор кандидатты келісу туралы өтінішхат бергенге дейінгі 1 (бір) жыл ішінде шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға ұсыным беруші тұлғалар болып табылмайды.

      9. Қор бір мезгілде қаржы ұйымында басшы қызметкері лауазымын атқаратын және уәкілетті органмен келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісу үшін, уәкілетті органға осы тармақтың 9) және 10) тармақшаларын қоспағанда, Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады (қаржы ұйымдарының бас бухгалтерлері лауазымдағы кандидаттары үшін).

      10. Қағидалардың 7 және 9-тармақтарында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парағының сыртында тігін түйіншегіне желімделген, парақтар саны көрсетілген жапсырманың жартылай үстінен қойылған Қордың мөрімен расталған болып ұсынылады.

      Қор шет тілінде ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - кандидатты келісуге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылуға не апостильделуге тиіс. Көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдеріне аударылуы және нотариатпен куәландырылуы тиіс.

      Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға (ұсынылған құжаттардың көшірмелерін куәландыру құқығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қою құқығы бар Қордың лауазымды тұлғалары қойған қолымен және көшірменің дұрыс екенін көрсете отырып, Қордың мөр бедерімен (лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып) расталады.

      11. Қор уәкілетті органға кандидатты келісу үшін құжаттар топтамасын кандидат сайланған (тағайындалған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кеш емес мерзімде ұсынады.

      Басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ескертулер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, Қорға почта және (немесе) факсимильді байланыс және (немесе) электрондық почта арқылы жазбаша жауап береді.

      Қор ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберілген жазбаша хабарламада белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      Қор Қағидаларда көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган оларды Қорға күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қараусыз қайтарады. Қор құжаттардың толық топтамасын кандидат басшы қызметке сайланған (тағайындалған) күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кеш емес мерзімде ұсынады.

      Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды қайтару, Қор оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы кандидаттың уәкілетті органда тестілеуден өткенге дейін рұқсат етіледі.

      12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қаржы ұйымдарында басшы қызметкер лауазымына кандидаттың жұмыс өтілі болған жағдайда уәкілетті орган кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растау мақсатында шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органынан кандидаттың іскерлік беделін сипаттайтын мәліметтердің болуы не жоқ болуы жөнінде сұратады.

      Шет мемлекеттің уәкілетті қадағалау органы басшы қызметкер лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі жоқ екені туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, соның негізінде келісім берілген мәліметтер дәйексіз болып саналады және уәкілетті орган берілген келісімді Заңның 4-1-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қайтарып алуға тиіс.

      13. Комиссияның шешімі бойынша Қордың мынадай қызметкерлері ұсынылған құжаттар негізінде шақырусыз келісілуге жатады:

      1) бұрын басқарма мүшесі, бірінші басшы немесе бірінші басшының орынбасары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және (немесе) қадағалауды жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ қаржы ұйымдарының аудиті жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асырып отырған (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының орынбасары) болған кандидат;

      2) кем дегенде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса - Қордың атқарушы органының басшысы лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      3) кем дегенде 2 (екі) жыл еңбек өтілі болса - Қордың басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер;

      4) кем дегенде 3 (үш) жыл еңбек өтілі болса - Қордың бас бухгалтері лауазымына кандидат:

      қаржы ұйымының аудитін тікелей жүзеге асырған аудитор;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының бірінде:

      басқару органының басшысы, мүшесі;

      атқарушы органның басшысы, мүшесі (қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелерге бақылау жасаған);

      бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары;

      қызметі қаржылық қызметтерді көрсетуге байланысты дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы (басшының орынбасары).

      14. Уәкілетті органның жауапты бөлімшесі Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімде тестілеудің өтетін күні туралы Қорға жазбаша хабарлайды.

      Кандидат тестілеуден өту үшін дәлелді себептермен уәкілетті орган белгілеген мерзімде келмей қалған жағдайда, Қор бұл туралы уәкілетті органға келмеген себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды. Қайта тестілеу Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім кезеңінде тағайындалады.

      15. Кандидаттарды келісу 45 (қырық бес) минут ішінде 30 (отыз) сұрақ бойынша компьютерлік тестілеу әдісімен уәкілетті органның интернет-ресурсында онлайн режимінде трансляциялай отырып жүргізіледі.

      16. Кандидаттарды тестілеу кезінде тестілеуден өтетін тұлғамен бірге бір бөлмеде тек уәкілетті органның қызметкерлерінің және қажет болғанда, аудармашының ғана қатысуына рұқсат етіледі.

      Кандидаттың тестілеуден өткен кезде қандай да болмасын жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдарды қолданбайды.

      17. Тестілеудің оң нәтижесін алған кезде (кем дегенде дұрыс жауаптардың 70 (жетпіс) пайызы) кандидат сайланған (тағайындалған) лауазымға келісілді деп саналады.

      Кандидат тестілеуден өткеннен кейін тесттің қорытындысымен дереу қол қойып, таныстырылуға тиіс.

      Комиссияның қарауына Қор берген құжаттар жіберіледі. Комиссия мүшелері құжаттарды қарайды және қаралып отырған мәселе бойынша "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидатты Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Комиссияның қарауы бойынша хаттамада өз пікірін білдіреді.

      18. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді Заңның 4-1-бабының 1-тармағында белгіленген негіздер бойынша қайтарып алады.

      19. Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісім Заңның 4-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен қайтарылады.

      20. Уәкілетті орган кандидатуралары өзімен келісілген Қордың басшы қызметкерлерінің тізілімін жүргізеді.

      21. Қор уәкілетті органды күнтізбелік 10 (он) күн ішінде басшы қызметкерлердің басқа лауазымға сайлануын (тағайындалуын), ауысуын және жұмыстан босатылуын қоса, олардың құрамында болған барлық өзгерістер туралы, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы туралы хабардар етеді.

  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры" акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға
(тағайындауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
1-қосымша

      Нысан



      фотосуреттің орны

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік

      қоғамының басшы қызметкері лауазымына кандидат туралы

      мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында

      тағайындалатын лауазымы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер

Туылған күні және орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерi, жеке сәйкестендіру нөмірі



      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні - бітірген күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктілігi

Оқу орнының орналасқан орны

1.







      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы және акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрлерi

Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен)

1





      5. Соңғы үш жылда семинарлардан, біліктілік көтеру жөніндегі курстардан өту туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Өткізу күні және орны

Сертификат деректемелерi (нөмірі, беру күні)

1.





      6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі атқарған (атқарып отырған) лауазымдары, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға келісу туралы өтінішті берген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында лауазымы туралы көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік шара қолданудың бар болуы

Жұмыстан шығу, қызметтен босату себептерi

1.







      7. Кандидат қаржы ұйымдарының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының аудитін жүргізу туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауын, кандидат аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық

      есепке қол қойған күнін көрсету)

      8. Қор және (немесе) басқа ұйымдардың басқару органына және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер

Кезең (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы, келіскен күні (талап етілсе)

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептерi

1.






      9. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктері

      _____________________________________________________________________

       (иә/жоқ, бар болған жағдайда күні, қандай басылымдарда көрсетілді)

      10. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер

Күнi

Сот органының атауы

Соттың орналасқан орны

Жазаның түрi

Кандидат (сотталған) соған сәйкес тартылған заңнамалық актінің бабы

Соттың процессуалдық шешімді қабылдаған күнi

1.








       11. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және

      міндеттемелер сомасын көрсету қажет)

      12. Кандидат бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысының (банк немесе сақтандыру холдингінің) - қаржы ұйымы заңды тұлғаның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органы қаржы ұйымын, банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау туралы, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бірінші басшысы болғандығы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      13. Басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісімді қайтарып алу және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қаржы ұйымының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің бірінші басшысы қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, сайлауға

      (тағайындауға) келісімді қайтарып алуға негіздемесі және осындай

      шешім қабылдаған қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

      қадағалау жөніндегі уәкілетті органының атауы көрсетілсін)

      14. Қаржы ұйымының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, банктік, сақтандыру холдингінің басшысы ретінде қаржы ұйымы, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы, банктік, сақтандыру холдингі қызметінің мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде тартылды ма

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші – қаржы

      ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)

      Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып табылатындығын, сондай-ақ мінсіз іскери беделі болуын растаймын. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________

       (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ____________________

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен, ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына сайлау (тағайындау) үшін "Акционерлік
қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы __________________________


      Күні _________________________

  "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
беру қоры" акционерлік қоғамының
басшы қызметкерлерін сайлауға
(тағайындауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

      Комиссияның "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"

      акционерлік қоғамының басшы қызметкері лауазымына

      кандидатты қарау бойынша

      ________________________________________________________________

      ("Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының

      басшы қызметкері лауазымына кандидаттың тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса))

      № ______________ Хаттама

      ____ жылғы "____" __________

Комиссия мүшесінің және Төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тестілеуге шақырусыз келісуге

Тестілеуге жіберуге және тестілеудің оң нәтижесінде келісу

Келісуден бас тарту

Қолы

1

2

3

4

5

6


      Комиссия Төрағасы _____________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Комиссия шешімі: Тестілеуге шақырусыз келісуге

  Тестілеуге жіберуге және тестілеудің оң
нәтижесінде келісу
Келісуден бас тартылсын
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 73 қаулысына
2-қосымша8 аржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
1-қосымша

      Нысан



      фотосуреттiң орны

      Қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкері лауазымына

      кандидат туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және қаржы

      _____________________________________________________________________

      ұйымындағы, холдингтегі кандидат келісілетін лауазым көрсетiледi)

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің атауы)

      1. Жалпы мәлiметтер

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі



      2. Білімі

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі)

1.






      3. Зайыбы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (зайыбының (жұбайының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1.






      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.





      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Осы тармақта кандидаттың бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ уәкiлеттi органға мүшелігі), оның iшiнде уәкiлеттi органға келісу туралы өтiнiштi берген қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілген болса, келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.







      6. Кандидаттың қаржы ұйымының аудитін жүргізуі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының атауын, аудит жүргізу мерзімін, кандидат

      аудитор-орындаушы ретінде аудиторлық есепке қол қойған күнін

      көрсету қажет).

      7. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1






      8. Өзіне қабылдаған ақшалай міндеттемелерді орындамау фактісінің болуы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), көрсетілген фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын

      және міндеттеме сомасын көрсету қажет)

      9. Осы ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдарда өзге басқарушы қызметкердің (басқарушы директор, қаржы директор және басқа лауазымдар) лауазымын атқарғаны туралы мәліметтер

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Жетекшілік жасайтын құрылымдық бөлімшелер және қаржылық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1.





      10. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын, банк холдингін консервациялау, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін кем дегенде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде кандидаттың бұрын қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның (тіркеуші трансфер-агенттің атқару органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары) басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушысы, заңды тұлға - ірі қатысушысының басшысы және (немесе) қаржы ұйымының (банк немесе сақтандыру холдингінің) басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      11. Кандидат бұрын төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеуден дефолт жіберген не дефолт жіберген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купонды сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купонды сыйақының төрт еселік және (немесе) және одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу жөніндегі дефолт мөлшері төлеу күні республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның қатарынан басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, заңды тұлға ірі қатысушы (ірі акционер) болғандығы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсін)

      12. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымының, холдингтің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерінің қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға

      (сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздеме және осындай

      шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)

      13. Қаржы ұйымының, холдингтің басшысы ретінде қаржы ұйымы, холдинг қызметінің мәселелері бойынша сот талқылауларына жауап беруші ретінде тартылды ма

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (иә/жоқ, күнін, қаржы ұйымының, холдингтің атауы, сот талқылауына

      жауап беруші, қаралған мәселе және сот шешімі)

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз іскери беделі болуын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________

       (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы _______________________

Қаржы ұйымының, холдингтің тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады:
Мен,
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________________________
тәуелсіз директор лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік
қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын.
Қолы _____________________


      Күні ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 73 қаулысына
3-қосымша
  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
қағидаларына және келісім алу
үшін қажетті құжаттар тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

      Комиссияның қаржы ұйымының, холдингтің

      басшы қызметкерiнiң лауазымына

      кандидатты қарау нәтижелерi

      _______________________________________________________________

      (қаржы ұйымының, холдингтің басшы қызметкерiнiң лауазымына

      кандидаттың тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

      № ______________ Хаттама

      ____ жылғы "____" __________

Комиссия мүшелерінің және Төрағаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Тестілеуге шақырусыз келісуге

Тестілеуге жіберуге және тестілеудің оң нәтижесінде келісу

Келісуден бас тарту

Қолы

1

2

3

4

5

6


      Комиссия Төрағасы _____________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Комиссия шешімі: Тестілеуге шақырусыз келісуге

      Тестілеуге жіберуге және тестілеудің оң

      нәтижесінде келісу

      Келісуден бас тартылсын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады