Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 ақпанда № 35763 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3, 6 және 7-тармақтарын, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Тізбенің 3-тармағы жиырма үшінші абзацының және 7-тармағының қырық бесінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 6 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарда:

      23-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің ақпараттық жүйесінің жұмысында клиенттердің қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы электрондық банктік қызметтерге және (немесе) банктің электрондық терминалдар желісіне қолжетімділігінің бір сағаттан аса уақытқа үзілуіне әкеп соққан іркіліс (бос тұрып қалу) туындаған жағдайда, банк электрондық хабар жіберу арқылы Ұлттық Банкке шұғыл хабарлайды. Іркіліс (бос тұрып қалу) жұмыс істемейтін уақытта туындаған жағдайда, банк Ұлттық Банкке іркіліс (бос тұрып қалу) туындаған күннен кейінгі жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден кешіктірмей хабарлайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және ұлттық пошта операторы Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген) бекітілген Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларының 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан тыс бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей жібереді.".

      2. "Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 20) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 20) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын төлем жүйелеріне (бұдан әрі – төлем жүйесі) қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      Талаптар төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын орналастырудан, төлем жүйесін пайдаланушының және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Орталық) өзара іс қимылынан, төлем жүйесінің терминалынан, негізгі ақпараттан, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қойылатын талаптардан, қызмет көрсететін қызметкердің жұмысын ұйымдастырудан, операциялық тәуекелді басқаруға және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардан тұрады.".

      3. "Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидалары, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарда:

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Электрондық ақша жүйелерінің операторлары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған электрондық ақша жүйелері операторларының жалпы басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Электрондық ақша жүйелерінің операторлары ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарды бекітеді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ішкі құжаттарды қайта қарау тәртібі мен кезеңділігі электрондық ақша жүйелері операторларының ішкі құжаттарында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

      "57-1. Электрондық ақша жүйесінің операторы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін жылына бір реттен сиретпей тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру материалдары қоса берілген есеп жасалады, ол электрондық ақша жүйесі операторының басшысына жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 58-1, 58-2 және 58-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "58-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесінің операторы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілік пен функциялардың аражігін ажырату мақсатында ақпараттандыру объектілерін құру, қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесін құрады немесе ақпараттандыру объектілерін құру, қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелер штатында тұрмайтын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамды айқындайды.

      Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді және электрондық ақша жүйесі операторының ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды.

      Электрондық ақша жүйесінің операторы мыналарды өткізу арқылы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді:

      1) ішкі іс-шаралар (лекциялар, семинарлар);

      2) сыртқы оқыту (курстарға, семинарларға қатысу – әрбір қызметкер үшін екі жылда бір реттен сиретпей).

      58-2. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа қызметкер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптармен (кіріспе нұсқау алу) қол қойып танысады. Танысу нәтижесі тиісті нұсқау алу журналында немесе нұсқау алынғанын растайтын өзге де құжатта тіркеледі.

      Осы тармақтың талаптары Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары болып табылатын электрондық ақша жүйесінің операторларына қолданылады.

      58-3. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесі операторының қызметкерімен жасалатын еңбек шартында қызметкердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырын ақпаратты жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау міндеті қамтылады.";

      59-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) ноутбуктер немесе өзге де құрылғылар Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесі операторының ақпараттық активтеріне электрондық ақша жүйесі операторының қорғау периметрінен тыс қосылған жағдайда осы құрылғыларда қорғалған қолжетімділікті ұйымдастыру үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылым (байланыс арнасын шифрлау, екі факторлы аутентификацияны қамтамасыз ету) орнатылады.";

      мынадай мазмұндағы 66, 67, 68, 69 және 70-тармақтармен толықтырылсын:

      "66. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесінің операторы ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларымен және оқыс оқиғаларымен алмасу үшін Ұлттық Банктің платформасына қосылу үшін статикалық IP-мекенжайды пайдаланады және ол туралы ақпаратты Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Статикалық IP-мекенжай өзгерген жағдайда электрондық ақша жүйесінің операторы статикалық IP-мекенжай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкті бұл туралы хабардар етеді.

      67. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлем қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, төлем қызметтерін көрсету кезінде жасалатын төлемдерді өңдеуді қамтамасыз етеді.

      68. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесі операторының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайы (деректерді өңдеу орталығы) мынадай жүйелермен жабдықталады:

      1) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі;

      2) күзет сигнализациясы;

      3) өрт сигнализациясы;

      4) автоматты өрт сөндіру жүйесі;

      5) бейнебақылау жүйесі.

      Серверлік және коммуникациялық жабдық электр қуаты жүйесіне үздіксіз қуаттандыру көздері арқылы қосылады.

      Электрондық ақша жүйесінің операторында серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы) болмаған жағдайда, осы тармақтың талаптары жалданатын үй-жайларға немесе электрондық ақша жүйесі операторының ақпараттандыру объектілері орналасқан үй-жайларға қолданылады.

      69. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесі операторының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайына (деректерді өңдеу орталығына) кіру рұқсаты тізбесін электрондық ақша жүйесі операторының басшысы немесе оның орнындағы адам бекітетін адамдарға беріледі.

      Электрондық ақша жүйесінің операторы серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) кіруді бақылау мен басқару жүйесінің журналын кемінде бір жыл жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді.

      70. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы болып табылатын электрондық ақша жүйесі операторының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайының (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесі серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) барлық өту жолдарын, кіреберістерді бақылауды қамтамасыз етеді. Серверлік үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) бейнекамераларды орналастырғанда серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) ішінде және оған кіреберісте бейнебақылаумен қамтылмаған аймақтар болмайды.

      Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесінде оқиғалар үздіксіз немесе қозғалыс детекторы пайдаланыла отырып жазылады.

      Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар архиві кемінде үш ай сақталады.".

      4. "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда:

      66-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банкоматтарда төлем карточкасын ұстаушының бет-әлпетін тіркеуге мүмкіндік беретін кемінде бір камера орнатылады. Камера тіркеген бейнелерді эквайер кемінде күнтізбелік бір жүз сексен күн сақтайды.

      Эквайер банкоматын пайдалануға байланысты даулы жағдайлар туындаған кезде төлем карточкасын ұстаушы өтініш жасаған жағдайда, камера тіркеген бейнелерді сақтау мерзімі даулы жағдайлар шешілгенге дейін ұзартылады;".

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының резидент-банкі Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттың ашылу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде операторы Ұлттық Банк болып табылатын төлем жүйелерінің (бұдан әрі – төлем жүйелері) қатысушысы мәртебесін алу үшін Ұлттық Банкпен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт (бұдан әрі – қатысу туралы шарт) және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) төлемдік және ақпараттық хабарларды өңдеу және беру туралы шарт (бұдан әрі – жүйеде қызмет көрсету туралы шарт) жасайды.".

      6. "Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мәліметтер Ұлттық Банкке электрондық тәсілмен Ұлттық Банк белгілеген ақпарат беру форматтарымен ұсынылады.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:

      "23. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес "Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде ұсынады.

      24. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес "Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде ұсынады.

      25. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес "Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде мына тұлғалар ұсынады:

      1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары;

      2) ұлттық пошта операторы.";

      4-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша алып тасталсын;

      Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 17-қосымшамен толықтырылсын;

      Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 18-қосымшамен толықтырылсын;

      Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 19-қосымшамен толықтырылсын.

      7. "Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтарды, іркілістерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы) – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер;

      2) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер туралы ақпарат;";

      15-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өтуі туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) жобасын не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізеді (хабарламаға қол қойылған кезде), төлем ұйымына есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталында есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуден және төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуден және төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешімді жібереді.

      Алдын ала шешім өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе білдіруге құқылы.";

      23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-1. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру төлем ұйымы Ұлттық Банкке "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімді берген кезде жүзеге асырылады.

      Процестің сипаттамалары, қызмет көрсету нысаны, мазмұны мен нәтижесі қамтылатын ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген.

      Шешімге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабы 2-тармағының 2), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.";

      23-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше құжаттар тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні төлем ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталында ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тарту туралы алдын ала шешімді жібереді.

      Алдын ала шешім өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе білдіруге құқылы.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Төлем ұйымдары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған төлем ұйымының жалпы басқару жүйесінің бөлігі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарды бекітеді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ішкі құжаттарды қайта қарау тәртібі мен кезеңділігі төлем ұйымының ішкі құжаттарында айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін жылына бір реттен сиретпей тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам тексеру материалдарын қоса бере отырып, есеп жасайды, ол төлем ұйымының басшысына жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2 және 37-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "37-1. Төлем ұйымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілік пен функциялардың аражігін ажырату мақсатында ақпараттандыру объектілерін құру, қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі құрылады немесе ақпараттандыру объектілерін құру, қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелер штатында тұрмайтын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам айқындалады.

      Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді және төлем ұйымының ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды.

      Төлем ұйымы мыналарды өткізу арқылы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді:

      1) ішкі іс-шаралар (лекциялар, семинарлар);

      2) сыртқы оқыту (курстарға, семинарларға қатысу – әрбір қызметкер үшін екі жылда бір реттен сиретпей).

      37-2. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа қызметкер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптармен (кіріспе нұсқау алу) қол қойып танысады. Танысу нәтижесі тиісті нұсқау алу журналында немесе нұсқау алынғанын растайтын өзге де құжатта тіркеледі.

      37-3. Төлем ұйымының қызметкерімен жасалатын еңбек шартында қызметкердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырын ақпаратты жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау міндеті қамтылады.";

      38-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) ноутбуктер немесе өзге де құрылғылар төлем ұйымының ақпараттық активтеріне төлем ұйымының қорғау периметрінен тыс қосылған жағдайда осы құрылғыларда қорғалған қолжетімділікті ұйымдастыру үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылым (байланыс арнасын шифрлау, екі факторлы аутентификацияны қамтамасыз ету) орнатылады.";

      мынадай мазмұндағы 45, 46, 47, 48 және 49-тармақтармен толықтырылсын:

      "45. Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларымен және оқыс оқиғаларымен алмасу үшін Ұлттық Банктің платформасына қосылу үшін статикалық IP-мекенжайды пайдаланады және ол туралы ақпаратты Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Статикалық IP-мекенжай өзгерген жағдайда төлем ұйымы статикалық IP-мекенжай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкті бұл туралы хабардар етеді.

      46. Төлем ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, төлем қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ төлем қызметтерін көрсету кезінде жасалатын төлемдерді өңдеуді қамтамасыз етеді.

      47. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайы (деректерді өңдеу орталығы) мынадай жүйелермен жабдықталады:

      1) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі;

      2) күзет сигнализациясы;

      3) өрт сигнализациясы;

      4) автоматты өрт сөндіру жүйесі;

      5) бейнебақылау жүйесі.

      Серверлік және коммуникациялық жабдық электр қуаты жүйесіне үздіксіз қуаттандыру көздері арқылы қосылады.

      Төлем ұйымында серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы) болмаған жағдайда, осы тармақтың талаптары жалданатын үй-жайларға немесе төлем ұйымының ақпараттандыру объектілері орналасқан үй-жайларға қолданылады.

      48. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайына (деректерді өңдеу орталығына) кіру рұқсаты тізбесін төлем ұйымының басшысы немесе оның орнындағы адам бекітетін адамдарға беріледі.

      Төлем ұйымы серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) кіруді бақылау мен басқару жүйесінің журналын кемінде бір жыл жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді.

      49. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайының (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесі серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) барлық өту жолдарын, кіреберістерді бақылауды қамтамасыз етеді. Серверлік үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) бейнекамераларды орналастырғанда серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) ішінде және оған кіреберісте бейнебақылаумен қамтылмаған аймақтар болмайды.

      Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесінде оқиғалар үздіксіз немесе қозғалыс детекторы пайдаланыла отырып жазылады.

      Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар архиві кемінде үш ай сақталады.";

      8. "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14292 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің операциялық орталығы (бұдан әрі – операциялық орталық) – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы;".

      9. "Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14306 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жүйенің операциялық орталығы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы;".

      10. "Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 218 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 18) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 18) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе оның еншілес ұйымы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) операторы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) "овердрафт" күндізгі қарызы (бұдан әрі – "овердрафт" қарызы) – Ұлттық Банк "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамы операторы не есептеу агенті болып табылатын Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің қатысушылары болып табылатын банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – Орталықтың төлем жүйелері) Орталықтың тиісті төлем жүйесінде жүргізілген клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымын жүзеге асыру үшін олардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарында теңгемен ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда беретін қысқа мерзімді қарыз;".

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 6
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 4-PK

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

      1) банктер;

      2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде

      Нысан

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер

Операция түрі

Операцияны жүргізу ортасы

Төлем карточкасын ұстаушы белгісі

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция белгісі

Байланыс жүйесі/арнасы

Операциялар саны (бірлік)

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8









      Атауы __________________ Мекенжайы ___________________________

      Телефоны ______________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ________________________________________ _________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Нысан

  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
4-қосымшаға берілген
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" (индексі: 4-PK; кезеңділігі: ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер Нысанды ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.

      5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанда төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз операциялар және қолма-қол ақшаны алу операциялары бойынша мәліметтер қамтылады;

      7. 1-бағанда мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес операцияның түрі (тауарлар, көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу және операциялардың өзге де түрлері) көрсетіледі;

      8. 2-бағанда операцияны жүргізу ортасы – мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі;

      9. 3-бағанда төлем карточкасын ұстаушының азаматтық құқық субъектісінің типіне байланысты мәліметтер берілетін төлем карточкасын ұстаушы белгісі (жеке тұлғаның төлем карточкасы, корпоративтік төлем карточкасы немесе басқа банктің карточкасы) көрсетіледі;

      10. 4-бағанда мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес мәліметтер берілетін төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі;

      11. 5-бағанда ол бойынша төмендегідей мәліметтер берілетін операцияға (банктік шоттан ақшаны есептен шығару сәтінде) сәйкес келетін белгісі көрсетіледі:

      І - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      II - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      III - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

      12. 6-баған осы түсіндірменің 11-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияның белгілері бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 6-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

      1) Банкаралық төлем карточкалары жүйесін қоспағанда, бір процессинг орталығының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "1PC" байланыс арнасы көрсетіледі;

      2) халықаралық төлем жүйесі және Банкаралық төлем карточкалары жүйесі қатыспай әр түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "H2H" байланыс арнасы көрсетіледі;

      3) халықаралық төлем жүйесі арқылы әр түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, осы жүйенің атауы көрсетіледі;

      4) Банкаралық төлем карточкалары жүйесінің пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, "БТКЖ" байланыс арнасы көрсетіледі;

      13. 7 және 8-бағандарда осы Түсіндірменің 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 6
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша
  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
17-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-PO

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде

      Нысан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі

      Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)

Көрсетілетін төлем қызметінің түрі

Операция түрі

Ақша жіберуші (ҚР бейрезиденті)

Ақша жіберуші елі

Ақша алушы

Ақша алушы елі

Төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасындағы көрсетілетін төлем қызметінің делдалы (бар болса)

Төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасындағы көрсетілетін төлем қызметі делдалының елі

Төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасындағы көрсетілетін төлем қызметінің делдалы (бар болса)

Төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасындағы көрсетілетін төлем қызметі делдалының елі

Операциялар саны (бірлік)

Операциялар сомасы (мың теңге)

Есеп айырысу валютасындағы сомасы

Операциялар валютасының коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Атауы __________________ Мекенжайы _______________________________

      Телефоны ______________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ________________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Нысан

  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына 17-қосымшасына
қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)" (индексі: 3-PО; кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдар Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда төлем ұйымдары жүзеге асыратын кіріс трансшекаралық операциялар (транзиттік операцияларды қоса алғанда) бойынша мәліметтер қамтылады;

      6. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі;

      7. 2-бағанда анықтамалыққа сәйкес операция түрі көрсетіледі;

      8. 3-бағанда ақша жіберуші көрсетіледі;

      9. 4-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша жіберуші елі көрсетіледі;

      10. 5-бағанда ақша алушы көрсетіледі;

      11. 6-бағанда ұйым транзиттік операцияға қатысушы болған жағдайда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша алушы елі көрсетіледі;

      12. 7 және 8-бағандар төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады.

      Ел коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      13. 9 және 10-бағандар төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады;

      Ел коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      14. 11 және 12-бағандарда қабылданған төлемдердің саны және мың теңгемен сомасы көрсетіледі;

      15. 13 және 14-бағандарда есеп айырысу валютасындағы операция сомасы және шетел валютасының коды көрсетіледі.

      Төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      16. Операция ақша аударымдарына және жеке тұлғалардың төлем карточкаларын толықтыруға байланысты болған жағдайда мәліметтер 3 және 5-бағандарда "Жеке тұлға" деп көрсете отырып біріктірілген түрде беріледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 6
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
3-қосымша
  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
18-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 4-PO

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде

      Нысан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі

      Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)

Көрсетілетін төлем қызметінің түрі

Операция түрі

Ақша жіберуші

Ақша жіберуші елі

Ақша алушы (ҚР бейрезиденті)

Ақша алушы елі

Төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасындағы көрсетілетін төлем қызметінің делдалы (бар болса)

Төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасындағы көрсетілетін төлем қызметі делдалының елі

Төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасындағы көрсетілетін төлем қызметінің делдалы (бар болса)

Төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасындағы көрсетілетін төлем қызметі делдалының елі

Операциялар саны (бірлік)

Операциялар сомасы (мың теңге)

Есеп айырысу валютасындағы сомасы

Операциялар валютасының коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Атауы __________________ Мекенжайы ___________________________

      Телефоны ______________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ________________________________________ _________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Нысан

  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
18-қосымшасына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)" (индексі: 4-PО; кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдар Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда төлем ұйымдары жүзеге асыратын шығыс трансшекаралық операциялар (транзиттік операцияларды қоса алғанда) бойынша мәліметтер қамтылады;

      6. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі;

      7. 2-бағанда анықтамалыққа сәйкес операция түрі көрсетіледі;

      8. 3-бағанда ақша жіберуші көрсетіледі;

      9. 4-бағанда ұйым транзиттік операцияға қатысушы болған жағдайда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша жіберуші елі көрсетіледі;

      10. 5-бағанда ақша алушы көрсетіледі;

      11. 6-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша алушы елі көрсетіледі;

      12. 7 және 8-бағандар төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады.

      Ел коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      13. 9 және 10-бағандар төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады.

      Ел коды "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      14. 11 және 12-бағандарда қабылданған төлемдердің саны және мың теңгемен сомасы көрсетіледі;

      15. 13 және 14-бағандарда есеп айырысу валютасындағы операция сомасы және шетел валютасының коды көрсетіледі.

      Төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      16. Операция ақша аударымдарына және жеке тұлғалардың төлем карточкаларын толықтыруға байланысты болған жағдайда мәліметтер 3 және 5-бағандарда "Жеке тұлға" деп көрсете отырып біріктірілген түрде беріледі.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 20 ақпандағы
№ 6
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
қаулыларының тізбесіне
4-қосымша
  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
19-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-FPS

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы:

      1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары;

      2) ұлттық пошта операторы.

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде

      Нысан

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі

      Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер

Бос тұрып қалу басталған күні мен уақыты (кк/аа/жжжж сс:мм)

Бос тұрып қалу аяқталған күні мен уақыты (кк/аа/жжжж сс:мм)

Бос тұрып қалу (жоспарлы/ жоспардан тыс)

Қолжетімділігі үзілген қызмет түрі

Іркіліс себебі

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Ақпараттық жүйенің атауы

Минуттармен бос тұрып қалудың (іркілістің) жалпы уақыты

Жасалған іс-әрекет

Жою нәтижесі

Ескертпе

7

8

9

10

11






      Атауы __________________ Мекенжайы ___________________________

      Телефоны ______________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ________________________________________ _________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны

      Нысан

  Көрсетілетін төлем қызметтері
туралы мәліметтер беру
қағидаларына
19-қосымшасына қосымша

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер" (индексі: 1-FPS; кезеңділігі: тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірмеде "Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 85) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Банктер және ұлттық пошта операторы Нысанды тоқсан сайын жасайды және онда есепті тоқсанда банктің электрондық банк қызметтерін көрсетуге арналған ақпараттық жүйесінің жұмысында орын алған бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер қамтылады.

      Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында бос тұрып қалу (іркіліс) болмаған жағдайда нысанның бағандары толтырылмай ұсынылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      6. 2-бағанда бос тұрып қалу басталған күні мен уақыты көрсетіледі;

      7. 3-бағанда бос тұрып қалу аяқталған күні мен уақыты көрсетіледі;

      8. 4-бағанда бос тұрып қалу түрі көрсетіледі: жоспарлы немесе жоспардан тыс;

      9. 5-бағанда туындаған іркіліске немесе бос тұрып қалуға байланысты қолжетімділігі үзілген қызмет түрі көрсетіледі;

      10. 6-бағанда туындаған іркілістің немесе бос тұрып қалудың себебі көрсетіледі;

      11. 7-бағанда іркіліс немесе бос тұрып қалу туындаған ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі;

      12. 8-бағанда минуттармен бос тұрып қалудың (іркілістің) жалпы уақыты көрсетіледі;

      13. 9-бағанда іркілісті немесе бос тұрып қалуды жою үшін жасалған іс-әрекет көрсетіледі;

      14. 10-бағанда іркілісті немесе бос тұрып қалуды жою үшін жасалған іс-әрекет нәтижесі көрсетіледі;

      15. 11-бағанда қажет болғанда ескертпе көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады