Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 30.06.2023 № 440 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген, 2007 жылғы 24 қазандағы № 163 (1366) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық паспорттардың нысандары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Н-19 техникалық паспорт нысанымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
______________ Т.М. Сүлейменов
2016 жылғы 30 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д.Ә. Абаев
2016 жылғы 28 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұлттық экономика
министрі
________________ Қ. У. Бишімбаев
2016 жылғы "____" _____________
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 1179 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің ______________ жылғы № _______ бұйрығына қосымша Н-19 нысаны |
_________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Көлік қою орнына
ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ (Н-19)
1. Облысы _________________________________________________________________
2. Ауданы _________________________________________________________________
3. Қаласы (кенті, елді мекені) _________________________________________________
4. Қаладағы ауданы _________________________________________________________
5. Мекенжай _______________________________________________________________
6. Мекенжайдың тіркеу коды _________________________________________________
7. Кадастр нөмірі ___________________________________________________________
8. Түгендеу нөмірі __________________________________________________________
КӨЛІК ҚОЮ ОРНЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Масштаб
Экспликациясы
Көлік қою орнының түрі | Ені | Ұзындығы | Ауданы | Қабат | Қабаттылығы | Қабырға материалы | Салынған жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Орындаған маман _____________________________
(Т.А.Ж.) (болған кезде), қолы)
Бөлім бастығы: _______________________________ М.О.
(Т.А.Ж.) (болған кезде), қолы)
"____" _____________ ______ жылы