Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі "Іле ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 48-227 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 02 ақпандағы № 54-254 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 04 наурызда № 3743 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 27-134 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 04.05.2018 № 27-134 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 науырыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Іле аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі "Іле ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 48-227 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 13 қазандағы № 3480 тіркелген, аудандық "Іле таңы" газетінде 2015 жылдың 23 қазандағы № 45 (4528) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің кіріспесіндегі "387-бабының 1-1-тармағына" сөздері "386-бабының 5-тармағына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. "Іле ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы (келісім бойынша Е. М. Жунисов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р. Абилова
      Іле аудандық мәслихат
      хатшысы Е. Тұрымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады