Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 01.10.2019 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2945 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 ақпанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісімі бойынша), аудан әкімдері және "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің Жамбыл облыстық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Н. Джигитеков
"4" сәуір 2016 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы "31" "наурыз" № 96 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы бойынша карантиндік зиянкестермен залалданған ошақтардың аудандар мен ауылдық округтар кескініндегі тізімі
№ | Аудандар атауы | Ауылдық округтар атауы | Залалдану аумағы (гектар) |
Жемістің шығыс жемірі (Grapholita molesta (Busck)) | |||
1. | Меркі | Жамбыл | 23,0 |
Барлығы | 23,0 | ||
Калифорниялық қалқаншалы сымыр (Quadraspidiotus perniciosus Comst.) | |||
2. | Байзақ | Бурыл | 15,0 |
Мырзатай | 13,0 | ||
3. | Жамбыл | Ақбастау | 10,0 |
4. | Жуалы | Қарасаз | 19,0 |
5. | Қордай | Қарасай | 7,0 |
6. | Т.Рысқұлов | Құлан | 15,0 |
Көкдөнен | 8,0 | ||
Барлығы | 87,0 | ||
Жұпсыз жібек көбелек (Lymantria dispar L.(asian race).) | |||
7. | Меркі | Ақтоған | 7,0 |
Ақарал | 30,0 | ||
8. | Т. Рысқұлов | Жаңатұрмыс | 11,0 |
Барлығы | 48,0 | ||
Комсток сымыры (құрты) (Pseudococcus comstocki Kuw.) | |||
9. | Т. Рысқұлов | Жаңатұрмыс | 11,0 |
Барлығы | 11,0 | ||
Америкалық ақ көбелек (Hyphantria cunea Drury.) | |||
10. | Қордай | Қарасу | 23,0 |
Масаншы | 11,0 | ||
Жаңатұрмыс | 15,0 | ||
11. | Меркі | Андас Батыр | 36,0 |
Барлығы | 85,0 | ||
Барлығы облыс бойынша | 254,0 |