Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қарашада № 5140 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 03 қазандағы № 11-3/507 "Қаратоғай ауылдық округінің Қаратоғай ауылындағы ұсақ мүйізді малдарының шектеу шараларын алу туралы" ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3979 болып енгізілген, 2014 жылғы 31 шілдедегі "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қаратоғай ауылдық округінің әкімі М. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады