"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 шілдеде № 13889 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;";

      5-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін оларды Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беру;";

      6-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғалар үшін:

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      өтінім берген күнге дейін бір айдан ерте емес мерзімде берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді;

      3) дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін, өтінім берген күнге дейін бір айдан ерте емес мерзімде берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсына отырып, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінімді мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы он бес жұмыс күн ішінде қарайды.

      Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы үш жұмыс күні ішінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге алынған өтінімді баланс ұстаушыға немесе басқару органына (акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік топтамасын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) беру кезінде) келісуге жібереді. Өтінімге қоса берілетін құжаттар баланс ұстаушыға жіберілмейді.

      Баланс ұстаушы немесе басқару органы (акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік топтамасын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) беру кезінде) жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттарын анықтау туралы ұсыныспен жазбаша түрде келісімді немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартуды ұсынады.

      Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінімді қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хатпен хабардар етеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткізудің жарияланған күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады, әрі мынадай мәліметтерді:

      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;

      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;

      3) тендерді өткізу күнін, уақыты мен орнын;

      4) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың тәртібін, тәсілін, орны мен соңғы мерзімін;

      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

      6) сенімгерлік басқарушыға қойылатын талаптарды;

      7) мемлекеттік басқару органы ұсынған қосымша мәліметтерді қамтиды.";

      25-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді;";

      Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 7 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 6 маусымдағы
№ 238 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Сенімгерлік басқарудың үлгі шарты

      _____________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      _____________ қ. № _____ 20__ жылғы "___" ___________________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___"

      _________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы

      ереженің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік

      мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы "___" _____________ №

      _____________ бұйрығымен бекітілген _________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің

      атауы) туралы ереженің немесе жергілікті атқарушы орган коммуналдық

      меншікті басқаруға уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен

      қаржыландырылатын атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық

      бөлімшесінің атауы)

      немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен

      қаржыландырылатын, коммуналдық меншікті басқаруға жергілікті атқарушы

      орган уәкілеттік берген) атынан бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын

      басшы

      _____________________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта болған

      жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы"

      деп аталатын,

      _____________________________________________________________________

       (20__ жылғы "___" _________ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың)

      негізінде әрекет ететін __________________________________________

       (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке

      басты куәландыратын құжатта болған жағдайда)

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегі

      туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға, бұдан әрі "Объект" деп

      аталатын ____________________________________________________________

      (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы

      Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай

      Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының

      заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда

      сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

      3. Сенімгерлік басқарушы Объектіні сенімгерлік басқаруды

      иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.

      4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік

      басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып

      табылады.

      5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық

      салынғанын/салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының

      Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары

      мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен

      басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі

      шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды

      енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты

      өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________

      жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2. Тараптардың құқықтары

      8. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      9. Сенімгерлік басқарушының:

      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) Мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқару шартымен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шеңберінде осы Шартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша Актіні ұсынған жағдайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі шығарған қажетті шығыстарды өтеуге;

      3) егер бұл заңдарымен немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартпен көзделген болса, сыйақы алуға;

      4) осы Шартта белгіленген шектеулер ескеріле отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

3. Тараптардың міндеттері

      10. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімде сенімгерлік басқаруға беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      11. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, Сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін орындауға;

      6) Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

      7) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын толтыруға;

      8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

      9) Құрылтайшыға _____________________ өз қызметі туралы жазбаша (ұсыну мерзімдері)

      түрде есеп беруге;

      10) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15

      күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға

      (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      11) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде

      (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10

      жұмыс күні ішінде беруге;

      12) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға

      берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      14. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

      16. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      18. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара

      орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда

      Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Құпиялылық

      19. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады депкелісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шаралардықабылдайды.

      20. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшіншітұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

      21. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      22. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қарауға жатады.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      24. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

      Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

10. Өзге де талаптар

      25. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      26. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен

      толықтырулар енгізуге құқылы.

      27. Барлық қосымша келісімдер осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері

      қол қояды.

      28. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

      29. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша күнтізбелік он күн ішінде объектіні Құрылтайшыға қайтарады.

      30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

       Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушы

      ____________________ _________________________

      ______ _____________ ______ __________________

      (қолы) (тегі, аты, (қолы) (тегі, аты,

       әкесінің аты әкесінің аты

       (болған жағдайда) (болған жағдайда)

      М.О. М.О.

  Сенімгерлік басқарудың
үлгілік шартына қосымша

      нысан

Сенімгерлік басқаруға берілген объекті бойынша шығындарды өтеу актісі

      №____ "___" _______________ 20__ жыл

      Объект атауы __________________________________________________

      Сенімгерлік басқару шарты №___ от "___" ______________ 20__ жыл

      Шарт бойынша жалпы сомасы _______________________________ теңге

      Бюджеттік бағдарлама бойынша __________________________________

п/п

Объектімен байланысты шығындардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығындардың жалпы сомасы

Төленген шығындар сомасы

Төленетін сома

Ескерту








Барлығы:







      Сенімгерлік басқаруға берілген объектімен байланысты шығындар сомасы:

      ________________________________________________________ теңге.

      (санмен жазылған)

      Бюджеттік бағдарлама администраторы Сенімгерлік басқарушы

      ___________________________________ _____________________________

      ________ __________________________ _____ _______________________

      (қолы) (ТАЖ (бар болса) (қолы) (ТАЖ (бар болса)

      М.О. М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады