"Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 мамырда № 13695 болып тіркелді

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9614 санымен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 6 тамызда № 151(28357) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы»:
      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекітілсін.»;
      аталған бұйрықпен бекітілген Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидаларында:
      Қағиданың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер аттестаттауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – аттестатталатын адамдар) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аттестатталатын адамдарды компьютерлік тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура) Бас прокуратураның тестілеу залында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.»;
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметтері):»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кадр қызметтері «Он-лайн» режимінде компьютерлік тестілеуге жататын аттестатталатын адамдардың тізбесін компьютерлік тестілеуге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментіне тапсырады.»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тестілеуді жүргізу кезінде бөлмеде тек қана аттестатталатын адамдар болады. Бұл ретте кадр қызметінің өкілі, сондай-ақ техникалық маман міндетті түрде қатысады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Тестілеу сәтінде өзін-өзі дұрыс сезінбеген аттестатталатын адам бұл туралы тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу басқа уақытта жүргізіледі.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тест бойынша шекті мәндер прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарының барлық санаттары үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% болатын дұрыс жауаптарды құрайды.»;
      17-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, инспекторлары;»;
      17-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аудандардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлары, аға прокуроры;»;
      18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) басқармаларының/бөлімдерінің прокурорлары, аға прокурорлары;»;
      19-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бас әскери прокуратураның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, олардың орынбасарлары;»;
      19-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аймақтардың/гарнизондардың әскери прокуратураларының прокурорлары, аға прокурорлары.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Осы Қағиданың 2-қосымшасындағы № 8 блоктың тестілеу сұрақтары бойынша заңнаманы білуге компьютерлік тестілеуден мыналар өтеді:
      Академияның ректоры, бірінші ректоры және проректорлары;
      Академия институттарының директорлары мен олардың орынбасарлары;
      Академия факультеттерінің профессорлары, декандары;
      орталықтардың бастықтары, кафедралардың меңгерушілері, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың бастығы, бас ғылыми қызметкерлер, Ғылыми кеңестің хатшысы;
      жетекші ғылыми қызметкерлер, аға ғылыми қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар.».
      20-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
      20-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Академияның басқармаларының/бөлімдерінің бастықтары, кезекшілік бөлімнің бастығы, ректордың көмекшісі, басқармаларының/бөлімдерінің аға прокурорлары;»;
      20-тармақтың он бесінші абзацы алынып тасталсын;
      20-тармақтың он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары;»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Аталған тыйым салынған құралдарды қолдану фактілерін анықталған кезде кадр қызметінің өкілі тиісті акті жасайды. Аттестатталатын адам тестілеу залынан шығарылады.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Тестілеу аяқталғаннан кейін кадр қызметінің өкілі аттестатталатын адамды тестілеудің нәтижесімен қол қоя отырып таныстырады.»;
      аталған Қағиданың 2-қосымшасы осы бұйрыққа қоса беріліп отырған  қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А.Дауылбаев

Қазақстан Республикасы          
Бас Прокурорының             
2016 жылғы 8 сәуірдегі          
№ 72 бұйрығына              
қосымша                 

Қазақстан Республикасының прокуратура 
органдары, ведомстволары, мекемелері мен
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін
тестен өтудің қағидалары мен шарттары,
сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін
шекті мәндер              
2-қосымша               

Прокурорлық қадағалаудың бағыттары, ұйымдастыру-кадр және талдау қызметі бойынша мамандандыру

      1. № 1 БЛОК (жалпы қадағалау)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесін) (бұдан әрі – Этикалық кодекс) (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінен (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (10 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алулар туралы» (10 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (7 сұрақ), «Заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға (ақшаны жылыстыру) және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы» (7 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (6 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      2. № 2 БЛОК (қылмыстық-құқықтық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (10 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (10 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      3. № 3 БЛОК (азаматтық-сот қадағалауы)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнайы бөлімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (15 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (15 сұрақ), «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13298 санымен тіркелген) Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік етуді және азаматтық сот өндірісінде заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 88 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6737 санымен тіркелген) Атқарушылық өндірістің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты (5 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      № 4 БЛОК (ұйымдық-кадрлық)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (4 сұрақ) білуге сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығымен бекітілген бекітілген Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесін (5 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      5. № 5 БЛОК (арнайы)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (3 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (2 сұрақ), «Мемлекеттік сатып алулар туралы» (2 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2 сұрақ), «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (1 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге сұрақтардан тұрады.
      6. № 6-1 БЛОК (ҚСжАЕАК – ұйымдық-кадрлық және талдау қызметі)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі «Құқық қорғау қызметі туралы» (20 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (17 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      7. № 6-2 БЛОК (ҚСжАЕАК – құқықтық статистиканы қалыптастыру)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (10 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9744 санымен тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрін жүргізудің Қағидаларын (7 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12893 санымен тіркелген) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қағидаларын (7 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      8. № 6-3 БЛОК (ҚСжАЕАК – арнайы есепке алуды жүргізу)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (10 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (7 сұрақ), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (7 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың кейбір түрлерін жүргізу және пайдалану ережесін (12 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13171 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексерушілер құрамының өзгеруі және тексеру туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың қорытындылары туралы ережелерін (8 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      9. № 6-4 БЛОК (ҚСэАЕАЖК-аудандық өкілдік үшін)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (6 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (6 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (6 сұрақ), «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер туралы» (8 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті туралы Ережені (8 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №9638 санымен тіркелген) Арнайы есепке алудың кейбір түрлерін жүргізу және пайдалану қағидаларын (12 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9744 санымен тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрін жүргізудің Қағидаларын (6 сұрақ), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13  бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13171 санымен тіркелген) Тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тексерулердің мерзімдерін уақытша тоқтату, қайта жаңғырту, ұзарту туралы хабарламаларды, тексерушілер құрамының өзгеруі және тексеру туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың қорытындылары туралы қағидаларын (8 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      10. № 7 БЛОК (әскери прокуратура)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (2 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (2 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқарушылық кодексін (2 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың Тәртіптік жарғысын (3 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің Жарғысын (3 сұрақ), «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» (4 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (7 сұрақ), «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» (4 сұрақ), «Төтенше жағдайлар туралы» (4 сұрақ), «Әскери жағдай туралы» (4 сұрақ), «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» (7 сұрақ), «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      11. № 8 БЛОК (Академия)
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (14 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Этикалық кодексті (4 сұрақ) білуге арналған сұрақтардан тұрады.
      Заңнаманы білуге арналған тестілеудің арнаулы бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (3 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), «Білім туралы» (5 сұрақ), «Ғылым туралы» (5 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (2 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (1 сұрақ), «Жедел іздестіру қызметі туралы» (2 сұрақ), «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» (2 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (3 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» (2 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (2 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (2 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (2 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру қағидаларын білуге арналған сұрақтардан тұрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады