"Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 4866 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 22.05.2017 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 255 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4723 тіркелген, 2016 жылы 29 ақпандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы:
      7 тармақта:
      "1 маусым-Балаларды қорғау күні" сөздері "қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні" сөздерімен ауыстырылсын;
      11 тармақтың 8) тармақшасында:
      "1 маусым - Балаларды қорғау күніне" сөздері "қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күніне" сөздерімен ауыстырылсын;
      29 тармақтың екінші абзацындағы:
      "2001 жылғы 23 қаңтардағы" сөздері алып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы О. Уксакбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Бигеев
      ______________Б. Бисенғалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады