Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 24 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 наурызда № 8526-04 болып тіркелді

      Қарғалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 330 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі А. Джусибалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 24 қаулысына қосымша
  Қарғалы ауданының әкімдігінің
2016 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 330 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

№№

Лауазымдардың атауы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

2

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

2

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік қойылым бөлімі, концерттік зал, әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы)

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы

4

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

5

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

6

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

7

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ - мемлекеттік мекеме

      МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады