Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 08.06.2022 № 141 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қазақ тіліндегі шешімнің атауында және мәтінінде "жоғарылату", "жоғарылатылсын" сөздері "арттыру", "арттырылсын" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 263 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 05.03.2018 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 263 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).1. Ырғыз ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 25.12.2019 № 263 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
Н. САДЫҚОВ |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. ҚОСАЯҚОВ |