"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 852 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14585 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12572 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімнің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің аумағында өндірістің бар болуын есепке ала отырып, шикізат пен материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау (осы шикізат пен материалдардың импорты болған кезде толтырылады);

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы;

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

      инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты жеткізушілер;

      көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын есепке ала отырып, технологиялық жабдықтың құны.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 26 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 14 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 852 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы ақпарат (күні, негіздемесі)


3.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы
нақты мекенжайы


4.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

7.

Инвестициялық жобаның менеджері

____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

8.

Инвестициялық жобаның атауы

_____________________________________

9.

Инвестициялық жобаны іске асыру орны

_____________________________________

10.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)


11.

Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (инвестициялық преферецияларды беруге арналған өтінімді берілген күнтізбелік жылында пайдалануға енгізілген және (немесе) келешек кезенде пайдалануға енгізіліп жатқан тіркелген активтер бойынша шығындар ескеріледі)

_____________________________________
(теңге)

12.

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың болуы:
1) меншік қаражаты
2) қарыз қаражаты
3) бюджеттік қаражат

1) _____________________________________
(меншік қаражатының болуын растайтын құжаттың атауы, №, күні)
2) ____________________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін белгілейтін
құжаттың атауы, №, күні, кредитор)
3) _____________________________________
(бюджеттік қаражаттарын қаржыландыруды
растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3. Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялық преференциялар*

13.

1) технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату

1) _____________________________________
(жеңілдетілген сома)
2) _____________________________________
(жеңілдетілген сома)

13-1

Шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату

______________________________________
(жеңілдетілген сома)

14.

Кедендік тазарту жүргізу орны


15.

Мемлекеттік заттай грант

______________________________________
(алдын ала келісуді растайтын құжаттар)

16.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

_____________________________________
(мерзімі)

17.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер**

_____________________________________
(мерзімі)

18.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер**

_____________________________________
(мерзімі)

19.

Инвестициялық субсидия***

_________________________________________
(мың теңге)
Қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты сатып алуға жұмсалған сома көрсетіледі

20.

Шетелдік жұмыс күшінің саны***, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге қосымша):
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1) ____________________________________
(адам саны)
2) _____________________________________
(адам саны)
3) _____________________________________
(адам саны)

      Ескертпе:

      * қажеттілігі болған жағдайда толтырылады;

      ** инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.

      ***инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған;

      4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

      _________________________________________________________________________

      (атауы)

      Инвестордың атауы: _______________________________________________________

1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

Растайтын құжаттар

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

Күнтізбелік жыл

Барлығы

контрагент

күні


1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны




















1-бөлім бойынша жиыны:


















2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны*

Шығын баптары

Растайтын құжаттар

Өлшем бірлігі

Игеру кезеңі

Барлығы

контр агент

күні

1-
жарты-жылдық

2-жарты-жылдық

Жыл бойынша жиыны


1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:

















2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:


















2-бөлім бойынша жиыны:









3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны

р/н

Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

күнтізбелік жыл

Барлығы



1-жарты-жылдық

2-жарты-жылдық

Жыл бойынша жиыны


3-бөлім бойынша жиыны





      5. Еуразиялық Экономикалық Одақтың заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН

Өлшем бірлігі

Саны

Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар**

1.






2.






Жиыны

      Ескертпе:

      * қажеттілігі болған жағдайда толтырылады;

      ** тауарларды жіктеу бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және өзге де ақпаратты, оның ішінде бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын және өтініш берген заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған басқа да құжаттарды қамтуы тиіс.

      6. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар 2016 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының шарттары сақталған кезде беріледі.

      _________________________________________                  ___________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы                        (қолы, мөрі және күні)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Инвестициялық
преференцияларды
беруге арналған өтінімге
қосымша
  нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы/ тұрғылықты елі

Төлқұжатының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)







      _________________________________________                  ___________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы                        (қолы, мөрі және күні)
басшысының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады