Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірі ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысының негізінде, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Новомариновка ауылының көшелері қайта аталсын:
№ 5 көшесі Жастар көшесіне;
№ 6 көшесі Шаңырақ көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С.Валитова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
Ж.Қалиякбарова |
2016 жылы "28".12.
"Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
М.Жанабаев |
2016 жылы "28".12.