Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 29.05.2020 № 6С-49/8-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-35/2-15 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4730 болып тіркелген, "Ереймен" аудандық газетінде 2015 жылдың 11 сәуірінде, "Ерейментау" аудандық газетінде 2015 жылдың 11 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын-үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.";
3 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтардың) өткен тоқсандағы табыстары мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығындары есепке алынады.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Н.Мандаев |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі |
Е.Нұғыманов |
"29" сәуір 2016 жыл