Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 6С-49/8-20 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 7872 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-35/2-15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4730 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-35/2-15 "Ерейментау ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 6С-3/4-16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5388 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ю.Адайкин
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
К.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады