Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14015 болып тіркелді.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 297 бұйрығымен
бекітілген

Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидалары
1. Тарауы. Жалпы ережелер

      1. Осы Тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тамаққа биологиялық активті қоспалардың (бұдан әрі – БАҚ) қауіпсіздігін және тағамдық құндылығын қамтамасыз ету мақсатында "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында БАҚ айналымының тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар қызметі Қазақстан Республикасының аумағында БАҚ-тың айналымымен байланысты заңды және жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің орындауы үшін көзделген.

      3. БАҚ-тың қауіпсіздігіне, сондай-ақ БАҚ-тың айналымы процесінде БАҚ-пен жанасатын материалдарға қойылатын осы талаптар қағидаларда және Кеден одағының техникалық регламенттерінде (бұдан әрі – техникалық регламенттер) белгіленеді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тамаққа биологиялық активті қоспалар (БАҚ) – байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;

      2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – қауіпті фактордың іске асу ықтималдылығы мен оның салдарының ауырлық деңгейінің ұштасуы ескеріле отырып, адам өмірі мен денсаулығына зиян келуімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;

      3) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) – өз құзыреттері шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.

2. Тарауы. Қазақстан Республикасы аумағында БАҚ айналымы
1-параграф. БАҚ айналымының тәртібі

      5. БАҚ-тың айналымына Кеден одағынын техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік тіркеу жүргізгеннен кейін, тамақ өнімдерін өндіру объектісінің есепке алу нөмірлерінің тізіліміне енгізілген (БАҚ-ты өндіру (дайындау) орны бойынша) өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру туралы растаудан кейін және олардың жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын келіскеннен кейін ғана жол беріледі.

      6. Осы қағидаларда және Кеден одағынын техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін БАҚ-тың айналымына жол берілмейді.

      7. БАҚ-ты өткізуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер БАҚ-ты сатып алушыларға (тұтынушыларға) және олардың талаптары бойынша уәкілетті органдарға БАҚ-тың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ БАҚ және сатушы (дайындаушы) туралы толық, дәйекті және уақтылы ақпаратты Заңның 11-бабының 8) тармақшасына және "Тұтынушыларың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 25-бабтарына сәйкес ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. БАҚ-ты қаптамалау, сақтау, тасымалдаудың (Еуразиялық экономикалық одағының мүше мемлекеттер аумағында бұрын пайдаланылмаған) жаңа технологиялық процестерін әзірлеу кезінде заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер қауіпсіздік талаптарын және тағамдық құндылықтарды, жарамдылық мерзімдерін негіздейді, сондай-ақ сынау әдістемесін әзірлейді.

      9. БАҚ-ты бөлшек сауда арқылы өткізу "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23416 болып тіркелген) және "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес келетін дәріханалар, дәріхана пункттері, мамандандырылған дүкендер және сауда желісі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. БАҚ-ты:

      1) мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

      2) жарамдылық мерзімі өткен;

      3) тиісті өткізу жағдайлары болмаған кезде;

      4) заттаңбасыз, сондай-ақ заттаңбасындағы ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде келісілген ақпаратқа сәйкес келмеген жағдайда;

      5) заттаңбасында осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарына сәйкес жазылған ақпарат болмаған кезде.

      12. БАҚ-ты өткізу жүзеге асырылатын орындарда көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: "Тамаққа биологиялық активті қоспалар" деген жазба, сондай-ақ "Дәрі болып табылмайды" деген ескерту орналастырылады.

      13. Егер БАҚ-ты өткізу кезінде олардың қауіпті қасиеттерді алуына алып келген бұзушылыққа жол берілсе, БАҚ өткізуге жатпайды және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 46-бабына сәйкес тиісті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша БАҚ кәдеге жаратылады немесе жойылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. БАҚ-ты өлшеп-орау, қаптамалау және таңбалау

      14. БАҚ Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес айналымы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілдермен өлшеп-оралады және қаптамаланады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. БАҚ Кеден одағының тиісті техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес тамақ өнімдерімен жанасу үшін қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалған ыдысқа өлшеп-оралады және қаптамаланады.

      Мықты, таза, құрғақ, бөтен иісі жоқ және бүтіндігі бұзылмаған, арнайы бөлінген орында сақталатын ыдыс қаптамалау материалы пайдаланылады. Бұл ретте ыдыс қаптамалау материалын еденде сақтауға жол берілмейді.

      16. БАҚ-тың қаптамасы Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес айналымның барлық кезеңдерінде сақталуын және сапасын қамтамасыз етеді.

      17. Тұтыну ыдысының әрбір бірлігіне қоса берілетін заттаңбалардағы, қолдану жөніндегі нұсқаулықтардағы немесе ұсынымдардағы БАҚ туралы ақпарат Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері" (022/2011 КО ТР) Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сәйкестікті бағалаудан (растаудан) өткен БАҚ, егер Кеден одағының техникалық регламенттерінде өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

      19. Айналымдағы БАҚ олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамамен бірге жүреді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. БАҚ-ты таңбалау "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері" (022/2011 КО ТР) Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. БАҚ-тың жарамдылық мерзімі мына түрде көрсетіледі:

      1) "дейін тұтыну керек";

      2) "дейін жарамды".

3-параграф. БАҚ-ты сақтау және тасымалдау

      22. БАҚ-ты сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. БАҚ-ты сақтау Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін арнайы жабдықталған үй-жайларда, құрылыстарда жүзеге асырылады.

      24. БАҚ-ты тасымалдау үшін Санитариялық қағидаларға және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (021/2011 КО ТР) сәйкес келетін осы мақсаттар үшін арнайы әзірленген және (немесе) жабдықталған көлік құралдары пайдаланылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. БАҚ-ты кәдеге жарату және жою

      25. Техникалық регламенттер мен нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келмейтін, оның ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен БАҚ-ты кәдеге жарату және (немесе) жою мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (021/2011 КО ТР) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.07.2022 № ҚР ДСМ-66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады