Неке (ерлі-зайыптылық) және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қазанда № 14380 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Неке (ерлі-зайыптылық) және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық


экономика министрлігі Статистика


комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 28 қыркүйекте
№ 219 бұйрығымен бекітілді

Неке (ерлі-зайыптылық) және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме қолданыстағы жалпы статистикалық байқаулар шегінде қалыптастырылған ресми статистикалық деректерді пайдалану негізінде неке (ерлі-зайыптылық) және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (бұдан әрі – некелесу мен ажырасу) көрсеткіштерін есептеу әдістерін айқындайды.

      3. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және аумақтық статистика органдары қызметкерлерінің статистикалық қызметте пайдалануына арналған.

      4. Некелесу мен ажырасу маңызды демографиялық үдерістер болып табылады және отбасының қалыптастырылуы мен ыдырауын анықтайды, айтарлықтай дәрежеде тууға ықпал етеді. Некелесу мен ажырасудың есептік көрсеткіштері елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын талдау кезінде кеңінен қолданылады.

      5. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:

      1) ажырасудың жалпы коэффициенті – халықтың орташа жылдық 1000 адамға есептегенде ажырасулар саны;

      2) ажырасудың жасына қарай коэффициенті –белгілі бір жаста ажырасқан ерлер (әйелдер) санының сол жастағы некеге тұрған ерлердің (әйелдер) орташа санына қатынасы;

      3) қайтадан тіркелген некелер – ажырасқандар мен тұлдар құрған некелер;

      4) неке жағдайы – сол немесе басқа бір неке санатына кіруіне байланысты ерлер немесе әйелдердің мәртебесі;

      5) некелесу – халықта неке (ерлі-зайыптылық) жұптарын құру үдерісі;

      6) некелесуге қабілетті халық – некеге тұрмаған, неке (ерлі-зайыптылық) жасындағы ерлер мен әйелдер;

      7) некелесудің жалпы коэффициенті – халықтың орташа жылдық 1000 адамға есептегенде некелер саны;

      8) некелесудің жасына қарай коэффициенті – белгілі бір жаста некеге тұрған ерлердің (әйелдер) осы жаста некеге тұрмаған ерлердің (әйелдер) орташа санына қатынасы;

      9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу – ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы.

2-тарау. Ақпарат көздері

      6. Некелесу мен ажырасу деректерінің негізгі көздері он жылда бір рет жүргізілетін халық санағы болып табылады. Халық санағының қорытындысы бойынша он бес және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдердің жасы мен білім деңгейін үйлестіре отырып, неке жағдайы бойынша нақты деректер, сондай-ақ отбасылардың саны мен ауқымы жөніндегі деректерді алуға мүмкіндік береді.

      7. Комитеттің аумақтық органдарына әкімшілік көздерінен келіп түсетін азаматтық хал актілері жазбалары санақаралық жылдардағы ақпарат көздері болып табылады.

      8. Некені қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акті жазбаларындағы мәліметтерден статистикалық өңдеуде тіркеу жүргізілген уақыты мен жері, некеге тұрушының әрқайсысының – туған күні, азаматтығы, бұрынғы неке жағдайы, ұлты, білім деңгейі, тұрғылықты мекен-жайы және жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелері қолданылады.

      9. Некені бұзу (ерлі-зайыптылықты) туралы акті жазбаларындағы мәліметтерден статистикалық өңдеуде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені бұзу туралы акті жазбасының тіркелген уақыты мен жері, бұзылып отырған некенің құрылған күні, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының туған күні, жасы, азаматтығы, тұрғылықты мекен-жайы, ұлты, білім деңгейі, тұрған некесінің саны, он сегіз жасқа дейінгі ортақ балаларының саны және неке бұзуға (ерлі-зайыптылықты) негіз болған құжат қолданылады.

3-тарау. Некелесудің негізгі көрсеткіштерін есептеу

      10. Ағымдағы есеп бойынша Комитет некелер санын, некелесудің жалпы коэффициентін, жасы, неке жағдайы бойынша некелер санын, бірінші некеге тұрғандардың орта жасын, этносаралық некелерді қалыптастырады. Халық санағының қорытындысы бойынша неке жағдайы бойынша халық саны қалыптастырылады.

      11. Некелесудің жалпы коэффициенті келесі формуламен есептеледі:



      мұнда:

      CNR – некелесудің жалпы коэффициенті;

      N – тіркелген некелер саны;

      P – халықтың орташа саны.

      12. Некелесудің арнайы коэффициенті неке жасындағы барлық халық, сондай-ақ некелесуге қабілетті халық (ерлер мен әйелдер үшін жеке) үшін есептеледі. Сонымен бірге бірінші неке үшін некелесудің арнайы коэффициенті есептеледі. Халықтың неке құрылымы бойынша деректер тек халық санағының қорытындысы бойынша алынады, некелесудің арнайы коэффициенті халық санағының қорытындысы бойынша есептеледі. Некелесудің арнайы коэффициенті барлық халық үшін келесідей есептеледі:



      мұнда:

      N – тіркелген некелер саны;

      Р16 – неке жасындағы халықтың орташа саны.

      Некеге қабілетті халықтың некелесуінің арнайы коэффициенті:



      мұнда:

      N – тіркелген некелер саны;

      P16+ – некеге қабілетті халықтың неке жасындағы орташа саны.

      13. Некелесудің жасына қарай коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      ASNRх – некелесудің жасына қарай коэффициенті;

      Nx – "х" жастағы неке саны;

      PX – "х" жастағы некеге қабілетті халықтың орташа саны.

      14. Некелесудің жиынтық коэффициенті ерлер мен әйелдер үшін бөлек есептелетін некелесудің жасына қарай коэффициенттерінің қосындысы ретінде есептеледі.

      15. Некеге тұрғандардың орташа жасы санақ қорытындысы және ағымдағы есептің деректері бойынша есептеледі. Ағымдағы есептің деректері бойынша ағымдағы кезінде осы жылы некеге тұрғандардың жасы бойынша бөлу жөніндегі деректер қолданылады. Бірнеше көрсеткіштер есептелуі мүмкін.



      мұнда:

      МАМ – некеге тұрудың орташа жасы;

      х – әр некеге тұрған күйеулер мен қалыңдықтардың орташа жасы;

      Nx – осы жаста некеге тұрғандардың саны.

      Дәл "х" жасына статистикалық ауыспалы ерекшелік жасы ретінде белгілі 0,5 жыл қосылады. Бұл формула әр күйеулер мен қалыңдықтардың жеке жасы белгілі болған жағдайда қолданылады.

      16. Қайтадан тіркелген некелер коэффициенті халық санағы қорытындысы бойынша алынған ажырасқандар мен тұлдар саны және ағымдағы есепке алу статистикасындағы деректер бойынша қайта некеге отырғандар саны жөніндегі ақпараттар негізінде бірінші некелесу коэффициентеріне ұқсас есептеледі. Жаңа некеге тұру жиілігі қайтадан некелесудің арнайы және жасына қарай коэффициенттерін есептеу арқылы бағаланады. Некенің тоқтатылуы мен қайтадан некеге отыру оқиғаларын салғастыру қайтадан тіркелген некелердің ажырасулар мен жесір қалудың орнын толтыру деңгейіне баға береді.

      17. Қайтадан тіркелген некелердің жиынтық коэффициенті есептелетін шартты буында қайтадан тіркелген некелердің орташа санын сипаттайды.

4-тарау. Ажырасудың негізгі көрсеткіштерін есептеу

      18. Комитет ағымдағы статистикалық есеп бойынша бұрынғы жұбайлардың жасына қарай ажырасулар, этносаралық ажырасулар, бұрынғы жұбайлардың 18 жасқа дейінгі ортақ балаларының санына қарай ажырасулар, бірінші некені бұзған жұбайлардың орташа жасы, некенің ұзақтығына қарай ажырасулар саны бойынша мәліметтерді қалыптастырады.

      19. Ажырасудың жалпы коэффициенті келесі формуламен есептеледі:



      мұнда:

      CDR – ажырасудың жалпы коэффициенті;

      D – ажырасулар саны;

      P – халықтың орташа саны.

      20. Ажырасудың арнайы коэффициенті некеге тұрған ерлер немесе әйелдердің санына (неке жұптарының санына) қатысты есептеледі. Ажырасудың арнайы коэффициенті кезеңдегі ажырасулар санының сол кезеңнің ортасындағы бар орташа некелер санының қатынасына тең (халық санағының деректері бойынша).

      21. Жасына қарай ажырасудың коэффициенті келесі формуламен есептеледі:



      мұнда:

      ASDRх –жасына қарай ажырасудың коэффициенттері;

      Dx – "х" жастағы ажырасулар саны;

      Px – "х" жастағы тіркелген некеге тұрған халықтың орташа саны.

      22. Ажырасудың жиынтық коэффициенті есептеулер жүргізіп жатқан кезеңге тән ажырасудың жастық қарқындылығы сақталған жағдайда буын (шынайы, шартты) өмірінің аралығындағы ажырасудың орташа санын көрсетеді. Жасына қарай ажырасу коэффициенттерін қосу арқылы есептеледі:



      мұнда:

      TDR – ажырасудың жиынтық коэффициенті;

      ASDR - жасына қарай ажырасудың коэффициенттері.

5-тарау. Жылдың жекелеген кезеңдеріндегі коэффициенттерді есептеу

      23. Некелесудің және ажырасудың жалпы коэффициенттерін есептеу ауыстыру коэффициентін және халықтың орташа санын қолданумен айға және айдың кез келген күніне жиналумен (кезең) жүзеге асырылады.

      Айға (кезеңге) ауыстыру коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Кt - айға (кезеңге) ауыстыру коэффициенті;

      DN - жылдағы күндер саны;

      dn - айдағы (кезеңдегі) күндер саны;

      t - ай (кезең).

      Ауыстыру коэффициентінің көмегімен айға (кезеңге) деректер жылдық мәнге келтіріледі. Жылдағы күндер саны 365 (толық жылы – 366) күн деген есеппен алынады.

      Айға (кезеңге) халықтың орташа саны үтірден кейін бір санға дейінгі дәлдікпен келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      St - халықтың орташа саны;

      S1 - есепті жылдың 1 қаңтарындағы халық саны;

      ОПt - жалпы өсім, кему (–);

      t - ай (кезең).

      Некелесудің жалпы коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      К (Bt) – ай үшін (кезең) некелесудің жалпы коэффициенті;

      Bt – некелер саны;

      Кt – ауыстыру коэффициенті;

      St – халықтың орташа саны;

      t – ай (кезең).

      Ажырасудың жалпы коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      К (Dt) – ай үшін (кезең) ажырасудың жалпы коэффициенті;

      Dt – ажырасулар саны;

      Кt – ауыстыру коэффициенті;

      St – халықтың орташа саны;

      t – ай (кезең).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады