"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы |
Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитеті | |
төрағасының | |
2016 жылғы 23 тамыздағы | |
№170 бұйрығымен бікітілген |
Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерінің өзгерісіне жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуді, қамту және жіктеуіш жүйесін, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеудің, салмақтау құрамдас бөліктерін қалыптастыру және пошталық және курьерлік қызметтері тарифтерінің индексін және байланыс қызметтері тарифтерінің индексін құрудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.
3. Осы Әдістемені пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтеріне жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтың статистика бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банкі (2004 жылы) шығарған "Өндірушілер бағасының индексі бойынша нұсқау: теория және тәжірибе" нұсқауының халықаралық стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасы мен зерттелетін экономикалық қызмет түрінің ерекшелігін ескере отырып әзірленген.
5. Пошталық және курьерлік қызметтері тарифтерінің индекстері және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстері заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерінің уақыт ішінде өзгеруін сипаттайды.
Пошталық және курьерлік қызметтері және байланыс қызметінің тарифтер индекстері:
1) пошталық, курьерлік қызметтерінің және байланыс қызметінің нақты көлем индекстерін есептеу;
2) аталған экономикалық қызмет түрінде еңбек өнімділігін есептеу және басқа да экономикалық-талдамалық есептеулер;
3) мемлекеттік органдар және ғылыми ұйымдар жүргізетін экономикалық мониторингті, болжамдауды, салыстыруды жүзеге асыру үшін қолданылады.
6. Осы Әдістемеде Заңда, сондай-ақ "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар мен келесі терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) агрегатталған баға (тарифтер) индексі – жекелеген шағын топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша өзгерісті сипаттайтын және жекеленген баға индекстер (тарифтер) негізінде құрастырылатын индекс;
2) базалық объект – ондағы бағаларды тіркеу және байқау үшін іріктеліп алынған, заңды тұлға;
3) бас жиынтық – сипаттамасы бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;
4) жеке (қарапайым) баға индексі – зерттелетін жиынтықтың (нақты тауардың, қызметтің) бір элементі бағаларының өзгерісі;
5) жіктелім – қабылданған белгілерге сәйкес ұқсастықтары мен өзгешеліктері бойынша көптеген объектілерді топқа бөлу;
6) өкіл-қызмет – топтағы қызметтің сапасы мен негізгі тұтыну қасиеттеріне әсер етпейтін және мақсаты бойынша біртекті бір-бірінен елеусіз ерекшеліктерімен айрықшаланатын, белгілі бір қызмет түрлерінің жиынтығы;
7) салмақтау – жиынтық көрсеткішті алу үшін индекстік есептеуде қолданылатын және қосылмайтын әртүрлі өлшем бірліктегі көрсетілген қызмет түрлерінің өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім;
8) салмақтау схемасы – стандартты жіктемеге сәйкес, агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған нақты өнімнің, тауарлардың, қызметтердің салмақ жиынтығы;
9) сипаттама – бағаны тіркеу үшін іріктелген жеке қызметті сәйкестендіру үшін қолданылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізімі;
10) статистикалық бизнес-тіркелім – тіркелімге енгізілген барлық өлшем бірліктер туралы қысқаша әкімшілік және экономикалық ақпаратты қамтитын құқықтық және статистикалық бірліктердің арнайы ұйымдастырылған және жүйеленген тізбесі;
11) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;
12) іріктемелі байқау – жалпы жиынтықтың барлығының өзіндік ерекшелігін жорамалдауға мүмкіндік беретін бас жиынтықтың кейбір бөлігін зерттеу.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қамту және жіктеу жүйесі
7. Пошталық және курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерi үшiн экономикалық, географиялық, салалық қамтудың аясы және байқаудың статистикалық бiрлiктері шеңберінде анықталады.
8. Заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерінің индексі заңды тұлғаларға өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін оларға қажетті осы қызметтерді өндіру бойынша операцияларды есепке алады. Операциялар қосылған құн салығынсыз, нарықтық бағалар бойынша бағаланады.
9. Экономиканың зерттеліп отырған сегменттері Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес әртүрлі шарттарда хаттар мен сәлемдемелерді алу, тасымалдау және жеткізу бойынша қызметтер сияқты пошталық және курьерлік қызметтерді қамтитын "Пошталық және курьерлік қызмет" (ЭҚЖЖ – 53) және телекоммуникациялық және басқа да дауыстық, мәтіндік, дыбыстық және бейне деректер сияқты "Телекоммуникациялар" (ЭҚЖЖ – 61) бөлімдерімен ұсынылған.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері географиялық қамту желілік ерекшелігімен сипатталатын нарықтың ерекшелігімен айқындалады, бұл қызметтерді тұтыну шекарасын шектемейді.
Пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру Ұлттық пошта операторынан және байланыс операторларынан алынатын ақпарат негізінде республиканың барлық өңірлері бойынша жүзеге асырылады.
Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтерi тарифтерiнің өңірлік индекстерiн есептеу үшін заңды тұлғаларға арналған қызмет көлемiнiң өңірлік құрылымы туралы ақпарат қолданылады.
11. Жіктеуіш жүйесі іріктемені қалыптастыру үшін негіз болып табылады, индекстер құрылымын және қызметтің қаңдай түрі қамтылатынын айқындайды.
Стандартты статистикалық жіктелімді қолдану пайдалану және халықаралық деңгейде салыстыруға жарамды маңызды деректер қатарын алуға мүмкіндік береді. Пошталық, курьерлік қызметтерінің және байланыс қызметтерінің тарифтер индекстерін құру үшін пайдаланылатын негізгі жіктеуіштер мыналар болып табылады:
1) экономикалық қызмет түрлерін және көрсетілетін қызмет класын анықтау үшін – ЭҚЖЖ;
2) қызметтердің түрлерін нақтылау үшін көрсетілетін қызметтердің жіктелімі қолданылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерінің өзгерісін байқау үшін статистикалық бірлік осы экономикалық қызмет түрлерінде қызметін жүзеге асыратын және барлық өндірістік операцияларға қатысты шешімдер қабылдайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер – пошталық және курьерлік қызметтерін және байланыс қызметтерін өндірушілер болып табылады. Оларға осы қызмет түрлеріне лицензия негізінде қызметті өндіретін және көрсететін ұйымдар (бұдан әрі – операторлары) кіреді.
3-тарау. Базалық объектілерді іріктеу
13. Жаппай емес байқаудың басымдылығы жекелеген бірліктерді егжей-тегжейлі зерттеу негізінде бас жиынтықты сипаттайтын деректерді алу, едәуір қысқа мерзімдерде және аз ресурстарды шығындаумен ақпаратты өңдеу және нәтижелерін қалыптастыру болып табылады.
Жаппай емес байқауда барлық зерттелетін жиынтықтан ғылыми-негізделген әдiстердi қолдана отырып бас жиынтықтың пропорцияларын және тәуелділігін нақты көрсетуді көздейтін белгілі бір бірлік саны iрiктеледi.
14. Пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері тарифтерін байқау үшін базалық объектілерді іріктеу үшін бас жиынтық статистикалық бизнес-тіркелім деректері болып табылады.
15. Іріктеу барысында бас жиынтықтан белгілі критерийі бойынша ең көп үлес салмағы бар бірліктерді іріктеуді көздейтін негізгі массив әдісі қолданылады.
Пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері үшін базалық объектілерді іріктеу кезінде негізгі критерий пошталық және курьерлік қызметтердің және байланыс қызметтерінің көрсетілген қызметтері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша қалыптастырылатын заңды тұлғаларға көрсетілген "көрсетілген қызметтің көлемі" көрсеткіштері болып табылады.
Ірiктеменің репрезентативті басқа критерийі негізгі қызмет түрлерін барынша қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы жылдары қызмет нарығында пайда болған сымсыз байланыстың, курьерлік жеткізудің жаңа түрлерін көрсететін операторлар көрсетілген қызмет көлеміне қарамастан іріктемеге қосылады.
16. Базалық объектілер іріктемесі келесі қағидаттарға негізделеді:
1) ауқымдылық – барлық типтегі және әртүрлі меншік нысанындағы объектілерді қосу;
2) географиялық репрезентативтілігі – байқаудың әртүрлі өңірлерінде орналасқан объектілерді таңдау;
3) типтілік – осы экономикалық қызмет түріне тән жұмыс шарттары (көрсетілетін қызметтердің түр-түрі, технологиялық үдерістер және басқалары) бірдей болатын объектілерді қосу;
17. Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтер тарифтерінің қозғалысын байқау үшін кәсіпорындар жаппай негізге қосылады.
Ұлттық пошта операторы пошталық және курьерлік қызметтер тарифтерінің өзгерісін байқау үшін базалық объект болып табылады.
Көптеген ұйымдар көрсететін байланыс қызметтері бойынша мақсатқа негізделген іріктеме әдісі қолданылады. Базалық желіге заңды тұлғалар үшін көрсетілген байланыс қызметтерінің көлемі ең көп операторлар кіреді.
Салада баға үрдісін толық көрсету мақсатында көрсетілетін қызмет көлемі көп, бірақ оларда тұрақты негізде көрсететін операторлар қосылады.
Іріктеме іріктеліп алынған базалық объектілер өңірдегі заңды тұлғаларға көрсетілетін байланыс қызметінің жалпы көлемінің 70%-дан астамы қамтылған жағдайда репрезентативті болып саналады.
18. Базалық объектілердің іріктемелі жиынтығын жандандыру пошталық, курьерлік қызметтері және байланыс қызметтері нарығындағы құрылымдық өзгерістерге байланысты жүзеге асырылады. Қызмет нарығынан шығып қалған операторлар мен ұйымдар алынады, ал жаңадан құрылғандары статистикалық байқауға қосылады.
4-тарау. Қызмет түрлері мен өкіл-қызметтерді іріктеу
19. Қолданыстағы стандартты жіктеуіштің және зерттелетін нарықтардың жағдайын көрсететін деректердің негізінде бағалық байқау үшін белгілі бір қызмет түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) іріктеліп алынады. Оған осы қызмет секторына және республиканың барлық өңірлеріне тән едәуір маңызды айқындамалар қосылады.
Негізделген тізбені Ұлттық статистика бюросы зерттелген жиынтықтың (ықтималсыздық (мақсатқа) іріктеу) едәуір типті элементтерін зерттеуге мүмкіндік беретін іріктеу арқылы қалыптастырады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Бағалық байқау үшін тізбе келесі критерийлерге сәйкес құрылады:
1) өкілділігі. Іріктеп алынған топ немесе қызмет түрі байқалатын сегмент үшін айқындық мәнге ие болады және оның барлық құрылымында үлес салмағы мүмкіндігінше көп;
2) өзектiлiк және жүйелiлiк. Көрсетілетін қызметтер нарықта сұранысқа ие және ұзақ мерзім ішінде қолжетімді;
3) бағалық серпінінің репрезентативтілігі. Іріктеліп алынған қызмет түрінің тарифтер қозғалысы басқалардан, олардың іріктеп алынбаған түрлерінің серпінінен ерекшеленбейді және нарықтағы бағалық жағдайдың экономикалық шынайлығын көрсетеді.
21. Қызмет түрлерін іріктеу үшін ақпараттық дереккөз ретінде заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық, курьерлік қызметтерінің және байланыс қызметтерінің көлемі туралы статистикалық байқаулардың өткен жылғы деректері пайдаланылады.
Республиканың коммуникациялық кешенінің негізін құрайтын, кең таралған, қолжетімді қызмет түрлері қосылады. Пошталық және курьерлік қызметтер үшін – бұл мерзімді басылымдарды жеткізу, хаттарды, сәлемдемелер мен бандерольдерді жіберу, сымды байланысы үшін – телефон байланысы, Интернетке қатынау қызметтерін ұсыну бойынша қызметтер, сымсыз байланысқа – бұл ұялы байланыс қызметтері, жылжымалы радиотелефон, транкингтік және спутниктік байланыс түрлері, сымсыз желілер бойынша Интернетке қатынау қызметтерін ұсыну.
22. Қызмет түрлерінің тізбесі және нарықтың конъюнктурасын зерделеу негізінде нақты өкіл-қызметтер іріктеледі.
Негізгі массив әдісін пайдалана отырып, құрылымында өткізу көлемінің артық үлес салмағы бар қызмет түрлерінің әрқайсысынан олардың басқа түрлері таңдалады. Репрезентативті өкіл-қызметтердің тізбесіне мынадай қызметтер:
1) заңды тұлғалар өндіріс қызметі үдерісінде үнемі пайдаланатын;
2) өзгермейтін сапалық параметрлері және бірдей өлшем бірліктері бар;
3) ақпаратты жинау тұрғысынан қолжетімді, ал олардың бағалық өзгерістері осы қызмет тобына тән қызметтер қосылады.
Бір өкіл-қызмет шеңберінде көрсетілетін қызмет түрлерін қамту олардың техникалық және сапалық сипаттамаларын қамтитын ерекшеліктерін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Қызметтің тиісті түрлерін тікелей көрсететін операторлардың ақпараты ерекшеліктерді анықтау үшін дереккөз болып табылады.
23. Өңірлер деңгейінде пошталық, курьерлік қызметтерінің және байланыс қызметтерінің (елді мекеннің, елдің атауы) есепті жыл бойы олардың тарифтері байқалатын нақты бағыттары іріктеледі.
24. Нарықта қызметтің жаңа түрлері пайда болғанда немесе жекелеген түрлерінің маңыздылығы төмендегенде тарифтерді байқауға арналған тізбе оларды қосу немесе алып тастау жолымен жандандырылады.
25. Іріктелген өкіл-қызметтердің тарифтерін тіркеу ай сайын қызметті есепті кезең ішінде олардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгіленген ерекшеліктері бар нақты өкіл-қызметтерге жүзеге асырылады. Тарифтер айдың 21 күніндегі жағдайы бойынша теңгемен қосылған құн салығынсыз тіркеледі.
5-тарау. Салмақтау схемасын қалыптастыру
26. Пошталық және курьерлік қызметтердің тарифтері индексін және байланыс қызметтерінің тарифтері индекстерін құру кезеңдерінің бірі қолданыстағы жіктеуішке сәйкес оларды төменгі деңгейден жоғары деңгейге агрегаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін салмақтау сызбасын қалыптастыру болып табылады.
27. Тарифтер индекстерінің салмақтау сызбасын қалыптастыру үшін белгілі бір базалық жылдағы заңды тұлғалар үшін көрсетілген қызмет көлемі туралы деректер қолданылады.
28. Салмақтау сызбасын қалыптастыру үдерісі келесі операцияларды қамтиды:
1) көрсетілген қызмет көлемі туралы құндық деректерді анықтау және оларды байқауға қосылған түрлері, топтары, кластары арасында бөлу. Қамтылмаған қызмет кластары, топтары түрлері бойынша, қайта бөлінетін құндық деректер қызметінің түрлері ұқсас қызмет түрін көрсететін, тексерілетін топтар бойынша немесе байқауға қосылатын барлық құраушы бөліктері бойынша, пропорционалды түрде таратылады;
2) қызмет түрлері бойынша көрсетілген қызметтер туралы орташа жылдық құндық деректер мен тарифтер деңгейін салыстырмалы база ретінде алынған бірыңғай уақыт кезеңіне сәйкес үйлестіруді (түзетілген құндық деректер) жүзеге асыру;
3) түзетілген құндық деректерді көрсетілетін қызметтердің түрлері, ішкі түрлері, топтары, кластары арасында қайта бөлу (соңғы түзетілген құндық деректер).
29. Тарифтер индекстерін құру кезінде салмақтардың базистік кезеңі бағаның базистік кезеңіне сәйкес болуы үшін талаптарды сақтау талап етіледі. Бұл өткен жылғы желтоқсандағы бағаға базистік жылда көрсетілген қызмет көлемі туралы деректердің орташа жылдық құнын түзету қажеттілігін туындатады. Ол үшін келесі тізбекті операциялардан тұратын салмақтарды түзету рәсімі қолданылады:
1) түзету коэффициентін айқындау;
2) түзетілген салмақтарды айқындау;
3) түзетілген салмақтарды нормалау.
Түзету коэффициентін есептеу үшін индекстер тарифтерінің ай сайынғы қатары өткен жылғы желтоқсанға қолданылады. Түзету коэффициенті желтоқсандағы тарифтер индексінің мәнін өткен жылғы желтоқсанға және анықталатын салмақ бойынша жыл бойғы тарифтер индекстерінің орташа мәніне бөлуді білдіреді:
, (1)
мұндағы
K – түзету коэффициенті;
- өткен жылғы желтоқсандағы алдыңғы жылғы желтоқсанға баға тарифтерінің индексі;
- салмақ анықталатын жылдағы айлық тарифтердің индекстері өткен жылғы желтоқсанға;
1, 2,...,12 – базистік жылдың айлары.
Түзету коэффициенті тарифтердің индекстерін жіктеудің ішкі түрлері (алты мәнді деңгей) бойынша есептеледі және агрегаттаудың төмен тұрған әрбір сатысы үшін ішкі түрдегі айқындама қолданылады. Бұрын анықталған қызмет көлемін түзету коэффициентіне көбейту арқылы қызметтің ішкі түрлеріндегі айқындамалар бойынша түзетілген құндық деректер есептеледі.
Барлық жиынтық бойынша түзетілген салмақ қолданыстағы агрегаттауға сәйкес түзетілген салмақты қосындылау арқылы есептеледі. Егер алынған сома (барлық жиынтық бойынша) бірге тең болмаса, құн нормаға келтіріледі. Ол үшін көрсетілетін қызметтің әрбір түрінің алынған салмағы олардың барлық жиынтығының түзетілген салмақтарының сомасына бөлінеді.
6-тарау. Тарифтердің индексін есептеу
30. Іріктеме жиынтықтың элементтерін қамту дәрежесіне байланысты жеке және агрегатталған тарифтер индекстерін есептеу жүргізіледі.
Жеке тарифтер индексі байқау үшін іріктелген өкіл-қызметтер бойынша базалық объектілерде тіркелген тарифтерге қатынасы түрінде төмендегі формула бойынша есептеледі:
(2)
мұндағы
"j" – көрсетілетін қызметтің әр түріне тарифтердің жеке индексі;
Ptj – "t" есепті айдағы "j" көрсетілетін қызметтің әр түрінің тарифі;
P(t-1)j– "t-1" өткен айдағы "j" көрсетілетін қызметтің әр түрінің тарифі.
Тарифтердің жеке индексін есептеу көрсетілетін қызмет түрлері бойынша орташа тарифтердің жеке индекстерінің геометриялық қарапайым формуласы (салмақталмаған) бойынша өкіл-қызметтер бойынша жүргізіледі (Джевонс индексі):
(3)
мұнда
Ij – j көрсетілетін қызмет түрі тарифтерінің жеке индексі;
I1, I2…Ik – өкіл-қызметтер бойынша тарифтердің жеке индексі;
k – өкіл-қызметтің саны.
31. Барлық келесі кезеңдерде тарифтердің жеке индекстері жіктелімнің иерархиялық құрылымына сәйкес және тиісті салмақтарды қолдана отырып, едәуір жоғары деңгейлі индекстерге – агрегаттық индекстерге біріктіріледі.
Агрегаттаудың едәуір жоғары деңгейлерінде (класс, топ, бөлім, секция) тарифтер индекстерін есептеу үшін тұрақты салмақтау схемасы арқылы салмақталған тарифтер өзгерісін тізбекті байқау негізінде индекстерді есептеуге мүмкіндік беретін Ласпейрес формуласының медификацияланған үлгісі қолданылады.
кезінде (4)
,
мұндағы
IL – t есепті кезеңдегі базистік "t-1" кезеңіне қарағандағы тарифтер индексі;
– көрсетілетін қызмет түрі тарифтерінің жеке индексі;
P0, Q0 – агрегаттау үшін стандартты салмақ ретінде қабылданатын базистік кезең тарифтеріндегі көрсетілген қызметтің көлемі;
Pt-1Q0 – есепті кезеңдегі көрсетілген қызметтің көлемі;
өткен кезеңге көрсетілген қызмет түрлері бойынша жеке тарифтер индекстерінің туындысы.
32. Өткен жылғы сәйкес кезеңге (үдемелі қорытындысымен айға, кезеңге) тарифтер индекстерін құру база ретінде белгіленген есептеу нүктесі немесе базистік кезеңі бар тізбекті серпінді қатар құру үшін өзара айлық баға индекстерінің арасындағы "үйлесуді" (жалғасуды) көздейтін базистік әдіспен жүзеге асырылады. Есептеу нүктесі ретінде таңдап алынған базалық кезең бес жылда бір рет ауыстырылады.
Базалық кезеңдегі тарифтер индексі есепті айдағы жеке тарифтер индексін базалық кезеңдегі өткен айдағы тарифтер индексіне көбейту арқылы табылады:
(5)
мұндағы
Ib – "t" есепті айдағы базалық "b" кезеңге тарифтер индексі;
Ib(t-1) – өткен "t-1" айдағы "b" базалық кезеңге тарифтер индексі;
It – "t" есепті айдағы тарифтердің жеке индексі.
33. Өткен жылғы тиісті айға есепті жылғы тарифтер индексін есептеу есепті жылғы базалық индекстік қатардағы тарифтердің айлық индексін өткен жылғы осы қатардағы тарифтердің айлық индексіне бөлу арқылы анықталады:
(6)
мұндағы
It – есепті "g" жылғы "t" айдағы өткен "g-1" жылғы тиісті айға тарифтер индексі;
Itg – индекстік қатардағы "g" есепті жылғы "t" айдағы тарифтер индексі;
It(g-1) – индекстік қатардағы "g-1" өткен жылғы "t" айдағы тарифтер индексі.
34. Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелi қорытындымен тарифтер индекстерi салыстырмалы кезеңдегі базистік индекстік қатардағы тарифтердің айлық индекстерінің сомасын өткен жылғы осы қатардағы сәйкес айлық баға индекстерінің сомасына бөлу арқылы анықталады:
(7)
мұндағы
– "g" есепті жылғы қаңтар-желтоқсандағы "g-1" өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға тарифтер индексі;
– "g" индекстік қатардағы есепті жылғы қаңтар, ақпан, ..., желтоқсандағы тарифтер индексі;
– индекстік қатардағы "g-1" өткен жылғы қаңтар, ақпан, ..., желтоқсандағы тарифтер индексі.
35. Тоқсан ішінде, өткен тоқсанға тарифтер индексі базалық индекстік қатардағы есепті тоқсанды анықтайтын тарифтердің айлық индекстері сомасын өткен кезеңдегі индекстер қатарындағы тарифтердің айлық индекстерінің сомасына қатынасы ретінде анықталады:
(8)
мұндағы
– есепті жылғы екінші тоқсандағы бірінші тоқсанға тарифтер индексі;
– индекстік қатардағы g есепті жылғы сәуірдегі, мамырдағы, маусымдағы тарифтер индекстері;
– индекстік қатардағы g есепті жылғы қаңтардағы, ақпандағы, наурыздағы тарифтер индекстері.