Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 263 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14840 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________________ Д.Абаев

      2017 жылғы 27 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т.Сүлейменов

      2017 жылғы 25 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 263 қаулысымен
бекітілді

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары

      1. Осы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі (бұдан әрі – Кредиттік бюро туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылады.

      Өтінішті өтініш беруші қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.

      3. Өтінішке Кредиттік бюро туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.

      4. Өтініш беруші кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні алуға арналған құжаттарды ұсынған жағдайда және кредиттік бюро Кредиттік бюро туралы заңның 8-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өтініш берушіге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы акті беріледі.

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы шешім не дәлелді бас тарту Кредиттік бюро туралы заңның 9-бабының 2-тармағында көзделген мерзім шегінде беріледі.

      Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні уәкілетті органның комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) жасайды және тексерілетін кредиттік бюроның өкіліне қол қоюға жіберіледі. Егер комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіге қол қоймаса, онда ол өзінің бас тарту себептері туралы ақпаратты комиссияға жазбаша нысанда ұсынады, ол кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіге қоса беріледі.

      Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы акт комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған жағдайда жасалған болып саналады.

      Комиссия және оның құрамы туралы ереже уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      5. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні уәкілетті орган шектеусіз мерзімге береді.

      6. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруден бас тарту Кредиттік бюро туралы заңның 10-бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

_____________________________________________________________ -ға (уәкілетті органның толық атауы) _____________________________________________________________ -дан (өтініш берушінің толық атауы) Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы):

      __________________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, факсы)

      2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      туылған күні және жылы, байланыс телефондарының нөмірлері)

      3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары)

      туралы мәліметтер:

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      туылған күні және жылы: __________________________________________

      _________________________________________________________________;

      заңды тұлғалар үшін – толық атауы, мемлекеттік тіркеу

      (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жарғылық капиталының мөлшері:

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      4. Толық төленгенін растайтын құжаттардың: төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс

      ордерінің деректемелерін көрсете отырып, жарғылық капиталдың мөлшері

      (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды

      қоспағанда):_____________________________________

      _________________________________________________________________.

      5. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің

      нөмірі және күні (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды

      тұлғалар үшін): ________________________________

      _________________________________________________________________.

      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны: __________________________________

      _________________________________________________________________.

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін

      толығымен растайды.

      Өтініш беру үшін өтініш беруші уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса), лауазымы

      __________________________________________________________________

      _________________ (қолы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _____________

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және
үй-жайларға қойылатын
талаптарға кредиттік бюроның
сәйкестігі туралы актіні беру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының елтаңбасы Уәкілетті органның толық атауы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат

      Рұқсаттың нөмірі ____________                  Берілген күні 20__ жылғы "___" ___________

      ________________________________________________________________________________

      (кредиттік бюроның толық атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөр орны

      Алматы қаласы

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және
үй-жайларға қойылатын
талаптарға кредиттік бюроның
сәйкестігі туралы актіні беру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

________________________________________ (кредиттік бюроның атауы) кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді
қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы акт

      ________________________                              20__ жылғы "__" _________

      жасалған орны                                                      берілген күні

      Осы кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді

      қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-

      жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні мынадай

      құрамдағы комиссия жасады:

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге

      асыратын уәкілетті органның өкілдері:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Комиссияның жұмысына кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану

      жүйесі қатысушыларының өкілдері қатысады:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Комиссия тексерген объектілердің және зерделеген құжаттардың толық сипаты:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушысының

      өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Комиссияның кредиттік бюроның техникалық және өзге құжаттарын тексеруінен, оның

      техникалық үй-жайларын, электрондық-компьютерлік жабдығын, байланыс жүйелері мен

      қорғаныш құрылғыларын және кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану

      жүйесіндегі жұмысқа арналған өзге объектілерді тексеруінен мыналар анықталды:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      (қойылатын талаптарға сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) және ұйымның ақпараттық

      қызметтер нарығындағы қызметін бастау (жалғастыру) үшін жеткілікті болуы (жеткіліксіз

      болуы).

      Кредиттік бюроға комиссияның актісіне қоса берілген мынадай техникалық құжаттама

      және өзге құжаттар ұсынылды:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      Комиссия мүшелері:

      __________ ______________________________________________________

      (лауазымы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ______________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      __________ ______________________________________________________

      (лауазымы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ______________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      __________ ______________________________________________________

      (лауазымы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ______________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      Комиссия жетекшісі:

      _____________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 263 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Кредиттік бюроның қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5256 тіркелген, 2008 жылғы 1 тамызда "Заң газеті" газетінде № 116 (1342) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5478 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 24 (1447) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актілері тiзбесiнің 20-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Заң газеті" газетінде № 162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады