Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5650 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 18/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 18/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386, 444 бабтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. "Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жоғарылату туралы" Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 тіркелген, 2016 жылы 24 маусымда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

      2016 жылғы 23 қарашадағы

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
Мемлекеттік кірістер
департаменттерінің Сандықтау
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
К.Батталов

      2016 жылғы 23 қарашадағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады