Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/3 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 18/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 6546 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 8/3 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5650 тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Белуха
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Исмағамбетов

      2018 жылғы 28 наурыз

      "Казақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Сандықтау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
К.Тайгунова

      2018 жылғы 28 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады