РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 386, 444 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ш. Докаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Клюшников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сандықтау ауданының әкімі | А. Исмағамбетов |
2016 жылғы 20 мамырдағы
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаменттерінің Сандықтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекеме басшысының |
К. Батталов |
2016 жылғы 20 мамырдағы