Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 702 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14732 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.03.2020 № 212 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтердің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну қағидалары және мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жiберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрінің м.а.

      _______________ З.Баймолдина

      2017 жылғы 5 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы "___"___________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсан
№ 702 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы Есептік кезең: 20 _ жыл

      Индекс: 1-ЖТМШМ

      Кезеңділігі: жылсайын

      Ұсынатын адамдар тобы: Мәліметтерді мемлекеттік нотариаттық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар және жеке тұлғалардың мәмілелері және келісімдері бойынша жеке практикамен айналысатын нотариустар ұсынады

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне

      Ұсыну мерзімі: жылсайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынылады


р/с

Сатып алушы (жылжымайтын мүлік), алушы (ол бар болса) туралы мәліметтер

Шарттың немесе мәміленің тарапы болып табылатын тұлғаның БСН/ЖСН

Мәліметтер коды

Шарттың немесе мәміленің мәндік атауы (ол бар болса)

Нотариаттық іс -әрекеттерді тіркеу күні

Шарттың немесе мәміленің құны (ол бар болса), теңгемен

Кадастрлық нөмірі (ол бар болса)

Жеке тұлғаның ЖСН

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса)

А

В

С

D

E

F

G

H

I










      ___________________________________________________/____________________________

      Мәліметтер ұсынатын нотариустың (электрондық-цифрлық қолтаңбасы)

      Т.А.Ә. (ол бар болса)

      Орындаушының телефон нөмірі ___________________________________________________

      Мәліметтерді ұсынатын нотариустың адресі _________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсан
№ 702 бұйрығына
2-қосымша

Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

      1. Осы Жеке "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың мәмілелері және келісімдері бойынша нотариустардың мәліметтер беру мерзімін және тәртіптерін (бұдан әрі - Мәлімет) айқындайды:

      1) мемлекеттiк немесе өзге де тiркеуге жататын мүлiк, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер мемлекеттiк немесе өзге де тiркеуге жататын мүлiк туралы;

      2) егер мәмiледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерiнен асып кеткен жағдайда, осы тармақта көрсетiлмеген басқа да мәмiлелер және келісімдері туралы.

      2. Мәліметтерді мемлекеттік нотариаттық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар және жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша жеке практикамен айналысатын нотариустар (бұдан әрі – нотариустар) ұсынады.

      3. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық тәсілмен, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынылады. Есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.

      4. Мәліметтер осы бұйрықпен насыны бекітілген қосымша 1 бойынша ұсынылады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) А бағанында – жолдың реттік нөмірі, араб цифрлармен;

      2) В бағанында – жеке тұлғаның – ол бойынша мәліметтер ұсынылатын сатып алушының (жылжымайтын мүлікті), алушының (жұмыстар, қызмет көрсету) жеке сәйкестендіру нөмірі. Егер сатып алушылар бірнеше болған жағдайда, әрбір сатып алушы (жылжымайтын мүлікті), алушының (жұмыстар, қызмет көрсету) жеке жолмен көрсетіледі, бұл ретте А бағанындағы реттік нөмір мәмілеге қатысушылар санына байланыссыз өзгертілмей қалады;

      3) С бағанында – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      4) D бағанында – келісім немесе мәміле тарапы болып табылатын тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі. Егер тараптар бірнеше болған жағдайда, әрбір тарап бойынша деректер жеке жолмен көрсетіледі;

      5) E бағанында – Мәліметтер коды:

      001 – осы Қағиданың 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген;

      002 – осы Қағиданың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген;

      6) F бағанында – мәміленің және шарттың мәндік атауы (ол бар болса);

      7) G бағанында – F бағанда көрсетілген мәмілеге және шартқа қатысты нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу күні;

      8) H бағанында – F бағанда көрсетілген мәміленің және шарттың мәндік құны. Егер құн туралы деректер болмаған жағдайда, осы бағанда нөл көрсетіледі;

      9) I бағанында – F бағанда көрсетілген кадастрлық нөмір (ол бар болса);

      5. Мәліметтер нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады