Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13755 болып тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 47-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.07.2019 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 26 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.07.2019 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері

Атауы

Нормативтік мәні

Өлшем бірлігі

Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші (SAIFI)

3,7

жылына өшіру саны

Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI)

3,7

жылына сағат

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 20 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.07.2019 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 47-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері ретінде бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға электр энергиясын өшіру санының орташа көрсеткіші және бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшірудің орташа ұзақтығының көрсеткіші пайдаланылады.

2-тарау. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін айқындау тәртібі

      4. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің мәндерін айқындау үшін тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеп соққан өшірулердің есебін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өшірулер журналында жүргізеді.

      Өшірулер журналын толтыру Өшірулер журналын толтыру бойынша түсініктемеге сәйкес жүргізіледі.

      5. Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші (SAIFI) мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны;

      Cs – энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны;

      n – күнтізбелік жыл ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеліп соққан өшірулердің жалпы саны.

      6. Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI) мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Ca(i) – күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны;

      t(i) – электрмен жабдықтау үзілісінің ұзақтығы, сағат*;

      Cs – энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны;

      n – күнтізбелік жыл ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеліп соққан өшірулердің жалпы саны.

      * Үзілістің жалпы ұзақтығын анықтау кезінде электрмен жабдықтаудағы әр тұтынушының үзіліс ұзақтығы жеке ескеріледі.

      7. Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерін есептеуде мыналар:

      1) энергия беруші ұйымның электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылықтар;

      2) климаттық жағдайлар:

      атмосфералық артық кернеу (найзағай);

      желдің есептіктен артық жылдамдығы;

      көктайғақтың (жабысқақ қар) есептіктен артық қалыңдығы;

      көктайғақ;

      су тасқыны, мұз кету;

      жер сілкінісі, сел, көшкін, опырылу, шөгу, топырақтың кебуінен тұтынушыларды өшіру жағдайлары ескерілмейді.

      8. Энергия беруші ұйым жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпаратты және Өшірулер журналын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға жолдайды.

      Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес энергия беруші ұйымның электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылықтар себебі бойынша тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуі бар болған жағдайда, Өшірулер журналына технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру актілерінің және/немесе электр желілерінің теңгерімдік тиесілігі шекараларын және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актілерінің көшірмелері қоса беріледі.

      9. Энергия беруші ұйымдардан Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпаратты және Өшірулер журналын алғаннан кейін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган алынған деректерді Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес энергия беруші ұйымдардан түскен ақпарат және есептілікпен салыстырады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган анық емес деректерді анықтаған жағдайда, Өшірулер журналын және Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпаратты пысықтауға және түзетуге энергия беруші ұйымына ескертулерімен қайтарады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін энергия беруші ұйым күнтізбелік 10 күн ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ескертулерін ескере отырып, жаңартылған мәліметтермен Өшірулер журналын және Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпаратты жібереді.

  Электрмен жабдықтаудың
сенімділігі көрсеткіштерінің
нормативтік мәндерін айқындау
қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Өшірулер журналы

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-ӨЖ

      Кезеңділік: жылына бір рет

      Есепті кезең: ____ жыл

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға ұсынылады

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Энергия беруші ұйымдар

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей

Елді мекеннің атауы

Энергия беруші ұйымның атауы және аудандық электр желілерінің атауы

Электр қондырғыларының диспетчерлік атауы

Электрмен жабдықтау жүйесінде тұтынушы ларды өшірудің басталу уақыты мен күні

Тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру уақыты мен күні

Өшіру себебі (1; 2; 3)

Өшіру себептерін сипаттау

Бір тұтынушыға өшіру ұзақтығы t, сағат

Электрмен жабдықтау жүйесінде өшірілген тұтынушы лардың саны Ca(i)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















Барлығы


х



7-бағанның 1-тармағы бойынша


х



7-бағанның 2-тармағы бойынша


х



7-бағанның 3-тармағы бойынша


х



      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________

      Орындаушы __________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      __________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Өшірулер журналы"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Өшірулер журналы" (индексі: 1-ӨЖ, кезеңділік: жылына бір рет)

      1. Өшірулер журналында тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуі және қалпына келтірілуі туралы ақпарат тұтынушыны өшірген сәттен бастап және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру фактісі бойынша толтырылады.

      2. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау кезең-кезеңмен өшірілген және/немесе қалпына келтірілген жағдайда, электр энергиясын беруші ұйым сенімділік көрсеткіштерін есептеу үшін Өшірулер журналында жекелеген кезеңдік жазбалар жүргізуге құқылы. Бұл жағдайларда электр қондырғыларының атауы (4-баған), электрмен жабдықтауды өшіру және/немесе қалпына келтіру уақыты (5 және 6-бағандар), өшу ұзақтығы (9-баған) және тұтынушылардың саны (10-баған) жазбаларындағы айырмашылыққа рұқсат етіледі, басқа барлық жазбалар қайталануы тиіс (1, 2, 3, 7, 8-бағандар).

      3. 1-бағанда тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуінің реттік нөмірі көрсетіледі. Көрсетілген нөмір жыл басынан бастап нөмірлеудің толассыз тәртібін сақтай отырып, хронологиялық тәртіппен жазылады.

      4. 2-бағанда электрмен жабдықтаудан өшірілген тұтынушы орналасқан елді мекеннің атауы көрсетіледі.

      5. 3-бағанда энергия беруші ұйымның атауы және аудандық электр желілерінің атауы көрсетіледі

      6. 4-бағанда жұмысының бұзылуы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуіне әкеліп соққан электр қондырғысының диспетчерлік атауы көрсетіледі.

      7. 5-бағанда электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушыларды өшірудің басталу уақыты мен күні "сағат.минут және кк.аа.жжжж" форматында көрсетіледі.

      8. 6-бағанда тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың қалпына келтірілу уақыты мен күні "сағат.минут және кк.аа.жжжж" форматында көрсетіледі.

      9. 7-бағанда тұтынушыларды электр жабдықтаудан өшіру себептері көрсетіледі:

      1 – энергия беруші ұйымның электр желілері шегінен тыс болған технологиялық бұзушылықтар: себебі бойынша өшірулер;

      2 – климаттық жағдайлар;

      3 – тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуіне әкеліп соқтырған электрмен жабдықтауды өшірудің басқа себептері.

      10. 8-бағанда 7-бағаннан 1-тармақты таңдау кезінде технологиялық бұзушылықты тергеп-тексеру актісінің нөмірі және/немесе электр желілерінің тиесілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігі шекарасын бөлу актісінде көрсетілген бөгде ұйымның атауы жазылады; 7-бағаннан 2-тармақты таңдау кезінде климаттық жағдайлар сипатталады; 7-бағаннан 3-тармақты таңдау кезінде тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуіне әкеліп соқтырған электрмен жабдықтауды өшірудің басқа себептері сипатталады.

      11. 9-бағанда тұтынушыларды электрмен жабдықтауды өшірілуі мен қалпына келтірілуі арасындағы уақыт және күн айырмашылығымен анықталатын бір тұтынушыға арналған өшірілу ұзақтығы көрсетіледі.

      12. 10-бағанда электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны көрсетіледі.

      13. Қорытынды жолдарда өшіру себептерінің жиыны, өшірулердің ұзақтығы, электрмен жабдықтаудан өшірілген тұтынушылардың саны мына белгілер бойынша:

      – энергия беруші ұйымның электр желілері шегінен тыс технологиялық бұзушылықтар себебінен болған барлық өшірулер 7-бағанның 1-тармағы бойынша;

      – климаттық жағдайлар, оның ішінде атмосфералық артық кернеу (найзағай), желдің есептіктен артық жылдамдығы, көктайғақтың (жабысқақ қар) есептіктен артық қалыңдығы, көктайғақ, су тасқыны, мұз кету, жер сілкінісі, сел, көшкін, опырылу, шөгу, топырақтың кебуі себебінен болған өшірулер 7-бағанның 2-тармағы бойынша;

      – тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың өшірілуіне әкеліп соқтырған электрмен жабдықтауды өшірудің басқа өзге де себептері 7-бағанның 3-тармағы бойынша көрсетіледі.

  Электрмен жабдықтаудың
сенімділігі көрсеткіштерінің
нормативтік мәндерін айқындау
қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
  арналған нысан

Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпарат

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-ЭЖСКА

      Кезеңділік: жылына бір рет

      Есепті кезең: ____ жыл

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға ұсынылады

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Энергия беруші ұйымдар

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей

      _______________________________________________

      (энергия беруші ұйымның атауы)

Есептік кезең

Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны, Cs –

Күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны, Ca(i)

Электрмен жабдықтау үзілісінің ұзақтығы, t, сағат

Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші, (SAIFI)

Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші, (SAIDI)







      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы_______________________________________

      Орындаушы __________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Электрмен
жабдықтаудың сенімділігі
көрсеткіштері туралы ақпарат"
нысанына қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштері туралы ақпарат" (индексі: 1-ЭЖСКА, кезеңділік: жылына бір рет)

      1. Нысанды толтыру есепті жылға тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісіне әкеп соққан өшіру журналының негізінде жүргізіледі.

      2. "Есептік кезең" бағанында нысанды толтырған есептік кезең толтырылады.

      3. "Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны, Cs –" бағанында есептік кезеңдегі энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі тұтынушылардың жалпы саны толтырылады.

      4. "Күнтізбелік жыл ішінде энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтау жүйесіндегі өшірілген тұтынушылардың саны, Ca(i)" бағанында әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өшірулер журналы" нысанынан деректер 10-баған және 7-бағанның 3-тармағы бойынша қорытынды жазбалардың жиыны көрсетіледі.

      5. "Электрмен жабдықтау үзілісінің ұзақтығы, t, сағат" бағанында әкімшілік деректерді жинауға арналған "Өшірулер журналы" нысанынан деректер 9-баған және 7-бағанның 3-тармағы бойынша қорытынды жазбалардың жиыны көрсетіледі.

      6. "Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші, (SAIFI)" бағанында осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес анықталатын өшіру саны толтырылады.

      7. "Бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру ұзақтығының орташа көрсеткіші, (SAIDI)" бағанында осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес анықталатын өшіру ұзақтығы толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады