Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14014 болып тіркелді.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 287 бұйрығымен
бекітілген

Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. БАҚ-тың қауіпсіздігін растау оларды мемлекеттік тіркеу және "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен (бұдан әрі - № 299 шешім) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің Тізіліміне енгізу болып табылады.

      3. БАҚ-қа Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес талаптар қойылады.

      4. Ғылыми негіздеменің мақсаты БАҚ-ның зиянсыздығын, халықтың денсаулығына теріс ықпалдың болмауын және оны қолдану тиімділігін ғылыми растау болып табылады.

2-тарау. Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

      5. БАҚ қауіпсіздігінің ғылыми негіздемесі ғылыми есептен және сараптамалық қорытындыдан тұрады.

      6. Ғылыми есепті БАҚ өндірушісі осы саладағы практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институттарын немесе бейінді ғылыми орталықтарын тарта отырып әзірлейді және ресімдейді.

      7. Ғылыми есеп Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2001 жылғы 22 мамырда № 19 бекітілген "Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп" 7.32-2001 МЕМСТ талаптарына сәйкес ресімделеді.

      8. Ғылыми есепте:

      1) БАҚ-тың нысаналы мақсатына сәйкес келетін композициялық құрамының ғылыми негіздемесі;

      2) мәлімделген салада қолдану тиімділігінің негіздемесі;

      3) қолдану (дозалау) тиімділігінің негіздемесі;

      4) оны өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу процесінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның қауіпсіздігін регламенттейтін ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес);

      5) мәлімделген шикізатты клиникалық және эксперменталдық практикада пайдалану бойынша әдеби деректерді салыстырмалы талдау;

      6) қолдану, пайдалану жөніндегі ұсынымдар, қажет болған жағдайда БАҚ-қа қарсы көрсетілімдер;

      7) БАҚ-тың токсикологиялық-гигиеналық және биологиялық қауіпсіздігінің негіздемесі;

      8) импортталатын БАҚ үшін дайындаушы елдің уәкілетті органдарының аталған өнімнің БАҚ-қа (тамақ өнімдеріне) жатқызылғанын немесе дәрілік зат болып табылмайтынын растайтын, сондай-ақ оны өндіруге және сатуға рұқсат етілетінін растайтын құжаттары;

      9) қорытынды және тіркеуге ұсынымдар;

      10) пайдаланылатын әдебиет тізімі көрсетіледі.

      9. Сараптама қорытындысын осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын және қызметтің осы түріне аккредиттеуі бар бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталықтар жанынан құрылған БАҚ-ты тіркеу жөніндегі сараптамалық кеңесі ұсынады.

      10. БАҚ-ты тіркеу жөніндегі сараптамалық кеңес:

      1) № 299 шешімге сәйкес бекітілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттаманы талдауды жүзеге асырады;

      2) БАҚ-тың құрамын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады;

      3) БАҚ-ты қолдану тәсілі мен дозалауды, қолдануға қарсы көрсетілімдерді талдауды жүзеге асырады;

      4) БАҚ-тың қауіпсіздігін зерттеу нәтижелерін талдауды жүзеге асырады (аккредиттелген зертханалар хаттамалары);

      5) қорытындыны және тіркеуге ұсынымдарды ресімдейді.

      11. Ғылыми есепті және сараптамалық қорытындыны ресімдеу мақсаты үшін БАҚ-ты зертханалық зерттеулерді мүше мемлекеттердің ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және № 299 шешіммен бекітілген Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес БАҚ-тың қауіпсіздігін белгілеу мақсатында Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады