Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 5237 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 406-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
      А. ТУЛЕГЕНОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 шешімімен бектіліген

Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 05.06.2020 № 530 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 тіркелген, Жануарларды қарау қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісімен тікелей байланысты жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың барлық түрлері;

      2) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      4) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібі

      4. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 тіркелген) бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан қашықтықта орналасқан нысандар мен өндірістің қауіптілік класына байланысты арнайы жабдықталған (жабық) орындарда асырау керек.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.08.2022 № 147 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау барысында жеке аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орындарда асырауға жол беріледі.

      6. Қаланың, ауданның және ауылдық округтердің тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп пәтерлі тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауға жол берілмейді.

      7. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудың міндетті шарты аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.

      8. Барлық жағдайда ауыл шаруашылығының жануарлар иелері науқастанған жағдайда немесе ауру байқалған сәтте ветеринариялық мекемеге хабарласып, зерттеу нәтижелері бойынша маманның нұсқауын мүлтіксіз сақтауы қажет.

      9. Санитарлық, су қорғау аймақтарында, ауыл шаруашылығы жерлерінде, басқа да қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарда қараушысыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары, қараусыз болып есептеледі және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімімен айқындалған, уақытша асырау үшін арнайы жабдықталған орынға иесі анықталғанға дейін қамалуы тиіс.

      10. Егер жануарлардың меншік иесінің тұрған жерi белгiсiз болса, жануарларды ұстап алған адам осындай жануарларды ұстап алған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы меншiк иесiн iздестiру шараларын қабылдайтын, iшкi iстер органдарына немесе аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне мәлiмдейді.

      11. Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде, жануарлар, оларды ұстап алған адамның өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдырылуы, немесе арнайы жабдықталған орындарға уақытша тапсырылуы мүмкін.

      12. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда, олар коммуналдық меншiкке түседi.

      13. Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте, ұстап алынған қараусыз жануарларды иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабымен анықталады.

      14. Ауыл шаруашылығы және асыл тұқымды жануарларын молықтырумен, өсірумен, көбейтумен, асыраумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы бірдейлендіруді;

      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жануарларына уақытылы вакцина егуді және диагностикадан өткізуді;

      3) оның түріне, жасына және физиологиясына сәйкес жануарлардың денсаулығына, әл-ауқатына қамқорлықты және пайдалануды;

      4) айналадағы адамдардың және жануарлардың, сондай-ақ жануарлардың зиян келтіруінен мүліктің қауіпсіздігін;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларымен көлік жолдарының жанынан және одан өту кезінде олардың мінез-құлқын тікелей бақылау арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды;

      6) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

      15. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отыра, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруы;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды, өсiруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес жүзеге асыруы;

      3) қоршаған ортаның ластануына жол бермей, аумақты, мал шаруашылығы жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды, аумақтарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауы;

      4) асыраумен, өсірумен, пайдаланумен, өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, өңдеу және өткізумен, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдаумен (орнын ауыстыруға) байланысты, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауы;

      5) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы;

      өлген, бiрнеше ауыл шаруашылығы жануарлары бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауы және ауруға күдіктену кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін оқшаулап асырауға шаралар қабылдауы;

      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге кедергiсiз беруі;

      7) мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторлардың актілерін орындауы;

      8) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей ауыл шаруашылығы жануарларын өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуі;

      9) ауыл шаруашылығы жануарларын карантиндеуді жүргізуі қажет.

      16. Кеміргіштермен күрес бойынша алдын алу іс-шаралары кеміргіштердің жемшөп, тіршілік ету және көбею орындарына жетуіне кедергі келтіретін жағдайлар жасаудан тұрады.

      17. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар жойылады немесе зарарсыздандыру (көң, төсеніш материалдары, жемшөп қалдықтары), зарарсыздандырылған қалдықтарды (ветеринариялық конфискаттар, жануарларды сойғаннан қалған қалдықтар) мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастау, жемшөптік мақсаттарға кәдеге жарату немесе жағу арқылы кәдеге жарату нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/3076 "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      18. Ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжаттарсыз сатуға тыйым салынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын өткізу нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      19. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары және облыстың, қаланың және ауданның мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары осы Қағидалардың сақталуын бақылауды және шаралар қолдануды өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

      20. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, ауыл шаруашылығы жануарының иесі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

      21. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады