Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 қыркүйекте № 35105 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін:

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 334 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілетін тізбе

      1. "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 367) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 367) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, 2009 жылғы 4 шілдедегі "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;

      3) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;

      4) ЖЭК-ті пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым) – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өзге ұғымдар мен терминдер "Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.".

      2. "Электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10476 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 368) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 368) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың:

      1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;

      2) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;".

      3. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты жасасу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 376) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.".

      4. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 374) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 374) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын (бұдан әрі – ЖЭК орналастыру жоспары) қалыптастыру тәртібін айқындайды";

      2-тармақтың:

      5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын "Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) басым тұтынушылар – құрамына электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта сататын, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;

      7) БЭЖ аймағы – генерациялайтын көздер өндірген электр энергиясын беруге кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулер жоқ, электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібіне сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі;

      8) жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;

      9) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";

      11) және 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      12) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;";

      14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "14) қайталама энергетикалық ресурстар – электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды пайдалану бөлігінде өнеркәсіптік өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін энергетикалық ресурстар;";

      3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. ЖЭК орналастыру жоспары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мынадай деректер негізінде қалыптасады және оны уәкілетті орган бекітеді:

      1) ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері;

      2) ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген электр қуаты, түрі мен БЭЖ орналастыру аймағы (ауданы) көрсетілген ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі;

      3) ЖЭК объектілерінің БЭЖ аймақтары (аудандары) бойынша және ЖЭК пайдалану объектілерінің түрлері бойынша барынша рұқсат етілген қуаты;

      4) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі;

      5) басым шартты тұтынушылардың ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша жобалары.

      4. ЖЭК-тің әр түрі бойынша, оның ішінде түрлері бойынша ЖЭК секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 375) тармақшасына сәйкес бекітеді.";

      7-1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) басым тұтынушылардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша;";

      30 және 31-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. Басым тұтынушының уәкілетті өкілі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ЖЭК пайдалану объектісін және (немесе) басым тұтынушылардың қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын объектісін салу бойынша жобаларды ЖЭК-ті орналастыру жоспарына енгізуге арналған өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді, оған мынадай құжаттар:

      1) басым тұтынушылардың мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;

      2) электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, тікелей тұтынушылар, өнеркәсіптік кешендер мен ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстар пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 165-бабына сәйкес бір тұлғалар тобының құрамына кіретіндігін растайтын құжаттар;

      3) басым тұтынушылардың мүдделерін білдіруге заңды тұлғаның құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі.

      31. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жүйелік оператор ЖЭК-ті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып өндірілетін электр энергиясының нақты және болжамды шамалары туралы және тікелей тұтынушылар мен басым тұтынушының құрамына кіретін өнеркәсіптік кешендердің электр энергиясын жоспарлы тұтыну көлемі туралы ақпаратты жібереді.";

      33 және 34-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 32-тармағын басшылыққа ала отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде басым тұтынушының Өтінішін қарайды және ЖЭК пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін орналастыру жоспары мен Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес ЖЭК түрін, ЖЭК пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі.

      34. Уәкілетті орган басым тұтынушылардың ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің атауы пайдалану жөніндегі объектілерін салу жөніндегі жобаларды ЖЭК және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі объектінің электр қондырғыларына кешенді сынақ жүргізу басталған күнге дейін кемінде 6 ай бұрын ЖЭК орналастыру жоспарына енгізеді.";

      1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;

      3-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 377) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 377) тармақшасына сәйкес әзірленді және резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) болжамды жыл – шығындарды есептеу жүргізілетін күнтізбелік жыл;

      2) кассалық алшақтық – шартты тұтынушылар тарапынан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және өздері жеткізіп берген электр энергиясы үшін ақысы төленбеуі немесе уақтылы төленбеуі салдарынан туындаған ақшалардың уақытша жетіспеушілігі;

      3) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;

      4) резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы резервтік қорды қалыптастыруға жұмсайтын нақты және/немесе болжамды шығындары.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.

      3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы резервтік қорды Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банкінде осы мақсаттар үшін арнайы құрылатын банктік шотқа ақша аудару жолымен қалыптастырады.";

      5, 6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Резервтік қордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары көлемінің үш пайызын құрауға тиіс.

      6. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларының (бұдан әрі – ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары) 4-тармағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар мен уәкілетті орган беретін ақпарат негізінде жыл сайын 30 желтоқсанға дейін:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерінен өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды болжамды жылға есептеуді;

      2) болжамды жылға резервтік қор қалыптастыруға жұмсалатын шығындар есебін мынадай формула бойынша есептеуді:

      ЗРҚ = Зтірк х З% – ЗРҚ.ПП, мұнда

      ЗРҚ – болжамды жылдың резервтік қорын қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      ЗРФ.ПП – болжамды жылдың басында резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар;

      Зфикс – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес анықталатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары;

      3% – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын жылдық шығындары көлемінен резервтік қордың көлемі;

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындарды электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ЖЭК-ті қолдауға арналған шығындарды айқындау қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен және жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) жаңартылатын энергия көздерін қолдау тарифінде есепке алады.";

      9-тармақ алып тасталсын.

      10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезеңі (күнтізбелік ай) үшін резервтік қорды қалыптастыруға жұмсайтын, мынадай формула бойынша айқындалатын нақты шығындары:



      SЖЭК – жыл басынан бастап ағымдағы есептік айға дейін (күнтізбелік айды) қоса алғанда жаңартылатын көздерді пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары;


– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өткен жылы жаңартылатын көздерді пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсаған жылдық шығындары;

      ФЖЭК – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) сәйкес жыл басынан бастап тиісті есептік кезеңге (күнтізбелік айды) қоса алғандағы талап етілген қаржылық қамтамасыз ету.


– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өткен айдағы резервтік қорды қалыптастыруға жұмсаған шығындары.

– теріс сан болған кезде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған шығындар есебінде резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындарды есепке алмайды.

      11. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген есеп айырысу деректері негізінде жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған шығындарды есептеу кезінде резервтік қорды қалыптастыру шығындарына ай сайын есеп жүргізеді.

      Бұл ретте есепті жылда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерден электр энергиясын сатып алуға жұмсалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жылдық шығындарының үш процентіне дейінгі сомманы резервтік қорға толықтыру Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі арнайы банк шотына күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет корпоративтік табыс көзін есептемегенде есепті жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      12. Резервтік қордың ақшасын электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тек қана кассалық алшақтықтарды және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы, электрэнергиясының көтерме нарығы субъектілері тарапынан төлем жүргізілмеуі немесе кешіктірілуі салдарынан туындаған берешегін өтеуге жұмсайды.

      13. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясының көтерме нарығы субъектілері үшін Заңда белгіленген төлем жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын кассалық алшақтық шамасын анықтайды және резервтік қордың ақшасын аталған кассалық алшақтықты жабу үшін пайдаланады.

      14. Резервтік қордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушы кассалық алшақтықты жабу үшін пайдаланған ақшалай қаражаттар қайтарылады және энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен келіп түскен ақшалай қаражат есебінен резервтік қордың арнайы банктік шотына есепке алынады.

      15. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептемеге аудит жүргізуге және оны уәкілетті органға ұсынуға тиіс.".

      6. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14497 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 371) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 371) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, "Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      7. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 355) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 355) тармақшасына сәйкес әзірленген және аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлері мен оларды енгізу және қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушысының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақтандырылған жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;";

      5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – уәкiлеттi орган айқындайтын, "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "12) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;";

      14) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "14) ЖЭК пайдалану объектісі – ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;".

  Тізбеге
1-қосымша
  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін
орналастыру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша

ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспары

Ауданы, орналасқан жері

Объект түрі

Белгіленген қуат, МВт

ЖЭК орналастыру жоспарына қосқан күні *

Басым тұтынушылардың ЖЭК объектісін салу бойынша жобаның атауы *

Басым тұтынушылардың уәкілетті ұйымының атауы*

Басым тұтынушылардың құрамына кіретін шартты тұтынушы (лар) атауы *

Болжамды орнатылғын қуаттың пайдалану коэффициенті, %*

Электр желілеріне қосылу нүктесі (лері)*

ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға беру күні*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

БЭЖ аймағы

Облыс























      * ескерту: тек басым тұтынушыларды толтыру үшін

  Тізбеге
2-қосымша
  Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану объектілерін
орналастыру жоспарын
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша

Басым шартты тұтынушылардың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша жобаларын жаңартылатын энергия көздерін орналастыру жоспарына қосуға арналған өтініш

      __________________________________________________________________

      (басым шартты тұтынушының уәкілетті өкілінің толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (шартты тұтынушының (-лардың) толық атауы) қажетті құжаттар топтамасымен бірге жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін салу бойынша

      __________________________________________________________ жобасын

      (жобаның толық атауы)

      ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін орналастыру жоспарына қосу үшін осы өтінішті жолдайды.

      1. Басым шартты тұтынушы туралы жалпы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).

      2. Басым шартты тұтынушының құрамына кіретін тұтынушылар туралы ақпарат (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).

      3. Басым шартты тұтынушының ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың объектісін (бұдан әрі – Объект) салу бойынша жобасы туралы деректер:

      1) Объектінің пайдаланатын ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін және Біртұтас энергетикалық жүйе аймағын, облысын, ауданын көрсете отырып, Объектінің жоспарланған орналасу орны көрсетілген Объекті атауы;

      2) ЖЭК және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды түрлері мен жылдар бойынша бөле отырып, Объектінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты;

      3) Объектіні пайдалануға енгізудің жоспарланған күні;

      4) Объектінің қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті.

      4. Объекті жабдығы туралы деректер – генерациялайтын жабдықтың жеке бірлігінің қуатын көрсете отырып, Объектідегі генерациялайтын жабдықтың саны мен түрі.

      5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) __________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________;

      3) __________________________________________________________.

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні) және лауазымы)

      Ескертпе.

      Ұйым бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады