РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік бақару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының үлгі ережеcін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғалжын ауданы әкімдігінің "Қорғалжын аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 15 маусымдағы № 99 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4872 тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі "Нұр-Қорғалжын" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қорғалжын аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
16 тармақтың 11), 13) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
"11) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;";
"13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;";
17 тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
17 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"4) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын ( тасымалданатын) обьектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сонда-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын аудан әкімінің орынбасары Б.Сембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Рыскелдінов |