"Денсаулық сақтау статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14611 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 163 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 08.11.2017 № 163 бұйрығымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту.
      Осы бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10084 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 7), 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;

      8) "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      7, 8-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика Министрлігі


Статистика комитетінің


төрағасы

Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрi

      Т. Дүйсенова ______________

      2016 жылғы 5 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 293 бұйрығына 1-қосымша



Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения

Приложение 7 к приказу

Председателя Комитета по

статистике

Министерства национальной

экономики Республики Казахстан

от 14 ноября 2014 года № 51

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті төрағасының

2014 жылғы 14 қарашадағы

№ 51 бұйрығына 7-қосымша

Аумақтық статистика

органына тапсырылады

Представляется территориальному органу статистики

Статистикалық нысанды

www.stat.gov.kz сайтынан

алуға болады

Статистическую форму можно

получить на сайте www.stat.gov.kz

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)

Время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн

до 1 часа

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

более 40 часов


Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

Статистикалық нысан

коды 631112004

Код статистической

формы 631112004

7-ТПЗ

Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп

Отчет о травматизме, связанном с трудовой деятельностью, и профессиональных заболеваниях

Жылдық

Годовая

Есепті кезең

жыл

Отчетный период год

Заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес атына жазатайым оқиға тіркелген заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады.

Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, на которых был зарегистрирован несчастный случай в соответствии с порядком, установленным законодательством.

Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 25 ақпанға (қоса алғанда) дейін.

Срок представления до 25 февраля (включительно) после отчетного периода

БСН коды

Код БИН















1. Заңды тұлғаның (бөлімшенің) нақты орналасқан орнын көрсетіңіз (оның тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен

Укажите фактическое место расположения юридического лица (подразделения) (независимо от места его регистрации) - область, город, район, населенный пункт




Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды (статистика органының қызметкері толтырады)

Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (КАТО) (заполняется работником органа статистики)













Заңды тұлғаның (бөлімшенің) экономикалық қызметінің нақты жүзеге асырылатын түрлерінің коды мен атауын Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына (ЭҚЖЖ бойынша код) сәйкес көрсетіңіз

Укажите наименование и код согласно Номенклатуре видов экономической деятельности (код по ОКЭД) фактически осуществляемого основного вида экономической деятельности юридического лица (подразделения)








      2. Өндірістік жарақат оқиғасының

      (кәсіптік аурудың, уланудың) коды

      Код случая производственной травмы

      (профзаболевания, отравления)

2.1 жазатайым оқиға актісінің №

№ акта несчастного случая

2.2 жазатайым оқиғаның күні

дата несчастного случая
















нөмірі

номер

күні

число

айы

месяц

жылы

год


3. Зардап шегушінің жынысы:

Пол пострадавшего:

ер

мужской



әйел

женский




4. Жасы (жарақат алған сәтіндегі толық жасының санын көрсету керек)

Возраст (указать число полных лет на момент получения травмы





5. Кәсіптердің тізбесіне сәйкес зардап шегушінің мәртебесі (коды)

(статистикалық нысанға 1-қосымша)

Статус пострадавшего в соответствии с перечнем занятий (код)

(приложение 1 к статистической форме)





6. Сіздің жұмысыңыз ауысымды болып табыла ма, соны көрсетіңіз

Укажите, является ли ваша работа сменной



Иә

Да



7-сұрақ

вопрос 7



Жоқ

Нет



8-сұрақ

вопрос 8


7. Жазатайым оқиға болған ауысымды көрсетіңіз

Укажите смену, в которой произошел несчастный случай

1



2



3




      8. Зардап шегушінің жазатайым оқиға сәтіндегі денсаулық жағдайын (сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес) белгілеңіз:

      Отметьте физическое состояние пострадавшего в момент несчастного случая (согласно заключению судебно-медицинской экспертизы):

      Иә Жоқ

      Да Нет

8.1. алкогольден масаю

алкогольное опьянение

8.2. есірткіден масаю

наркотическое опьянение

8.3. психиканың бұзылуы

психическое расстройство














      9. Статистикалық нысанның 2-қосымшасына сәйкес жарақат түрінің кодын көрсетіңіз

      Укажите код вида травмы в соответствии с приложением 2 к статистической форме
































      10. Статистикалық нысанның 3-қосымшасына сәйкес зардап шеккен дене мүшелерінің кодын көрсетіңіз

      Укажите код пострадавших частей тела в соответствии с приложением 3 к статистической форме

















      11. Кәсіптік ауру түрінің тиісті кодын белгілеңіз

      Отметьте соответствующий код вида профессионального заболевания



























12. Статистикалық нысанның 4-қосымшасына сәйкес оқиға түрінің кодын көрсетіңіз

Укажите код вида происшествия в соответствии с приложением 4 к статистической форме





13. Статистикалық нысанның 5-қосымшасына сәйкес жазатайым оқиға себебінің кодын көрсетіңіз

Укажите код причины несчастного случая в соответствии с приложением 5 к статистической форме





14. Статистикалық нысанның 6-қосымшасына сәйкес зардап шегуші жарақатының ауыртпалық дәрежесінің кодын көрсетіңіз

Укажите код степени тяжести травмы пострадавшего соответствии с приложением 6 к статистической форме




15. Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан күнтізбелік күндерінің саны

Число каленьдарных дней потери трудоспособности






16. Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жұмыс күндерінің саны

Число рабочих дней потери трудоспособности






      17. Жазатайым оқиғаның материалдық зардаптары:

      Материальные последствия несчастного слуяая:

17.1. Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленді, мың теңге

Выплачено по листку нетрудоспособности, тысяч тенге








17.2. Басқа жұмысқа ауыстырғанда бұрынғы табысқа дейінгі қосымша төлемдердің сомасы, мың теңге

Сумма доплат до прежнего заработка при переводе на другую работу, тысяч тенге








17.3. Біржолғы жәрдемақылар төленді, мың теңге

Выплачено единовременных пособий, тысяч тенге








      Атауы Мекенжайы

      Наименование ___________________ Адрес ________________________

      ___________________ ________________________

      Телефон _______________________

      Электрондық почта мекенжайы (респонденттін)

      Адрес электронной почты (респондента) ___________________________

Алғашқы деректерді жариялауға келісеміз*

Согласны на опубликование первичных данных*



Алғашқы деректерді жариялауға келіспейміз*

Не согласны на опубликование первичных данных*




      Ескертпе:

      Примечание:

      *аталған тармақ Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес толтырылады

      *данный пункт заполняется пункту 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике"

      Орындаушы

      Исполнитель _________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) телефон

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)

      Бас бухгалтер

      Главный бухгалтер _______________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

      Басшы

      Руководитель __________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

      Место для печати (при наличии)

  "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және
кәсіптік аурулар туралы есеп"
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына 1-қосымша

Жұмыстардың үлкейтілген топтарының, шағын топтарының, құрамалы
және базалық топтарының тізбесі

Коды

Атауы

0

Қарулы күштер

1

Билік органдарының және ұйымдардың басшыларын коса барлық деңгейдегі басқарма басшылары (өкілдері)

2

Біліктілік деңгейі жоғары мамандар

3

Біліктілік деңгейі орта мамандар

4

Ақпарат дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен, есеп жүргізумен және қызмет көрсетумен айналысатын

5

Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласының және тектес қызмет түрлерінің қызметкерлері

6

Ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлері

7

Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлері

7.1

Кен, күрделі таулы, құрылыс-құрастырушы және жөндеу-құрылыс жұмыстарындағы жұмысшылар

7.2

Металл өңдеу және машина жасау өнеркәсібінің, монета өдірісінің жұмысшылары

7.3

Прецизиондық құрал-жабдықтар мен аспаптарды жасаумен айналысатын жұмысшылар, көркемдік өнеркәсібінің көркемдік кәсіп және басқа да өндіріс түрлерінің жұмысшылары, баспа өндірісінің жұмысшылары

7.4

Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының білікті жұмысшыларының басқа да кәсіптері

7.5

Көлік және байланыс жұмысшыларының кәсіптері*

7.6

Геологиямен және жер қойнауын барлаумен айналысатын жұмысшылардың кәсіптері

8

Қондырғылар мен машиналардың операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары

8.1

Өнеркәсіптік қондырғылар операторлары, аппаратшылары және машинистері

8.2

Стационарлық жабдықтардың операторлары, аппаратшылары, машинистері және слесарь-құрастырушылары

8.3

Қозғалмалы жабдықтардың жүргізушілері мен машинистері

9

Біліктілігі жоқ жұмысшылар

9.1

Қызмет көрсету, коммуналдық қызмет көрсету, сауда саласынының және тектес кәсіптердің білікті емес жұмысшылары

9.2

Ауыл, орман, аңшылық шаруашылықтарының, балық шаруашылығының және балық аулау кәсібінің білікті емес жұмысшылары

9.3

Өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, байланыста, геология және жер қойнауын барлауда жұмыс істейтін білікті емес жұмысшылар

9.4

Экономиканың барлық саласына ортақ білікті емес жұмысшылар

  "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және
кәсіптік аурулар туралы есеп"
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына 2-қосымша

Жарақат түрлерінің тізбесі*

Коды

Сипаттама

Т0001

Сыртқы жарақат (тырналу, су көпіршігі (термиялық емес), соғып алу, сыртқы бөтен денеден жарақаттану, (үлкен ашық жараларсыз), жәндіктердің шағып алуы (улы емес) **

Т01

Дененің бірнеше бөліктеріне жайылған ашық жарақат (соның ішінде кесілген, жұлынған, басқа денеге қадалған жарақат, шағып алу, қауып алу)

S0001

Жабық сынықтар**

S0002

Ашық сынықтар**

S0009

Басқа сынықтар (шығып кетумен, ығысумен) **

Т143

Дененің анықталмаған бөлігінің қаптамалы-байламалық аппаратының шығуы, созылуы және оған артық күш тусуі

Т058

Әртүрлі комбинацияларда дененің басқа мүшелерін қамтитын травматикалық отау

Т0002

Шайқалудан болған жарақаттар және ішкі ағзалардың жарақаттары (соның ішінде жарылыс толқынынан, қанталаудан, шайқалудан, мылжаланған, шабылғаннан болған жарақаттар, қанды ісік жарақаты, тесілген жарылған және ішкі ағзалардың тесілуі) **

Т0003

Күйіктер (термиялық) (электр қыздырғыш приборлардан, электр тоғынан, жалыннан, үйкелуден, ыстық ауадан және ыстық газдан, ыстық заттардан, найзағайдан, радиациядан болған) **

Т0004

Химиялық күйіктер**

Т0005

Ыстық сұйықтықтан және будан болған күйіктер**

Т0006

Үсу**

Т0007

Жіті улану (кері әсерлер, инъекцияға тез реакция, улы, іріп-шіріген және каустикалық заттарды жұту, copу немесе дем алу, улы сұйықтықтармен байланыстағы удың әсерін қосқанда) **

А0001

Инфекциялар, соның ішінде жұқпалы ішек аурулары, кейбір зооноздар, паразиттік аурулар, вирустық жұқпалар, микоздар) **

J0001

Радиацияның күшті әсері**

Т67

Жоғары температура мен жарық ықпалының әсерлері

Т68

Гипотермия

Т70

Атмосфера қысымы мен су қысымының әсері

Т71

Тұншығу

Т74

Қатыгез қарау синдромы

Т750

Найзағайдан зақымдану (найзағайдан зақымданудан болған шок, БДУ найзағайынан зақымдану)

Т751

Суға бату және батудан өлмеу

Т752

Дірілдің әсері (бірден естімей қалуды коса алғанда)

Т754

Электр тогының әсері (электр тогымен өлімші болып зақымдану, электр тогынан болған шок)

Т0098

Бірқатар басқа да жарақаттар**

Т0099

Анықталмаған жарақат түрі**


      Ескертпе:

      * бұл жіктелім аурулар мен денсаулықпен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктеуішіне (АХЖ-10) негізделген

      ** аталған сипаттамалар жарақаттардың (жиынтықталған атаумен) топтамалары болып табылады

  "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және
кәсіптік аурулар туралы есеп"
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына 3-қосымша

Дененің зақымданған мүшелерінің тізбесі

Коды

Атауы

А1

Бастың шаш бөлігі, бас сүйек, ми, бас сүйек нервтері және қан тамырлары

А2

Құлақ (құлақтар)

A3

Көз (көздер)

А4

Tіс, тістер

А5

Беттің басқа да белгіленген мүшелері

А6

Бас, бастың көптеген зақымдары

А7

Бас, бастың басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да белгіленген мүшелері

А8

Бас, анықталмаған бөлігі

В1

Мойынның артқы бөлігі және бұғананың үстіңгі жағы

В8

Мойын, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері

В9

Мойын, анықталмаған бөлігі

С1

Омыртқа және омыртқалар

С8

Арқа, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері

С9

Арқа, анықталмаған бөлігі

D1

Кеуде клеткасы (қабырға, соның ішінде төс және омыртқаның кеуде бөлігі)

D2

Кеуде клеткасының басқа бөліктері, соның ішінде ішкі ағзалар

D3

Жамбас пен іштің төменгі бөлігі, соның ішінде ішкі ағзалар

D4

Сыртқы жыныс мүшелері

D7

Дене, оның көптеген бөліктерін зақымдау

D8

Дене, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері

D9

Дене және анықталмаған ішкі ағзалар

Е1

Иық және иықтың жігі

Е2

Қол, соның ішінде шынтақ

Е3

Білезік

Е4

Қолдың басы

Е5

Қол басының үлкен саусағы

Е6

Басқа саусақ (басқа саусақтар)

Е7

Қолдар, оның көптеген бөліктерін зақымдау

Е8

Қолдар, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері

Е9

Қолдар, анықталмаған

F1

Сан және ұршық буыны

F2

Тобық, соның ішінде тізе

F3

Тобық буыны

F4

Табан

F5

Табан башпайы (табан башпайлары)

F6

Аяқтар, оның көптеген бөліктерін зақымдау

F7

Аяқтар, оның басқа бөлімдерде көрсетілмеген басқа да анықталған мүшелері

F8

Аяқтар, анықталмаған

G1

Жалпы әсері (мысалы, улану немесе жұқпалардан)

G8

Дененің көптеген бөліктерін зақымдау

Ү

Басқа да зақымданған дене мүшелері

Z

Анықталмаған зақымданған дене мүшесі

  "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және
кәсіптік аурулар туралы есеп"
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына 4-қосымша

Жазатайым оқиғаға әкеп соққан оқиға түрлерінің тізбесі*

Коды

Атауы

1

Ұйымның көлігінде болған жол-көлік оқиғасы

2

Қоғамдық көлікте болған жол-көлік оқиғасы

3

Жеке меншік көлікте болған жол-көлік оқиғасы

4

Теміржол көлік оқиғасы

5

Әуежол көлік оқиғасы

6

Сужол көлік оқиғасы

7

Зардап шегушінің құлауы

8

Зардап шегушінің биіктен құлауы

9

Заттардың, материалдардың, жердің және т.б. құлауы, қирауы, опырылуы

10

Қозғалып жүрген, ұшып жүрген, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері

11

Электр тоғымен зақымдану

12

Шектен тыс температуралардың әсері (өрт)

13

Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар мен заттардың әсері

14

Иондаушы сәулелердің әсері

15

Шамадан тыс жүктемелер

16

Жануарлармен және жәндіктермен жанасу нәтижесіндегі зақымдану

17

Суға бату

18

Кісі өлтіру немесе денесіне зақым келтіру

19

Сұрапыл зілзала кезінде зақымдану

20

Кәсіби ауыру және улану

99

Оқиғалардың басқа түрі

  "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және
кәсіптік аурулар туралы есеп"
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына 5-қосымша

Жазатайым оқиға себептерінің тізбесі*

Коды

Атауы

1

Жұмыс аймағындағы ауаның шамадан тыс тозандануы мен газдануы

2

Шудың жоғары деңгейі

3

Тербелістің жоғары деңгейі

4

Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі

5

Жұқпалы ауру көздерімен қарым-қатынас (аурудың атауы көрсетіледі)

6

Шамадан артық жүктің адам организміне әсері

7

Машиналар, тетіктер және жабдықтардың құрылысындағы кемшіліктер

8

Ақаулы машиналарды, тетіктерді және жабдықтарды пайдалану

9

Технологиялық процестердің бұзылуы

10

Көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының бұзылуы

11

Автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы

12

Теміржол қозғалысы ережелерінің бұзылуы

13

Әуежол қозғалысы ережелерінің бұзылуы

14

Сужол қозғалысы ережелерінің бұзылуы

15

Авариялар

16

Жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы

17

Ғимараттардың, құрылыстардың техникалык қанағаттанғысыз жай-күйі, аумақтардың ұсталуы, жұмыс орындарының ұйымдастырылуындағы кемшіліктер

18

Еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер

19

Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі немесе қолданбауы

20

Ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеуі

21

Еңбек және өндіріс тәртіптерін бұзу

22

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу

23

Белгіленген еңбек режимін бұзу

24

Зардап шегушінің өрескел абайсыздығы

99

Жазатайым оқиғалардың өзге де себептері

  "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және
кәсіптік аурулар туралы есеп"
(индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық)
статистикалық нысанына 6-қосымша

Зардап шегушінің жарақат ауыртпалығының дәрежесі*

Коды

Атауы

1

Жеңіл жарақат

2

Орташа жарақат

3

Ауыр жарақат

4

Қайтыс (қаза) болды

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 293 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 51 бұйрығына 8-қосымша

"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар
туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі
жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық
нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі - статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

      2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

      1) адам өліміне әкелген өндірістік жарақат - осы жарақаттың себебі болған өндірістегі жазатайым оқиға күнінен бастап бір жыл ішінде өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат;

      2) өндірістік (кәсіби) жарақаттар - жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер.

      3. Статистикалық нысан Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу" 20-тарауының "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" 4-бөліміне және "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына сәйкес толтырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген).

      Өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат осы жарақаттың себебі болған өндірістегі жазатайым оқиға күнінен бастап бір жыл ішінде өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат ретінде өлшенеді.

      Статистикалық нысанға өндірісте жұмысшылармен, қызметшілермен, олар бойынша Еңбек кодексіне сәйкес жазатайым оқиға тіркелген барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда тәжірибеден өтуі немесе жұмыстарды орындауы кезінде оқушылармен және студенттермен болған жазатайым оқиғалар туралы деректер кіреді.

      Есепке алуға жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер жатады.

      Тергеп-тексеру барысында алкогольден немесе есірткіден масаю жағдайында өз денсаулығына қасақана зиян келтірген деп белгіленген, жұмыс берушінің мүддесімен байланысты емес қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсеріне қатысты емес зардап шегушінің денсаулығының кенеттен нашарлауы нәтижесіндегі еңбек қызметімен байланысты емес жарақаттар және қызметкер денсаулығының өзге де зақымданулары өндірістік (кәсіптік) ауру болып ресімделмейді.

      4. 1-сұрақта заңды тұлғаның (бөлімшенің) (оның тіркелген жеріне қарамастан) нақты орналасқан орны - облыс, қала, аудан, елді мекен, сондай-ақ Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасына (ЭҚЖЖ бойынша код) сәйкес заңды тұлғаның (бөлімшенің) экономикалық қызметінің нақты жүзеге асырылатын негізгі түрінің коды мен атауы көрсетіледі.

      2.1-сұрақта жазатайым оқиға (кәсіптік ауру, улану) актісінің нөмірі қойылады;

      2.2-сұрақта жазатайым оқиғаның (қәсіптік аурудың, уланудың) күні көрсетіледі.

      3-сұрақта зардап шегушінің жынысы, 4-сұрақта жарақат алу сәтіндегі зардап шегушінің жасы көрсетіледі (толық жасының саны).

      5-сұрақта статистикалық нысанның 1-қосымшасында көрсетілген Кәсіптер жіктеуішінен зардап шегушінің мәртебесі келтіріледі.

      6-сұрақта жұмыс ауысымды болған-болмағаны жайлы көрсетіледі Еңбек кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес. "Жоқ" жауабын көрсеткен жағдайда 7-сұрақ толтырылмайды.

      7-сұрақта жазатайым оқиға болған ауысым көрсетіледі Еңбек Кодексінің 71-бабының 5-тармағына сәйкес (бөлім ауысымдық жұмыс кезінде толтырылады).

      8-сұрақта сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша жазатайым оқиға сәтіндегі науқастың денсаулық жағдайы толтырылады.

      9-сұрақта жарақат түрінің коды көрсетіледі. Осы жіктелім статистикалық нысанның 2-қосымшасында келтірілген Аурулар мен денсаулықпен байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктеуішіне (бұдан әрі - АХЖ-10) негізделген. (Жарақат түрі - жабық сынық - коды - S0001 (көптеген жарақаттарда 5-ке дейінгі кодтарды толтыру көзделген).

      10-сұрақта статистикалық нысанның 3-қосымшасында келтірілген АХЖ-10 негізінде зардап шеккен дене мүшесінің коды көрсетіледі, (дененің бірнеше бөлігі зардап шеккен жағдайда 5-ке дейінгі кодтарды толтыру көзделген).

      11-сұрақта кәсіптік ауру түрінің коды көрсетіледі. Өндірістегі ауыр кәсіптік ауру мен улану жағдайы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығымен бекітілген Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларына сәйкес аталған нысан бойынша жүргізілген материалдар негізінде Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен ресімделеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11748 болып тіркелген), (бірнеше кәсіби ауру болған жағдайда 5-ке дейінгі кодтарды толтыру көзделген).

      12-сұрақта статистикалық нысанның 4-қосымшасында көрсетілген оқиғалар түрлері тізбесінің коды көрсетіледі (Оқиға түрі - электр тогымен зақымдану - коды - 11).

      13-сұрақта статистикалық нысанның 5-қосымшасында келтірілген жазатайым оқиға себептері тізбесінің коды көрсетіледі (Жазатайым оқиғаның себебі - еңбектің қауіпсіздігі тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер - коды - 18).

      14-сұрақта статистикалық нысанның 6-қосымшасында көрсетілген зардап шегуші жарақатының ауыртпалық дәрежесінің коды көрсетіледі (ауыртпалық деңгейі - орташа - коды - 2). Адам өліміне әкелген жағдайларды қоспағанда кәсіптік аурулардан зардап шеккендер бойынша бұл сұрақ толтырылмайды.

      15, 16-сұрақтарда көрсетілген жоғалған уақыт еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтуға әкеп соғатын өндірістік жарақаттың әрбір жағдайы бойынша жеке өлшенеді. Осы жарақаттың жұмыс күндеріндегі де ауыртпалығын бағалау үшін ол зардап шеккен адамның уақытша еңбекке жарамсыз болған күнтізбелік күндерінің саны ретінде өлшенеді.

      Жоғалған уақыт жазатайым оқиға болған күннен кейінгі бірінші күннен бастап жұмыс орнына оралған күннің алдындағы күнге дейін өлшенеді. Нақты өндірістік жарақат салдарынан жұмыста қайтадан болмаған жағдайда, әрбір кезең жоғарыда көрсетілгенге сәйкес өлшенеді, ал әрбір кезеңдегі жоғалтқан күндердің саны осы жарақаттың нәтижесінде жоғалтқан уақыттың жалпы санына қосылады. Жұмыста уақытша болмаған уақыт, егер ол емделу себебіне байланысты бір күннен аспаса, онда ол жоғалған уақытқа қосылмайды.

      Бір және одан көп күнге еңбекке қабілетін жоғалтумен жазатайым оқиғаның материалдық зардаптары (адам өліміне әкеліп соқтырған жазатайым окиғаның материалдық зардаптарын қосқанда) 17.1, 17.2, 17.3-жолдар бойынша көрсетіледі. Егер зардап шегушінің уақытша еңбекке жарамсыздығы алдыңғы жылдың соңынан бастап созылса, онда мұндай жағдайда есепті жылдағы еңбекке жарамсыз (күнтізбелік және жұмыс) күндері мен (жазатайым оқиғаны сәйкестендіру үшін), кезеңдегі материалдық зардаптары тек бірінші жолға толтырылады.

      5. Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз жеткізгіште немесе электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында (www.stat.gov.kz) орналастырылған "Деректерді on-line режимде жинау" ақпараттық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады