"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы №15-1/565 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 қыркүйекте № 14239 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.09.2020 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11874 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мыналар:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның және (немесе) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранысына теріс жауабы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес талап етілетін олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      3) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу үшін мәлімделген пестицидтердің (улы химикаттардың) химиялық құрамының, рецептурасының және өндіру технологиясының пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтің (улы химикаттың) химиялық құрамына, рецептурасына және өндіру технологиясына сәйкес келмеуі;

      4) пестицидтерге (улы химикаттарға) жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану қызметтеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 17 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 28 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы " " ________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің м.а.

      _______________ М. Құсайынов

      2016 жылғы 3 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _______________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 5 тамыз



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады