Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, Широков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сандықтау ауданы Широков ауылдық округінің Богородка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;
2) Центральная көшесі Орталық көшесіне;
3) Казахстанская көшесі Қазақстан көшесіне;
4) Парковая көшесі Саябақ көшесіне.
2. Сандықтау ауданы Широков ауылдық округінің Дорогинка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Речная көшесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіне;
2) Декабристер көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Широков ауылдық округінің әкімі | С.Казанков |