Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және оның нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 қазанда № 14319 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида);

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есептің нысаны бекітілсін.

      2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағиданың 8, 9 және 10-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 7 қыркүйекте
№ 551 бұйрығына
1-қосымша

Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары
туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну
қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Қағида асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) ұсынудың тәртібін және мерзімін айқындайды.

      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу бойынша қызметті жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес, шетелдік ұйымдар;

      2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы;

      3) шет елдердегi мекемелер - Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      4. Есеп бала асырап алу туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап және оның кәмелетке толғанына дейін ұсынылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған баланың
өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық
жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар жылына кемінде бір рет бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрі – орган) есеп ұсынады.

      6. Есеп қазақ немесе орыс тілінде жасалады және есепті тапсыру мерзімі басталатын күнге дейін бір ай бұрын және есеп тапсыру мерзімі аяқталатын айдан кешіктірілмей органға ұсынылады.

      7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын бала асырап алушылар есептерді орган немесе Республикалық деректер банкі арқылы ұсынады.

      8. Есеп органға түскен жағдайда, орган қызметкері есептің электронды нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізеді.

      9. Есепті Республикалық деректер банкі арқылы ұсынған жағдайда асырап алушылар Республикалық деректер банкіндегі жеке кабинетке өз бетінше кіреді және "Есептер" деген бетбелгіні белсендіреді.

      Ашылған терезеде асырап алушылар асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы ақпаратты дербес енгізеді және электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды.

3-тарау. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылардың және
шетелдік бала асырап алушылар асырап алған баланың өмір сүру, оқу тәрбие
жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі
және мерзімі

      10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет есеп ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Есептер есеп тапсыру мерзімі басталатын күнге дейін бір ай бұрын және есеп тапсыру мерзімі аяқталатын айдан кешіктірілмей бала асырап алушы және бала тұратын елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, бала асырап алу жөніндегі агенттіктер немесе Республикалық деректер банкі арқылы аумағында асырап алынған бала тұратын елдің ресми тілінде ұсынылады.

      12. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер белгіленген тәртіппен заңдастырылады, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне аударылады.

      Бұл ретте, аударма не аудармашының қолы бала асырап алушылардың тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде куәландырылады не оны Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады.

      13. Бала асырап алушы және бала тұратын елдегі Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері және бала асырап алу жөніндегі агенттіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына есептерді ұсынуды ұйымдастырады.

      14. Есеп уәкілетті органға түскен кезде, уәкілетті орган қызметкері есептің электронды нұсқасын Республикалық деректер банкіне енгізеді.

      Ескерту. 3-тарау 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Есептің электронды нұсқасы Республикалық деректер банкіне енгізілгеннен кейін есеп бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша органға жіберіледі.

      Ескерту. 3-тарау 15-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2016 жылғы 7 қыркүйектегі
  № 551 бұйрығына 2-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.10.2018 № 593 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысанның индексі: ОУР-1.

      Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары – жылына кемінде бір рет.

      Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға, Республикалық деректер банкіне.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері және бала асырап алу жөніндегі агенттіктер.

      Баланың асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________

      Баланың жынысы_________________________________________________________

      Баланың асырап алынғанға дейінгі туған күні__________________________________

      Бала асырап алынған өңір__________________________________________________

      Соттың атауы, бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне

      енген күн________________________________________________________________

      Баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.А.Ә. (бар болса)

      ________________________________________________________________________

      Баланың асырап алынғаннан кейінгі туған күні________________________________

      Асырап алушылардың Т.А.Ә. (бар болса)

      _______________________________________________________________________

      Баланың және асырап алушылардың мекенжайы, телефоны (есеп беру сәтінде)

      ________________________________________________________________________

      Асырап алушылардың жұмыс орны, мекенжайы, телефоны (есеп беру сәтінде)

      ________________________________________________________________________

      Бала асырап алуды өткізген агенттіктің атауы (шетелде тұрақты тұратын Қазақстан

      Республикасының азаматтары, шетелдіктер үшін)

      ________________________________________________________________________

      Денсаулық жағдайы:

      1) физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі (бойы,

      салмағы)________________________________________________________________;

      2) жүйке-психикалық даму деңгейі (көңіл-күй әрекеттерінің

      барабарлығы)____________________________________________________________;

      3) ағза органдары мен жүйелерінің функционалдық

      жағдайы_________________________________________________________________;

      4) аурулардың, ауру жағдайларының және өзгерістердің, оның ішінде созылмалы

      аурулардың бар (жоқтығы), туа біткен даму кемістігінің анықталуы

      (білінуі)__________________________________________________________________;

      5) операциялық араласу ____________________________________________________;

      6) иммундау (егу)__________________________________________________________;

      7) профилактикалық медициналық тексеріп-қарау______________________________;

      8) тамақтану______________________________________________________________;

      9) жағымсыз әдеттері (бар болса) ____________________________________________;

      10) келбеті (ұқыптылық, тазалық, киімінің жасына, жынысына, мәдениетке

      сәйкестігі)______________________________________________________;

      11) өзін-өзі күту дағдылары (өз бетінше киіне, тамақтана

      білу)____________________________________________________________;

      12) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)_________________________________________________________________.

      Білімі:

      1) білім беру ұйымдарына бару (балабақша, мектеп, колледж, ЖОО (18 жасқа толғанға

      дейін)) немесе өз бетінше оқу (үйде немесе экстерн), олардың жасына, дамуына және

      қажеттілігіне сәйкестігі

      _________________________________________________________________________;

      2) қосымша білім беру ұйымдарына бару (үйірмелер, секциялар, шығармашылық үйлері,

      жексенбілік, музыка және спорт мектептері,

      курстар)_________________________________________________________________;

      3) табыстары мен жетістіктері _______________________________________________;

      4) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)________________________________________________________________.

      Әлеуметтік сала:

      1) отбасылық қатынастар (асырап алынған бала және ата-анасы, асырап алынған бала және

      отбасында тәрбиеленетін басқа балалар, асырап алынған бала және жақын туыстар

      арасындағы қатынастар, бауыр басушылық, аталған қатынастардың балаға

      әсері)________________________________________________;

      2) білім беру ұйымдарындағы қатынастар (оқытушылармен және басқа

      оқушылармен қарым-қатынас)______________________________________________;

      3) баланың қоршаған ортадағы қатынастары (ересектермен және көрші

      балалармен, таныс және отбасы мүшелерінің жолдастарымен

      қатынастары)_____________________________________________________________;

      4) кәсіптік бағдар, қызмет саласын таңдау, 14 жастағы балалар үшін –

      жұмыспен қамту __________________________________________________________;

      5) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)________________________________________________________________.

      Даму:

      1) қызығушылығы, құмарлығы, хоббиі ________________________________________;

      2) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған

      шаралар)________________________________________________________________.

      Бала асырап алушылардың отбасы туралы мәліметтер:

      1) асырап алушылардың ажырасуы (баланың қай ата-анамен қалғандығын көрсету)

      ________________________________________________________________________;

      2) қабілеттілігін жоғалту, бала асырап алушылардың қайтыс болу жағдайлары

      (бала кіммен қалғанын көрсету)_____________________________________________;

      3) қайта некеге тұру (екінші ата-анасымен қарым-қатынаста болу тәртібін көрсету)

      ________________________________________________________________________;

      4) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары (жалпы және тұрғылықты ауданы;

      тұрғын үйдің тиесілілігі мен жайлылығы; санитариялық-гигиеналық жай-күйі – жақсы,

      қанағаттанарлық, баланың жеке бөлмесінің, ойнайтын, сабақ

      оқитын орнының болуы)___________________________________________________;

      5) табыстың деңгейі (отбасының бар табысын, табыстың отбасының,

      оның ішінде баланың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткіліктілігін көрсету),

      баланың тамаққа, үйге, гигиенаға, киімге, медициналық көмекке,

      білімге базалық қажеттілігін қанағаттандыруы

      ________________________________________________________________________;

      6) жұмыс орны және режимі, бала асырап алушылардың жұмыс уақытында

      баланың бос уақытын ұйымдастыруы ________________________________________;

      7) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар)

      ________________________________________________________________________.

      Қоршаған орта және логистика:

      1) баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тұрмыстағы қауіпті заттардың,

      дәрі-дәрмектің, электр құрылғыларының, газдың балалардың қолы жететін жерде

      болмауы)________________________________________________________________;

      2) үйде және басқа жерлерде балаға зиян келтіруі мүмкін қауіпті бағалау

      ________________________________________________________________________;

      3) білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің қолжетімділігі

      ________________________________________________________________________;

      4) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар)

      ________________________________________________________________________.

      Қосымша мәліметтер:

      1) назар аударуды талап ететін кез келген мәліметтер, мысалы,

      жазатайым оқиғалар көрсетіледі ____________________________________________;

      2) бар проблемалар (оларды шешу жолдары, қабылданған шаралар)

      ________________________________________________________________________.

      3) алдыңғы есеп барысында анықталған проблемалар бойынша қабылданған

      шаралар_________________________________________________________________;

      4) бала асырап алушыларға шеттен көмек керек пе (қандай екендігін көрсету)

      ________________________________________________________________________;

      Баланың фотосуреттері (үй жағдайында, достарының арасында).

      ______________ Т.А.Ә. (бар болса)

      20__ жылғы "____" _______________

      ________________

      (қолы)

      Әрбір жол міндетті түрде толтыруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады